Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Атырау (дельта)
Таудан аққан тас бұлақ қанша шабан болса да, құймай қоймас теңізге...» Теңізге құйған кезде ағысы кенеттен баяулайды да ағызып жеткізген лай-құмы теңіздің түбіне шөгеді. Содан соң су астыңғы ысырынды конусты түзеді. Ол ұлғая келе қайырланып, су бетіне шығады. Оның порымы сүйір бұрышы өзен жақта орналасқан үшбұрыш, яғни гректің дельта() әрпі пішіндесболады. Құйған теңізі тайыз, ағынсыз, шалқу- қайту шамасы аз болса жағалау тұсы арнадан щөккен шөгіндіге тлдады да ағынға бөгет болады. Сонда ағын су өзіне жол іздеп көптеген сулаттарға бөлінеді. Тарамдалған арналар арасында жалпақ құм аралдар қалады. Осының бәрін жинастырып атырау (дельта) дейді. Арна тараптары өзі тасымалдаған шөгінділерге көміліп тайыздалады, жеке-деке шалшық-батпақтарға айналып, құриды. Әр жазғытұрымғы тасқын кезінде атырау пішінін өзгертіп, кеңиді, өрлей, теңізге қарай өсе түседі. Атыраудың аумағы әр түрлі. Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің сағасы бірігіп кетіп атырауының ұзындығы 1000 километрге, табанындағы ені 300-400 километрге жетеді. Лена өзенінің атырауы-28000 км2, Еділдің атырауы-19000км2 шамасында. Атыраудың теңізге және екі бүйіріне қарай өсу жылдамдығы да әр түрлі. Еділ өзенінің атырауы бөгеттер салынбай тұрғанда жылына 170 метрге өсетін (6.8-сурет). Ағыстың эрозия базисі болғандықтан атырау шөгінділері көбінесе майда құмнан, құмайттан тұрады. Көл батпақтарында олар өсімдіктер қалдығына байып, кейде шымтезектер пайда болады. Олар теңіз шалқыған кезде оның шөгінділері мен қабаттаса, жанаса кездеседі. Кейде атырау құмдарын жел көтеріп, бетінде эол жинақтары түзіледі. Теңіз түбінде құмды жыныстармен бірге өзен ертіндісінен темір, алюминий, марганецтың колоидтары шөгінді. Қосылған ащы теңіз суының әсерінен олар тез коагуляцияланады (латынша: ұю). Эстуарий (латынша теңізге көмілген жағалау, қолтық) деп өзен сағасын бойлап кірген ұзын шығанақтарды айтады. Олар теңіз суының жағада шалқуынан пайда болады. Теңіз шалқыған кезде суы арнаны бойлап, алысқа ұмтылады да қайтқан кезде суымен қоса күшті ағыстап теңізге ағады.Сонда ағынмен бірге көшкен құм-лайды теңіздің жағалау ағысы қағып әкетеді. Теңіз денгейі көтерілсе немесе саға арнасы төмен құлдиласа да оны теңіз басады – эстуарий түзіледі. Осылайша ері төмен түскеннен Обь пен Енисай сағалары (оларды жергілікті тұрғындар «жырық» - губа дейді) жаралған. Енисай өзенінің арнасы Қара теңіздің түбінде 100 м тереңге шейін созылуы осыған дәлел. Қара, Азов теңізінің жағалауындағы Днепр, Дон, Буг өзендерінің теңіз суы толған осындай қолтықтарын лиман (грекше «лимнэ» - шығанақ) деп аатайды. Лимандар бойынша шайындыдан құм қылталар түзіліп, олар өзен суының ағысына тосқауыл болады.
Date: 2015-11-13; view: 1291; Нарушение авторских прав |