Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тотығу – тотықсыздану реакция теңдеулерін кұру
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын әдетте екі түрлі әдіс арқылы теңестіреді: электрондық баланс әдісі және жартылай реакция әдісі. Электрондық баланс әдісі. Электрондық баланс әдісі бойынша тотығу –тотықсыздану реақция теңдеулерін теңестіргенде келесі ережелер орындалуы қажет: берілген реакцияда тотықсыздандырғыштың барлық бөлшектері арқылы берілген электрондар саны, тотықтырғыштың барлық болшектері қосып алатын электрондар санына тең болады. Аталған әдіс бойынша тотығу-тотықсыздану реақцияларын теңестіру үшін бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің формулаларын білу, молекулалар мен иондардағы элементтердің тотығу дәрежелерін есептеп табуды үйреніп және әрекеттердің ретін қатаң ұстану қажет. Айтылғанды нақты мысалда қарастырайық. Калий сульфитін қышқыл ортада калий дихроматымен тотықтырудың реакция теңдеуі берілсін:
K2Cr2+6O7 + K2S+4O3 + H2SO4 → Cr2+3(SO4)3 + K2S+6O4 + H2O. Сонсын қосылыстардағы элементтердің тотығу және тотықсыздану үрдістерін шартты түрде жазып көрсетеді: тотықтырғыш Cr+6→ Cr+3 – тотықсызданған пішіні; (тотықсыздану үрдісі) тотықсыздандырғыш S+4 → S+6 тотыққан пішіні. (тотығу үрдісі)
2 Cr+6 + 6ē → 2 Cr+3 S+4 - 2ē → S+6. Әр-бір көрсетілген сызбадағы электрондар саны өзара теңескенде электрондық баланс орнайды. Тотықтырғыш молекуласы тотықсыздандырғыш молекуласынан 3 есе артық электрондар қосып алатыны белгілі. Сондықтан электрондық баланс сақталу үшін екінші үрдіс - тотығу үрдісі – біріншіден үш есе жылдам жүруі қажет. Бұны сызбаның оң жағындағы коэффициенттер түрінде көрсетеді:
2 Cr+6 + 6ē → 2 Cr+3 │1 S+4 - 2ē → S+6 │3
K2Cr2O7 + 3 K2SO3 + H2SO4 → Cr2(SO4)3 + 3 K2SO4 + H2O
K2Cr2O7 + 3 K2SO3 + H2SO4 → Cr2(SO4)3 + 3 K2SO4 + K2SO4 + H2O
K2Cr2O7 + 3 K2SO3 + 4 H2SO4 → Cr2(SO4)3 + 4 K2SO4 + H2O.
K2Cr2O7 + 3 K2SO3 + 4 H2SO4 → Cr2(SO4)3 + 4 K2SO4 + 4 H2O.
7 + 9 + 16 = 12 + 16 + 4 32 = 32 Теңестірілгеннен кейін реакция теңдеуіндегі бағытты теңдік белгісімен ауыстыруға болады: K2Cr2O7 + 3 K2SO3 + 4 H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 4 K2SO4 + 4 H2O. Жартылай реакциялар әдісі. Аталған әдісті ерітінділерде өтетін реакциялар үшін қолданады. Бұнда тотығу дәрежелерін анықтау мүмкіндігі қажет емес. Әдетте бұл әдіспен теңестіргенде реакция өнімдері белгісіз - олар теңестіру барысында пайда болады. Алайда әдісті дұрыс қолдану үшін ионды – молекулалық реакцияларды жазуды білу керек. Жоғарыдағы мысалды қарастырайық. Калий сульфитін калий дихроматымен тотықтыру реакциясындағы бастапқы заттарды ионды - молекулалық түрде жазып көрсетейік. Барлық күшті электролиттерді иондар түрінде жазу қажет: 2 K+ + Cr2O72- + 2 K+ + SO32- + H+ + HSO4- → … Қышқыл ортада дихромат-ион тотықсызданып, Cr3+ ионына ауысады, ал сульфит-ион тотығып сульфат-ионға айналады. Осы үрдістерді екі жартылай реакция түрінде