Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Көл-батпақтылардың геологиялық әрекеттері





Көл шұнқырлары өзен, еріген мұз, жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Кейбір Каспий, Арал сияқтылары бір кездегі теніздін калдық суымен толады.

Қөл суынын ащы-тұщылығы алдымен онын манындағы аймақтын климатына тікелей байланысты. Ылғалы мол, булануы шамалы өнірлерде көл апаны өзен, мұздық, атмосфера ылғалымен толады да минералдануы литріне 5 грамнан аз келеді. Шөлейт өлкелерде бұланудан судын минералдануы артып, көл суы ақшылтым (5—25 г/л), ащы (26—45 г/л), тіпті тұздық төрізді де болады. Мысалы, Эльтон көлінін тұз мөлшері бір литр суда 280 грамға, өлі тенізде 260—310 грамға жетеді.

Ащы көлдер тұз құрамына сай хлоридті, сульфатты, карбонатты түрлерге бөлінеді де шөгінділерінін бейімі соларға тығыз байланысты. Суда тұздармен қоса ағын сумен, желмен, жерасты суымен жеткен өр түрлі меха никалық косындылар — лай, құмайт, темірдін сулы тотықтары шөгеді. Тұщы көлдер мен батпақтарда балдырлар мен планктонды организмдер қалдықтарынан гумин қышқылды органогендік заттар шөгеді. Қөл шөгінділерінін бір түрі — климат маусымына карай пайда болатын өте жұқа (миллиметрлік не одан да жұқа) таспадай қаттасудын қалыптасуы (8.1-сурет). Жазда организмдер қауырт өсіп-өрбігі, шөгінді қабаттар солардын қалдық-тарына толады. Жазғытұрым жөне күз бойы түскен ылғал мол болатындықтан жеке қабаттарында ағып келген минералдық заттар басым келеді. Сол сияқты тұзды көл-дерде жаз бойы буланудан минералдануы артып, ас тұзы тұнады; күз бен қыста сульфаттар шөгеді. Содан екі қабатты бір жылға тенеп санай келе қазірде құрып кеткен, бірақ шөгінділері қалған келдін қанша жыл «өмір сүргенін» білуге болады.

Көл суынын қозғалу жайына байланысты оларды — ағынды жөне іркілген деп ажыратады. Ағынды көлдер көбінесе өзен анғарларында орын алады да өз ағыны өзен ағысына байланысты болады. Сонымен қатар жел көтерген толқын да суды олай-бұлай айдайды. Дегенмен кел толқынынын биіктігі (ендеше өсері) шамалы. Ірі көлдердін өр тұсынын булануынын айырмашылығына байланысты (мысалы, Балқаштын батыс жөне шығыс бөліктері) ағыс тууы мүмкін. Іркілген бассейндерде су тек бетінде ғана ауыткып, түп жағында қозғалмай тұрады. Содан келіп органикалық қалдықтар шіри бастайды, оттек жетпейді, күкіртсутек, кемір қышқыл сияқты газдар жиналады. Ақырында көл шөгіндісі көбінесе қара, сұр түске боялады.

Көлдін гидрологиялық өрекетінен жағалауы мен қайран түбі абразияға (латынша «абразия» — қырқу, қырнау, қыру) тап болады. Қырқылып, мүжілген үгінділер көл шұнқырларынын түбіне қарай шайыла келе біртіндеп шегеді. Бұл жөйт көлдін аумағына, суынын, қозғалу күшіне, құрамына, органикалық дүниесіне байланысты.

Көл абразиясы суынын толқын күшіне тәуелді. Неғұрлым бассейн аумақты болса, соғұрлым толкыны биік болады да онын жағаны кырқагын, бұзатын күші мол. Содан кейін толкын іліп алған кесектерді уатып, үгіп, қайрандар, жағажайлар түзеді. Әрине, көл абразиясы тенізбен салыстырғанда өлденеше есе баяу. Ағынды көлдердін табандарынын эрозиядан жырылуы да онша емес. Жағаларынын бүзылуына ондағы өсімдіктер тежеу көрсетеді.

өзен-жыралардан, жауын-шашынмен жөне жағанын бұзылуынан көлге түскен үгінділер өуел баста ірілігіне қарай іріктеледі де кейін толқын мен ағыс аркылы одан гөрі тасымалданып, бассейннін түбіне жайылады. Содан сон көлдегі органогендік жөне хемогендік заттармен қосылып, шөгіндіге айналады.


Шөгінділер. Кел шөгінділері лай-балшық басым, уақ келеді. Суы тұнық болуына байланысты өсімдіктер жапырақтарынын, бұталарынын, жөндіктер қабыршықтарынын танбалары өте жақсы сақталады. Көбінесе сұр түсті жыныстары өте жұқа, маусымды қаттарға белінеді, тек жағажайларында жінішке толқын пішінді, линза төрізді қабаттасу байқалады. Жиек қайрандары шөгінділері арасында мұз кристалдарынын (өрине, климаты маусымды жағдайда), жанбыр тамшыларынын, жағада жайылған жануарлардын іздерінін танбалары кездеседі.

Ү г і н д і ш ө г і н д і л е р ағынды келдерде, өзен сағасынын ойдымдарында жөне абразиясы мардымды ауқымды көлдерде басым кездеседі. Үгінділері ірі-уағына қарай жақсы іріктеледі. Ірі кесекті (малта, кұм) үгінділер езен сағаларынын алдында су астындағы атырауда жөне тік жар етегінде жінішке жағалық құмтіл ретінде шөгеді. Айдыннын барлык, тұсына құмайт, лай жайыла келе онын түбіне тұрақтайды. Егер көлге кұятын өзен-өзектер бірсыпыра болса, суы мол болған жағдайда терригенді шөгінділері де қалын үйіледі. Мысалы, Іле өзенінін сағасында Балқаш жиегінде құмды атырау қалыптасып, ол 1903—1929 жылдар арасында көлге қарай 20 километрге есті. Шөгінділерінен көл қайрандай бастайды.

Органогендік шөгінділер. Көл-батпақ суынын гидродинамикасы бчсен жөне тайыз болған жағдайда органикалық дүние өріс алады. Олар терендігіне байланысты бірнеше белдеуге бөлінеді. Тура жағада алдымен дақылдар, қияқ, өрі қарай қамыс пен құрғақ, терендеген сайын шалан, балдырлар жайлайды. Күз маусымында олардын барлығы құрап, су түбінде жүндей шудаланады. Лаймен қоса олар шымтезекке көшеді.

Суда қалқып жүрген балдырлармен бірге көл суынын бетінде бықыған планктон жөндіктер тіршілік етеді де олар да өлген сон, лаймен қосылып су түбіне батады. Анаэробты бактериялар онын қалдықтарын шірітіи, битумды заттарға айналдырады. Ақыр сонында сілікпедей сарғылт қоныр, алақанда май секілді жұмсақ с а п р о п е л ь (грекше «сапрос» — шірік, «пелес» — саз) бал-шық пайда болады. Сапропельдін органикалық құрамы: С — 52—60%, Н — 6—1%, N —4,8%. Ол пайдалы қазба. Қыздырып айырғанда сапропельден жанар газ, бензин, парафин, вазелин өндіріледі. Ол тері, буын ауруларына шипа, мал жеміне де қосады. Сапропель қабаты жұқа 1 —10- метрден аспайды. Қазақстан көлдерінде ол Балқаш көлінін онтүстік-ёатыс жиегінде, Алакөл шығанағында, Талдықорған облысындағы Қолдар көлінде бар. Диагенез сонында сапропельдер қою коныр түсті, тығыз, женіл, шыны сияқты қоныр көмірге, жанар тақтатасқа анналады.


Органогендік көл шөгінділері арасында қос жақтаулы, бауыраяқты моллюскалар қалдықтарынан құралған қабыршақ тастардын линзалары кездеседі. Кремний қабыршақты диатом балдырлардын қалдығынан борпылдақ, қуыс-кемікті, женіл, ақ, сұр түсті диатомит жынысы түзіледі.

