Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зен аңғарының даму жолы және циклдігі





Жоғарыда өзен аңғарының дамуының екі сатысы көрсетілді. Алдыңғы жас сатысында түпкі эрозия басым, аңғар тар, тік бетті болды. Кейінгі толысқан сатысында өзен жайылмасы кеңейіп, оның көлденең қимасы жәшік пішіндес еді. Өзеннің эрозия базисі (теңіз, көл деңгейі)көтерілген немесе төмен құлдыраған шақта аңғар қайтадан жаңғырады да қайтадан табанын сойып, кеңи бастайды. Эрозия базисының өзгеруі жердің ішкі тектоникалық қозғалыстарына байланысты. Кейінгілер баяу болған кездерде бедер жазықтанып, аллювий шөгеді. Құрлық жоғары өрлесе немесе эрозия базисы ылдиласа соған бейімделіп, өзен қайтадан аңғарын жарып, жаңа бойлау қимасын түзе бастайды. Ол тепе- тңдік сызыққа жеткен соң қайтадан бүйір эрозия жанданып, аллювийжиналады. Осыдан келіп, гипсометрлік төмен бетте жаңа жайылма түзіледі; бұрынғы жайылма кемерден биік жазық алаң құрады. Осы циклдер бірнеше рет жаңарып тұрса, әр ретте саты-саты кемерленген жазық алаңдарпайда болады да, оларды аңғар террасалары дейді. Әр кезең ағынның өз табанын сойып, жыртуынан басталып, жаңа табан түзуімен аяқталады. Сөйтіп, аяғында аңғар көп кемерлермен бөлінген террасалардан құралады. Ең биік терраса- ең көнесі, төменгісі- ең жасы. Оларды төменнен жоғары қарай жайылмадан I,II, III, IV, тт. Террасалар деп нөмірлейді. (6.6- сурет).

 

 

Әр терраса мынандай бөлімдерден құралады: жазық алаңқай, оның кемері, кемердің жоғарғы қабағы (бровка), келесі жоғарғы кемермен алаңның тылдық қабысу сызығы (тыловая закраина). Әрбір кемер мен одан төменгі алаң эрозияның бір цикліне сай болады. Террасаның аллювий шөгінділерінің табаны түпкі тау жыныстарынан тұрады да оларды тұғыр (цоколь) деп атайды.

Тұғырының деңгейі мен аллювийдің қалыңдығына байланысты террасалар үш типке бөлінеді: эрозиялық немесе скульптуралық (А), аккумулятивтік (Б), тұғырлық немесе эрозия-аккумулятивтік аралас (6.7- сурет). Эрозиялық террасаның кемері де, алаңы да түпкі жыныстардан тұрады. Кейде алаң бетінде жұқа аллювий жатуы мүмкін. Мұндай құрылым өзеннің бастапқы даму сатысында- ақ тектоникалық режим кенет өзгеріп, алювий жөнді шөкпегенін көрсетеді. Аккумулятивтік террасада кемері де, алаңқайы да түгел алювий шөгінділерәнен құралады да ірге тұғыры өзен деңгейінен төмен жатады, яғни ол жер бетіне шықпайды. Мұндай құрылым жыныстарды өзен терең тілімдеп, жайылмасы тлық түзіліп, аллювий шөгіндісі қалың болғанын, ендеше даму жолында толық циклден өткенін дәлелдейді. Жайылмасы жырылып қалдығы терраса ретінде сақталған. Тұғырлы террасаның (В) іргесі түпкі жыныстардан, ал кемердің жоғарғы жағы мен алаңқайы аллювийден құралады. Ол құрылым кейінгі жырымдалу алғашқы акмумуляциядан артық түсіп, эрозия терең болғанын көрсетеді.

Аңғар террасаларының саны мен олардың типтерінің ара кездесуі жер қабығындағы қозғалыстарға байланысты. Олардың саны дүмпу жиі таулы аймақтардағы анғарларда көп болады – 7-10, одан да артық. Жазықтағы ірі өзендерде 2-3 терассалар түзіліп, олар көбінесе аккумулятивтік типке жатады.

Террасалардың абсолюттік және салыстырмалы биіктігі өзен бойлауында өзгеріп тұрады. Бұл жағдай екі түрлі болады: 1) эрозия базисі құлдыраса террасаның биіктігі ағыстан жоғарғы қарай аласарады; 2) өзеннің жоғарғы жағы көтерілсе төмен саласында терраса биіктігі аласа болады. Осы көрініс ұдайы көтеріліп жүрген Кавказ, Карпат, Альпі сияқты жас тау сілемдерінен байқалады.

Өзен сағасы жер бедерінде әр түрлі көрінеді. Олардың түзілуі ағын мөлшеріне, оның мезгіл сайын өзгеруіне, өзен шайындысының мөлшері мен құрамына, құятын бассейннің ащы-тұщылығына, теңіз деңгейінің тербелуіне, тектоникалық қозғалыстарға байланысты. Олардың ішіндегі ең бастысы- өзен тасыған шайындының мөлшері және жер қабығының қозғалыстарының қаркыны мен бағыты. Солардың ара қашықтығына байланысты өзен сағасының екі түрі- атырау не эстуарий пайда болады.

 







Date: 2015-11-13; view: 1735; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию