Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Таужыныстарының үгілуі
Таужыныстарының үгілуі (морылуы) деп ауаның, су мен тірі организм-дердің әсер ету нәтижесінде жер бетіндегі минералдар мен таужыныстарының бұзылып ыдырауын айтады. Таужыныстарының үгілу қарқындылығы оның әр түрлі физика-механикалық касиеттеріне және химиялық төзімділігіне байланысты. Таужыныстардың негізгі қасиеттеріне олардың беріктілігі, түсі, еру қасиеті, қат-қабаттылығы және тағы басқа қасиеттері жатады. Таужыныстарының беріктілігі олардың механикалық әсеріне төзімділік көрсетуі, мысалы, біртұтас қатты порфирит немесе кварцитке ұқсас жұмырланған магмалық таужыныстар баяу, бәсең үгіліп, жер бетінде дөңес бедерлерді құрайды, ал икемді, жұмсақ таужыныстар керісінше сыртқы, экзогендік әсерінен жылдам бұзылып шайылып кетіп жер бетінің ойыс пішіндерін түзеді. Түсі ақшыл таужыныстар күн сәулесін шағылтады, ал қара түсті таужыныстары күн сәулесін өзіне тартып, көбірек қызып, өз аумағын ұлғайтып жылдам үгіледі. Бұған мысал үшін гранитті алайық. Ол өзінің беріктілігіне қарамастан шөлді аймақтарда тез үгіледі, себебі оны құрайтын минералдар әр түсті болады. Әр минералдың түсі әр түрлі болғандықтан олардың күн сәулесін қабылдау қасиеті де біркелкі болмайды, ұлғаю коэффициенті де әр түрлі. Сонда жылыну мен суыну кезі алмасқан кезде бірнеше минералдардан құралған тұтас гранит тастар босап үгіле бастайды. Осы гранит тастарды құрайтын қызғылт дала шпат минералы химиялық ыдырау нәтижесінде сазды топыраққа айналып, кварц түйірлері кейін борпылдақ құм түйірлеріне ауысады. Табиғат факторларына байланысты үгілудің үш түрі бар. Олар: физикалық, химиялық және органикалық. Физикалық (механикалық) үгілуге температураның өзгеруі, таужыныстарының жарықшақтарында судың қатуы мен еруі, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті, булану, су құрамындағы тұздардың кристалдану процестері жатады. Физикалық үгілу барысында таужыныстарының кесек тастары температураның күрт өзгеруіне байланысты көлемін бірде үлкейтіп, бірде кішірейтіп тұратындықтан шытынап сынады. Мұндай жағдайлар шөлді аймақтарда және биік таулы өлкелерде жиі кездеседі. Әсіресе күн мен түннің ауысуына байланысты ауа температурасының тәуліктік ауытқуынан таужыныстарының күндіз қатты қызып, түнде сууының зор маңызы бар. Температура жоғарылаған сайын таужыныстарының сыртқы бөлігі күн сәулесінен, ішкі бөліктерінен гөрі молырақ қызып, көлемі ұлғаяды олар да нәтижесінде жарылып бұзылады. Таужыныстарының жылу өткізгіштігі біршама төмен болғандықтан олардың сыртқы қабаттары қабыршақтанып, ішкі массадан бөліне бастайды. Ал, температура төмендеуінен таужыныстарының сыртқы қабаттары ішкі қабаттарға қарағанда жылдамырақ суиды. Сөйтіп, алма-кезек жылыну мен суыну себебінен тіпті ең төзімді, берік таужыныстарының өзін бұзып ыдыратады. Таужыныстарының механикалық ыдырау нәтижесінде олардың ауамен, сумен шектесуі әлдеқайда арта түсіп, химиялық үгілудің дамуын жеңілдете түседі. Су және әр түрлі еріткіштер әрекетінен таужыныстары еріп, сілтілену (выщелачивание) гидратация (су жұту), дегидратация (судан арылу), гидролиз құбылыстарын тудырады да оттегі тотығуды күшейтеді, көмір қышқыл газы судың химиялық белсенділігін және сутегі иондарының шоғырлануын арттырады. Химиялық үрдіс нәтижесінде жаңа минералдар пайда болады. Мысалы, дала шпаттары мен слюдалар каолинитке, гидрослюдаларға айналады, ал ерітіндіге түскең заттар шайылып кетеді. Физикалық және химиялық үгілулер бір мезгілде өтеді, бірақ нақты физикалық-географиялық жағдайларға байланысты біреуі екіншісінен басым болады. Қуаңшылықты, биік таулы, полярлық аймақтарда физикалық және механикалық үгілу басымдау, ал қоңыржай белдемдерде немесе ылғалды, субтропиктік белдеулерде химиялык үгілу басым. Химиялык құбылысқа көбірек ұшырайтындар: әктастар, доломиттер, тас тұздар, гипстер және тағы басқа карбонатты таужыныстары. Бұлар жеңіл еріп, сумен ерітіндіге шығады. Нәтижесінде жер бетінде әр түрлі қуыс бедер пішіндері пайда болады, мысалы үнгірлер, карстық шұңқырлар, құдықтар және т.б. Органикалық үгілуде механикалық және биохимиялық әрекеттер арқылы таужыныстарының бұзылуы. Механикалық бұзуды өсімдіктер өздерінің тамыр жүйесі арқылы атқарады. Ағаштардың тамыры тіпті берік қатты түпкі таужыныстарының өзін сындырып едәуір бөлшектеп жібереді. Мысалы, өсімдіктердің тамыры қаланың көшелеріндегі бетон, тақталарны немесе асфальт қабатын тесіп өтетіні баршамызға аян. Механикалық әрекеттен басқа органикалық үгілу өсімдіктердің, жануарлардың, микроағзалардің, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, балдырлардың, қыналардың, мүктердің биохимиялық әрекеттеріне тығыз байланысты. Олар өздерінің тіршілік етуі үшін, не болмаса өзі солғаннан соң бойынан көптеген көмірқышқыл газдарын және органикалық қышқылдарды шығарып таужыныстарын бөлшектеуге және ыдырау үшін едәуір әрекет жасайды. Сөйтіп, химиялық және биохимиялық ыдырау процестері тоқталмастан өте береді. Үгілген таужыныстарының көп бөлігі ешқашанда өз орнында қалмайды, тасымалдау агенттері арқылы (салмақ күші, ағын сулар, жел күші, мұздық әрекеті) бедердің төменгі ойпат аймақтарына және мұхиттарға барып шөгеді. Үгілу және үгіліске ұшыраған бөлшек заттардың тасымалдануының және шөгіуінің жинақтық процестерін денудация (лат. denudatio - ашылу) деп атайды. Басқаша айтқанда, денудация - бұл таужыныстарының бұзылуы, үгілуі және пайда болған үгінділердің көтеріңкі аймақтардан салмақ күші су, жел, мұздық әрекетінен сырғып, ойыс өңірлерге шөгуі. Үгілу нәтижесінде жер бетінде бір жағынан минералдық массалар өзгеріп орнынан ауысып тұрса, екінші жағынан шайылу әрекетінен төменде жатқан түпкі таужыныстар үнемі жер бетіне ашылып шығып, үгілу процесі одан әрі терендей түседі. Сөйтіп жер беті ұдайы жаңарып, құрлықтың көтеріңкі аймақтары төмендейді, таулар бұзылып құлдырап жазыққа айналады, бедердің бір түрі жойылып басқа түрлер пайда болады. Ақырында жер бетінің кедір-бұдыры тегістеліп денудациялық жазықтықтар (пенеплен) қалыптасады. Date: 2015-11-13; view: 4770; Нарушение авторских прав |