Хемогенді шөгінділер. Көлдерде химиялық жолмен жаралатын шөгінділердін түр-түрі кеп. өзен не жерасты суларымен жеткен коллоид ерітінділерден темір жөне марганец тотықтарына бай лайлар тұнады да онда тотықтар диаметрі 1 —10 мм домалақ, бұршақ пішінді буындар құрайды. Егер олардын ішкі құрылысы тарынын қауызындай концентрлі қабыршықтардан тұрса оларды оолиттер (грекше «оон» — жұмыртқа) деп атайды. Тропикті белдеулердін көлдерінде осындай домалақша алюминий рудасы бокситтер тұнады.

Булануы кушті аридті климат кезінде өр түрлі тұздар — эвапориттер (ағылшынша — булану) шөгеді. Ерітіндісінін концентрациясы өскен сайын өуелі карбо-наттар (ізбестас, доломит, мергель) (8.2-сурет), сода — содан сон сульфаттар (мирабилит --- гипс— ангидрит— , ен артынан ас тұзы, магний хлориді шөгеді. Осындай тұзды көлдерді, өсіресе Қаспий манынан (Басқұншак, Індер, Ельтон) жаксы білеміз.

Қөл шөгінділерінін енеркөсіпте мацызы зор. Олардан өр түрлі тұздар, темір, марганец, боксит рудалары өндіріледі; сапропель, жанар тақтатастар, диатомиттер қазылып алынады.

Батпақ шөгінділері арасында шымтезек пен көмір жаралады. Көмір өдетте оттек жетпейтін теренірек қабатта үстін басқан жыныстар қысымымен көтерінкі температура жағдайында пайда болады. Сонда өсімдік клеткасында (С5НІООS) оттек пен көміртек біртіндеп сығылып, көміртек көбейе бастайды. Осыны «көмірлену» (углефикация) дейді. Сөйтіп, басында қоныр кемір (67— 78% С, 5% Н2, 17% О2), сосын тасқемір (75—97% С, 2—3% Н2, 2—3% О2) түзіледі. Метаморфизмі артқан сайын олардын қызу шығаруы да арта түседі.


Жерасты суы деп топырақ пен тау жыныстарына сіңген суды, ылғалды айтамыз. Ол өзен-көл, теніз, атмосфера ылғалдарымен тығыз байланысып гидросферсераға кіреді де су айналмасынын, бір бөлігі болады. Жерасты суын, онын пайда болуын, өр түрлі өзгерісін, өсерін геологиянын бір саласы — гидрогеология зерттейді.

Жерасты суынын калыптасуы, онын ағыс жылдамдығы тау жыныстарынын су өткізгіштік қасиетіне байланысты. Жыныстын су сініргіш қасиеті фильтрация (сүзгілік) коэффициентімен белгіленеді. Олай деп жер асты ағынынын енкіштігі 45° шақта тау жыныстарынан ату жылдамдығын атайды. өлшемі л/с. Су өткізгіштігіне байланысты барлық тау жыныстарын үш топқа бөледі: 1) су сініргіш — құм, қиыршықтас, малта тас, жарықшақ құмтас, конгломераттар т. б.; 2) шала сініргіш — құмайт, лёсс, шымтезек т. б.; 3) су сінбейтін немесе су таяныш — саз, балшық, жарықсыз кристалды жыныстар.

Қопсық түйіршікті жыныстардын (құм, қиыршық, малтатас) су сініргіштігі олардын түйіршіктері мен кеуектілігіне байланысты. Түйіршіктері ірі болған сайын су жақсы сінеді. Мысалы, тәулік сайын малтатастан су 100 метрге, киыршык тастан 15—20 метрге, құмнап 1 — 5 метрге дейін сінеді. Түйіршіктері майда болса олардын арасындағы санылау кішірейіп, су сінбей қалады.

Борпылдақ жыныстардын кұрамымен олардын ылғал сыйымдылығы байланысты. Бұлай деп жыныстын суды сініріп, оны өз бойында үстап қалу қабілетін айтады.

Егер жерасты суы жыныстын ішкі кеуек-санылауы мен жылжитын болса, оны кеуек суы дейді, жарықшақтарын бойлап ақса — жарықшақ суы, жыныстағы қуыс, жыралармен ақса —карст суы деп атайды.







Date: 2015-11-13; view: 1935; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию