Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер сілкінуінуінің жер бетіндегі тараған аймақтары





Жер сілкінулер жер бетіне біркелкі тарамайтыны адамға әлдеқашан белгілі. Жер сілкінулер құрлықта көбінссе таулы аймақтарда орын алған.

Жер сілкінулерінің эпицентрлерін картаға түсіргенде олардың екі белдеуде тарайтынын көреміз (15.5-сурет). Бірінші белдеу Тынық мұхиттың барлық жағаларының құрсауын алып жатыр. Сондықтан оны Тынық мұхит Шығыршығы деп атайды. Екінші Альпі — Гималай бел деуі. Жерорта теңізінің батыс шетінен басталып, Шығыс Азияға шейін жетеді. Кейінгі тұста бұл белдеу Индонезия аймағында Тынық мұхит шеңберімен түйіседі.

Тынық мұхит шығыршығында әсіресе құрлық шегіндегі терен, науаларды бойлап аралдар доғасына (батысында) немесе Америка материктерініқ астына қарай құлаған өте терең тектоникалық жарықшақтар көзге түседі. Ол жарықшақтарды солардың бойымен тараған терең, сейсмофокалды жер сілкіну ошақтарынан білеміз. Осындай терең және еңкіш тараған сейсмоактивті жарықшақтарды 1938 жылы Жапон сейсмологы К. Вадати анықтады. 1946 жылы академик А.Н. Заварицкий осы жарықшақтардың бетінде Тынық мұхиттың «отты сақинасы» деп аталған жанартау белдеуі орын тепкенін көрсетті. Кейінірек (1949 ж.) сейсмофокалды белдеулерді американ сейсмологы X. Беньоф толық сипаттағаннан кейін олар көпшілік қауымға әбден таныс болды. Бұларды қазір осы ғалымдардың құрметіне Вадати-Беньоф-Заварицкий белдеуі деп атайды.

Тынық мұхит шектерінен бөлек осындай сейсмофокалды белдеу тереңдігі 60 км, Үнді мұхитындағы Малай архипелагын шектеген Зонд науасының түбін бойлайды.

Афро-Еуразия белдеуінде таяз фокусты жер сілкінулер орын алған. Олар әсіресе Аппенин түбегінің онтүстік шеті мен Крит аралында, оңтүстікке иілген аралдар доғасында байқалып, белдеуде күшті жанартауизм пайда болған. Одан шығыска қарай сейсмофокалды белдеудің жағасьш Араб теңізінің теріскей жағалауынан Гинду-куш, Памир, Гималай жоталарынан көреміз. Гималай жотасынан белдеу жоғарыда аталған Зонд (Малай) белдеуімен тұтасады. Алдыңғы өлкеде өзгеше түрдегі Беньоф-Заварицкий зоналарының бөлшектері бар: Гибралтар доғасы (ошағы 650 км теренде), Тиррен теңізін-ае (тереңдігі 450 км), Қарпат иінінде, Қырым түбеінің оңтүстік жағалауында, Қавказ тауының оңтүстік дығыс бөліктерінде (фокусы 150 км тереңде), Арменияда. Осылардың барлығын бұдан 40 млн жыл бұрын басқан Тетис теңізінің түбіндегі ірі және тұтас сейсмофосалды белдеудің үзінді қалдықтары деп ұйғарған жөн. Кейін теріскейдегі Еуразия, Оңтүстіктегі Африка, Арабия, нді материктік тақталары біріне-бірі қарсы бағытта қылжып келіп соқтығысқанда әрқайсысының шектері карылып, сеқ соққандай бірі жоғары әршіп, біреуі асына сүңгіп, сейсмоактивті белдеу құрған.

Жердің, сипатталған негізгі екі белдеуінен басқа сейсмогенді белдеу бүкіл мұхиттың орталық жоталарының, қырқасын бойлайды. Бірақ мұнда жер сілкіну ете жиі байқалғанымен олар тайыз (ошағының тереңдігі 10 километрден аспайды), күші де шамалы.

Жер қабығының керіліп, материктерде рифті жүйелер пайда болған аймақтарда да жер сілкіну байқалады, Олардың ең белгілілері — Байқал, Шығыс Африка", Шығыс Қытай рифт жүйелері. Мүнда жер сілкіну күшті, кейде зор апатты болады.

Бұрынғы ҚСРО аймағының оңтүстік шетіндегі барлық таулы өлкелерде — Карпат, Қырым, Қавказ, Орта Азия, Алтай, Саян, Байқал маңдары — жер сілкінеді. Әсіресе жер сілкінуі «тығылған сандық» аталған Памир өлкесінің жайы ұнамсыз. Тынық мұхит белдеуіне Камчатка түбегі, Курил, Сахалин аралдары кіреді. 7-—10 балды жер сілкіну қаупі Қишинев, Ялта, Тбилиси, Ереван, Ашғабат, Душанбе, Ташкент, Бішкек, Алматы, Иркутск, Камчаткадағы Петропавловск сияқты ірі қалалардың астынан аңдып тұр. Сондықтан да еліміздегі айтылған аймақтарда жер сілкінуін болжау, оның алдын алу, оған төтеп берерлік құрылыс салу мәселелеріне нақтылы көңіл аударылады.







Date: 2015-11-13; view: 1528; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию