Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Желдің геологиялық әрекеті. Ежелгі гректер жел құдіретін Эол деп атаған, сондықтан желдің геологиялық жұмысын эол әсері дейді.Ол
Ежелгі гректер жел құдіретін Эол деп атаған, сондықтан желдің геологиялық жұмысын эол әсері дейді.Ол ысқырған ауа толқынның тау жыныстарына көрсеткен күш қимылына байланысты. Содан жыныстар бұзылады, үгіледі, құз беттері мүжіліп, тегістеліп, қашаланады. Пайда болған үгінді желмен көтеріліп, бір жерден келесі жерге ауып көшеді де жел басыла келе жер бетіне үйіледі. Эолдық әсер желдің тұрпаты мен жылдамдығына бағынышты. Ауа массасы көбінесе жердің бетін жағалай жердің бетін жағалай соғады. Жел күші мен «қылығы» ақылға симайды деседе болады. Бірнеше қызық мысалдар айта кетейік. Құйын тұрғанда ол тауықтардың жүнін, жастықтын тысын көзді ашып жұмғанша жұлып әкетеді., орманды, үйді құлатып, көліктерді аударып кетеді. 1904 жылы Мәскеу қаласының үстінен өткен құйын бірнеше секунд арасында өзеннің 120000 тонна суын қылқып алып өзен түбі сәл шақ құрғап қалады..1953 жылы тамыз айында Ростов қаласының үстінен өткен құйын ғасырлар бойы аман тұрған Кремльдің төбесін қиратып, маңындағы Нерокөлінің 10 млн тонна суын «жұтып» кеткен. Құйын өзі сорып алған құм, шаңмен қоса барлық затттарды 10-130м/с жылдамдықпен көтеріп әкетіп, оларды ондаған километр алысқа тастайды. Содан соң көмбеден аршылған теңгелер, судан сорылған балықтар мен бақалар, қираған асханадан «қымқырылған» шұжықтар (Австралия, 1989 жылғы ақпан) аспаннан жерге жауып таңқалдырды. Тозаң құрамына қарай дауыл қара, қоңыр, сырғылт, қызыл,қала берсе ақ та болады.1992 жылы Жамбыл облысының Байқадам ауылынан аспаннан қызыл шаң жауған. Кейбір дауылды жер үнемі бір бағытта, бірмезгілде соғады. Мысалы, Сахарада туатын хамсин солтүстік бағытта тура 50 күн үрлейді. Онтүстік Ауған шөлінен теріскейге соғатын «ауған» желі 40 тәулік ішінде 1-3 күн аялдамамен гуілдейді. Ебі дүлей желі Жоңғар қақпасын бойлап, оңтүстік-шығыстан солтүстік басысқа қарай 3-7 тәулікке шейін соғады: жалпы алғанда 70-100 күнге созылып, жылдамдығы 60-80 м/с жетеді.Ебі қазан- ақпан айында нығайып жаз бойы саябырлайды. Ебі желі туралы ғылыми енбекті Шоқан Уәлиханов жазды. Жел күші жазықтан гөрі биіктікке күшті, ендеше оның әрекеті туралы жерде айқын көзге түседі. Жел әрекеті әсіресе құрғақ климатты, тәуліктік, маусымды температуралы ауытқымалы аймақтарда күшті, сондай ақ өсімдігі селдір, ендеше жыныс беті ашық жерлерде қаттты келеді. Ондай өлкелер - шөл дала, тау басы, теңіз жағалауы. Ауа ағысына шарпылған үгінділер ерте ме кешпе әйтеуір бір мезгілде жер бетіне түсіп, үйіледі. Желдің геологиялық жұмысы мынадай үрдістерге бөлінеді: 1)тау жыныстарының бұзылып-мүжілуі (дефляция мен коррозия); 2) үгілген затты көтеріпәкетіп көшіру; 3) эолдық аккумуляция – үгіндіні үгіп шөгіндіру. Date: 2015-11-13; view: 1426; Нарушение авторских прав |