жазып көрсетейік: Cr2O72- → Cr3+; SO32- → SO42-. Жартылай реакцияларды теңестіру мақсатында қосымша иондар мен орта молекуласын қолданады: әдетте сутек иондары (қышқыл ортада), гидроксид-иондар (сілтілік ортада) және су молекулалары (бейтарап ортада). Бірінші жартылай реакцияда сол жағында екі хром атомы, ал оң жағында - біреу. Оң жаққа 2 коэффициентін қою арқылы оларды теңестіреміз: Cr2O72- → 2 Cr3+; SO32- → SO42-. Екі жартылай реакцияларда хром мен күкірт атомдары теңестірілді, алайда оттегі атомдары саны әр түрлі. Оттектің қосымша атомдары жартылай реакцияға оң немесе сол жағына су молекулаларын қосу арқылы енгізіледі. Бірінші жартылай реакцияда оң жағында 7 оттегі атомы жетпейді, сондықтан жеті су молекуласын қосамыз. Екінші жартылай реакцияның сол жағында бір оттек атомы жетпейді, сондықтан сол жаққа бір су молекуласын қосамыз: Cr2O72- → 2 Cr3+ + 7 Н2О; SO32- + Н2О → SO42-. Енді екі жартылай реакцияларда да сутек атомдары пайда болды. Олардың санын теңдеудің екінші жағына сутек иондарының эквиваленттік санын қосу арқылы теңестіреді: Cr2O72- + 14 Н+→ 2 Cr3+ + 7 Н2О; SO32- + Н2О → SO42- + 2 Н+. Сонымен жартылай реакция теңдеулеріне қатысатын барлық элементтер теңесті. Бірінші жартылай реакцияның оң жағындағы барлық бөлшектер зарядтарының қосындысы 6+, ал сол жақтағы қосынды заряд 12+. Зарядтарды теңестіру үшін тендеудің сол жағына алты теріс зарядтарды электрондар түрінде (6ē) қосу керек. Осыған сәйкес, екінші жартылай реакцияда сол жағынан 2ē алу қажет. Екі жартылай реакция теңдеулерінде бағыттың орнына теңдік белгісін қоюға болады: Cr2O72- + 14 Н++ 6ē = 2 Cr3+ + 7 Н2О (тотықсыздану); SO32- + Н2О - 2ē = SO42- + 2 Н+ (тотығу). Берілген мысалда тотықсыздану үрдісі кезінде қосып алынған электрондар санының тотығу кезінде бөлінетін электрондар санына қатынасы 6:2 болады. Қосынды реакция теңдеуін алу үшін қатынасты ескеру кажет, тотықсыздану теңдеуін 2, ал тотығу теңдеуін 6 көбейту керек. Немесе берілген көбейткіштерді 2 қысқартсақ тотығу теңдеуін 1, ал тотықсыздану теңдеуін 3 көбейтеміз. Вертикаль сызықтың оң жағына осы көбейткіштер жазылады: Cr2O72- + 14 Н++ 6ē = 2 Cr3+ + 7 Н2О │1 SO32- + Н2О - 2ē = SO42- + 2 Н+ │3 Жартылай реакция теңдеулерінің барлық мүшелерін алынған коэффициенттерге көбейтіп, оң және сол жақтарын жеке қосатын болсақ, реакция теңдеуін ионды – молекулалық түрін аламыз: Cr2O72- + 14 Н++ 6ē = 2 Cr3+ + 7 Н2О 3 SO32- + 3 Н2О - 6ē = 3 SO42- + 6 Н+ Cr2O72- + 14Н++ 6ē + 3SO32- + 3Н2О - 6ē ═ 2 Cr3+ + 7 Н2О + 3 SO42- + 6Н+. Ұқсас мүшелерді қысқартамыз: Cr2O72- + 8 Н++ 3 SO32- ═ 2 Cr3+ + 4 Н2О + 3 SO42-. Алынған реакция теңдеуінің оң және сол жақтарына қажетті иондарды қосатын болсақ, молекулалық түрдегі тендеу шығады: Cr2O72- + 8 Н++ 3 SO32- ═ 2 Cr3+ + 4 Н2О + 3 SO42- + 2 K+ + 4 SO42- + 6 K+ = + 2 K+ + 4 SO42- + 6 K+ K2Cr2O7 + 3 K2SO3 + 4 H2SO4 → Cr2(SO4)3 + 4 K2SO4 + 4 H2O.
Date: 2015-11-13; view: 6828; Нарушение авторских прав |