Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тасымалдау және эолдық аккумуляция





Тасымалдау. Жер бетінде ұсақ суылмалы тозаң,шаң құмды жел үрлеп көтереді де оны бүкіл жер жүзінде тасымалдайды. Мысалы 1883 жылы Индонезиядвағы Крокатау жанартауы атқылағанда оның күлі үш жыл бойында жерді екі рет айналып,аспанда ұшып жүген.Тасмалдау жолының алыс-қашықтығы үгінді түйірінің көлемінде (ауырлығына), олардың пішініне, сондай жел күшіне байланысты.Жел қаншалық жылдам ессе оның тасымалдау әрекеті соғұрлым басым: 3-4 балды жел (жылдамдығы 4,5-6,5 м/с)шаң тозанды көтереді 5-7 бал (9,5-15,5 м/с) болса, құм ұшады; 8 балды жел (19,0м/с) қиыршық тастарды көтереді.Ірілеу кесектеу де қиын,даулы кезінде жер бетінен көтеріліп бірнеше метр жерге аунап, домалап отырады.Эол тасымалдаудың басты құрамы құм үгінділер.Олар көбінесе жербетінен 3-4 метр биіктікке ұшады. Сода құм бөлшектер бір-бірімен соғылысып, қақтығысып, гуілдеген дыбыс шығады, сондықтан құм сынып, қырналып, тегістеліп жалтырайды. Кварц түйіршіктері ең бір қаттысы болғандықтан эол құмы құрамынан негізгі бөлщегі содан тұрады.

Құм, тозанның қаншалық алысқа жететінің көрсететін бір-екі мысал келтірейік Ауған шөлдерінен ұшқан шаң біздің Қарақұмға жетіп шөгеді. Қарабұғаз шығанағын су алған түбінен көтерілгентұзды тозаң Каспий теңізін басып өтіп, Әзірбайжанның бау-бақшаларын «тұздаған»көрінеді.

Желмен көшкен құм мен шаннның мөлшері өте мол. Сахара шөлінен Жерорта теңізі жағалауына жыл сайын 4млн тонна шаң қонады. Құрлықтан тек қана мұхит бетіне түскен эол шаң-тозаңының бір жылғы мөлшері 1,6 млрд тоннадан астам көрінеді.Арал теңізінің табанынан қазірде жыл сайын 7 млн тонна тұз ұшатын болыпты.

Эол аккумуляциясы(шөгінділер). Жел айдаған үгінділер алғашқы орнынан алыстаған сайын әуел құмды, содаң соң құмдақ, одан әрі тозаң үстінде жер беіне шөгеді.Теңіз өзен жағалауларынан құм шөгінділерін көтеріп, олар әр түрлі жал жал қылқалар түзеді.

Эол шөгінділерінің түстері әр үрлі, дегенмен сарғылт, сұр түстері басым келеді. Шөгінділеріүнемі қиғаш бағыттта қабатталады да желдің үрлеген бағытына еңкішіне едәуір тіркеу (30º) құлайды. Шөгінділердің үйілу жылдамдығы да едәуір. Құм жиектегі кеменің палубасына 60 жылда 1,7 м құм шөккен. Кейде бір тәуілікте 3 см құм үйіледі.

Шаң-тозаң шөгінділеріген лесс жаралады. Ол сарғыл түтсті, жұмсақ, көбікше-кеуек, негізінде кварц және басқа силикатты минералдардың тозаңынан түзілген жыныс. Құрамына 5-6 % кальцит кіреді де ол пішіні әр түрлі өзгеше конкрециялар құрайды. Лесстерде қабатттану байқалмайды,бұзылған шақта лесс жынысы тік жарларға бөлшенектенеді. Лестер көбінесе бас қарлы тау етектерінде кездеседі және Украинадан бастап Орта Азия Кавказ Сырты, Ауған жерін басып, Оңтүстік Қытайға шейінгі далалық белдеуде жиналған. Қалыңдығы 100 метрге жетеді. Осы лес шөгінділерінің жаралу жолын академик А.В.Обручев былайша түсіндіреді. Төрттік кезеңінде Еуразия материгінің теріскейін қалың мұз жауып оның алдыңғы тұсында шөл дала орын алған. Мұз үстінен үнемі суық жел соғып, ол мұздай үйінділерден майда үгінділерді айдап апарып, оңтүстіктегі шөл далаға шөктірген.







Date: 2015-11-13; view: 1527; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию