Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер сілкінуін болжау мен оған қарсы тұрарлық құрылыс салу. Техногендік жер сілкіну





Жер сілкінуді болжау мақсаты — оның болатын орнын, күшін, мезгілін күн ілгері біліп, елге алдын ала хабарлау. Орны мен күшін анықтау оншалық қиынға соқпайды, ал мезгілін болжау қиын, әзірге шешімі табылмай тұрған күрделі мәселе. Жерасты түнегінің қимылы бұлыңғыр. Оның үстіне сілкіну сиқы да әр түрлі, ол ондаған, жүздеген жылдар бойы астыртын дайындалып келіп, төбеден ұрған жайдай қапылыста соғады.

Алдымен дүмпу бұрын жер сілкіну болған жерлерде қайталанады, оның үстіне өткен кездегі сілкіну неғұрлым күшті және жиі болса, соғұрлым келешекте де осы аудандар қауіпті деп саналады. Сілкіну ошағы әрдайым кейінгі геологиялық дәуірлерде және қазіргі мерзімдерде де қозғалуға әзір тектоникалық жарықшақтарды бойлап отырады. Әсіресе, олардың екі қанаты, кереғар бағытта ығысқан, бірнеше жарықтардың түйіскен ұштары қауіпті деп саналады. Сонымен алдағы жер сілкінуді болжау үшін сейсмологиялық жайлармен қоса геологиялық, өте-мөте тектоникалық нышандарды ескеру керек. Осы параметрлермен қоса дүмпу кезінде ғана босанатын булығу өз энергиясын ғасырлар бойы жинайды. Ендеше, жер сілкіну әжептәуір мезгіл еткеннен кейін ғана қайталанады. Оны тіркеп, статикалық жолмен есептейді. Кейінгі тәсілден білетініміз, орасан зор жер сілкіну әрбір жүз жылда бір қайталанатын көрінеді. Әр аймақтың жер сілкіну күші мен қайталануын тіркеп, аймақтың сейсмикалық жайының картасы жасалады. Онда бір жыл арасындағы күші бір класқа жататын дүмпулердің жиілік санын көрсетеді. Тектоникалық жарықтың бұрын дүмпу байқалмаған тұстары ең қауіпті деп саналады. Кейде жер сілкіну эпицентрінің осындай бір «дүмпу саңылауына» қарай көшіп отыратыны байқалады. Осылайша 1978 жылы Орта Азиядағы Алай аңғарында өткен жер сілкіну 6 сағат бұрын болжап айтылды. Осы тәсілді қазірде американ зерттеушілері де қолданып жүр.

Жер сілкінуі қайталануын есепке алғанда сақтық керек. Қызылқұмдағы Газлы ауданында жер дүмпуі туралы ешбір дерек болмайтын. Бірақ, 1976 жылы күйретуші (9 балл) жер сілкінуі болып, осыдан соң талай жыл тыныштық болуы керек еді. Сөйте тұра 1984 жылы Газлыда қайтадан опат сілкіну өтті. Мүмкін, оның себебі тектоникалық жағдай емес, қойнауындағы алып газ кендерін шығарудан туған қуыстардан еспетың опырылуы әсер еткен шығар.

Сейсмологиялық және геологиялық жадығаттарды тегіс жинастырып, 1936 жылы профессор Г. П. Горшковтың бастауымен жер жүзіндегі алғашқы рет сейсмикалық аймақтау картасы жасалды. Бірнеше рет толықтырылып дәлелденген осы карта мемлекеттік дәрежедегі құжат саналады, ол жер сілкіну қаупі бар аудандарда құрылыс жұмыстарының жобаларын жасағанда басшылыққа алынады. Құрылыс-ғимараттың салынатын тұсының қаншалық балды өңірге келетініне байланысты сейсмикалық дүмпуге төтеп бере алатындығы анықталады да бұлжымас талаптар қойылады.

Қазіргі кезде жер сілкінуден толық сақтана алмаймыз. Ендеше қолымыздан келгені жер сілкіну қаупі бар аудандарда үй-жайды, басқа құрылыстарды жобалаған және салған шақта олардың қирамайтын болуын ойластыруымыз керек. Шайқалуға төзетін комплекстерге мыналар жатады: темір-бетонды құрсаулар салу, үйдің төбелерін жеңілдетіп жабу, балкон, карниз, қалпақша секілді қабырғадан сырт шығып тұрған ауыр тетіктерді салмау т. б. Бұдан ширек ғасыр ғана бұрын астанамыз Алматыда төрт қабатты, айналасы тептегіс «қораптардан» басқа үй салуға болмайды — деген даурықпа басым болған еді. Күні кеше (1990 жылы 12 қарашада) болған 5—6 балл жер сілкінуден 26 қабат мейманхана селт еткен жоқ.


Дегенмен ғылым алдында күн тәртібінен түспей сақталып отырған міндет — жер сілкінетін уақытты күні бұрын болжау. Бұл ең күрделі, талайдың басын ауыртатын іс. Оны әзірше тек кейбір нышандарға қарап қана жобалаймыз. Қазіргі күнде мамандарға жүзден артық жер сілкінуді алдын ала білдіретін табиғи көріністер бар. Дей тұрсақ та жердің терен, қойнауында не болып жатқанын білу оңай шаруа емес.

Солардың бірі қазіргі тектоникалық қозғалыстарға ұшырауынан жер бедерінің төмен не жоғары қарай жылжуын, соның салдарынан еңкіштігінің өзгеруін ұдайы бақылап, өлшеп отыру. Мысалы, 1964 жылдың маусымында Жапонияда өткен жер сілкінуінің алдында одан бұрын үнемі төмен қарай ылдилап отырған жер беті кілт көтерілді. Сілкіну біткеннен соң жер қайтадан төменге майысып келеді. Жер бетінің еңкіштігі наклономер деген аспаппен өлшенеді.

Қуатты жер сілкінудің алдында баяу сілкінулердің — алдыңғы форшоктардың (ағылшынша фор — алғашқы) саны жиілейді. Соларды тіркей келе 1975 жылдың ақпанында Қытайдың Ляонин провинциясында және 1976 жылы Италияның Фриули облысында болатын жер сілкінулер алдын ала халыққа жарияланып, талай жан ажалдан, қауіп-қасіреттен аман қалды. Бұл тәсілмен жер сілкінуін бірнеше минөттен жүздеген күнге дейін алдын ала болжауға болады.

Жер сілкіну алдында қума толқыннын жылдамды-гы, яғни оның көлденең толқынның жылдамдығымен арақатынасы кемиді (14 процентке дейін). Бұл құбы-лысты алғашқы рет ашқан Кеңес зерттеушілері еді. Олар Тәжікстанның Гарм өлкесінде жер сілкінуден 2— 4 апта бұрын жаңағы арақатынастың 12—14 процентке кемігенін көрсетті. Кейін осы тәсілді американдар қолданып, 1973 жылдың тамызында Нью-Йорк штатында болған 2,5 магнитуда дүмпуді 2 тәулік бұрын болжады. Мұның өзі сілкіну алдында тау жыныстары қасиеттерінің өзгеруін тап басып білудің арқасында болған. Сол сияқты жер сілкінуінің алдында жыныстардың электрлік кедергісі, магнит өрісі өзгереді, атмосферада әдеттегіден тыс құбылыстар байқалады. Мысалы, дүмпу алдында жер қойнауынан төмен дыбысты гуіл естіледі, ауаның төменгі жағында қысымы төмен шұңқыр пайда болады, күннің батуы қызыл шапаққа бөленеді. Ашғабат жер сілкінуінің алдында тау жақтан қалаға қарай көз шағылыстырған электр жарығы түскенін бірнеше маман байқаған. Сол сияқты Ташкент сілкінуінің алдындағы түнде үйлердің төбесінен алып шырақ аспанға ұшқан. Жапондар жер сілкіну алдында ауа райы ыстық қапырық болады дегенге сенеді.


Жер сілкінуді болжаудың келесі тәсілі — гидрогеологиялық-геохимиялық болжаулар: скважиналар мен құдықтарда еспе суының деңгейінің әуелі төмендеп, кейін кілт көтерілуі, судың температурасының өзгеруі, судың минералдануы мен оның құрамының өзгеруі т. б. Ташкенттегі жер сілкіну алдында қала астындағы минералды судары радонның мөлшері 2,5 есе кеміген. Курил аралдарындағы полигонда сілкінуден 3—7 тәулік бұрын скважиналардағы жерасты суының деңгейі 5—10 см төмендеген. Осындай болжаудан кейінгі 1978 жылдың наурызында магнитудасы 6,7—7,6 4 дүркін дүмпу өткен. Осындай күні бұрын болжаулар Андижан маңында да дұрыс болып шықты.

Ақыр соңында, жер сілкіну алдында жануарлардың жүріс-тұрысы, қылығы өзгеретінін айта кету жөн. Бұл жайында көптеген байқаулар бар. 1887 жылы Алматыда болған жер сілкіну алдында күн қып-қызыл тұман астында батқан, үй жануарлары қалтырап-дірілдеп, жылқылар жемнен қашып, қорада жер тепкілеп әрең тұрған, қарлығаштар терезеден бір кіріп, бір шыққан. Дүмпуге 5 минөт қалғанда тау жақтан тұйық гүріл естілген. Таяуда ғана болған Зайсан, Кеген зілзалаларының алдында жылқы аунап-қунап, қояндар тауға қашыпты, иттер, мысықтар үйден безіп кеткен. Кісілер түсініксіз үрейге шалдыққан. Қазірде Алматының түбінде әр түрлі жануарлардың жер сілкінуге байланысты мінез-қылығын бақылайтын арнаулы полигон бар.

Жер сілкіну алдындары әдеттен тыс құбылыстарды жүйелі байқап, тану үшін әр елде мониторинг (тұрақты зерттеу) құрылады. Олар болжалған сілкіну туралы ел-жұртты күні бұрын хабарлап отыруы тиіс.


Техногендік жер сілкіну. Кейінгі кезде қоғамның инженерлік әрекетінен де жер сілкінуі өршитіні байқалды. Алдымен бұл құбылыс ірі су қоймаларын салумен байланысты. Қазірде сейсмологтарға осындайдан пайда болған отыздан артық жер сілкіну белгілі. Американдар тіпті су қоймасын салсан, оған қосымша жер сілкінуін де иемденесің деген мәтел де шығарды. Мұндай жер сілкінуі Тәжікстанда дүние жүзіндегі ең ірі қатарынан екі (Нүрек және Рогун) су қоймасын салудан пайда болды. Олар суга тола басталысымен-ақ сейсмикалық соққылар жиіледі. Оның үстіне Рогун бөгеті әлі де қимылы бар тектоникалық жарық үстінен тұрғызылғаны анықталды. Алматы төңірегінде салынған Қапшағай су қоймасынан да астанамыз зілзалаға ұшырауы мүмкін.

Су қоймаларынан басқа жер сілкінуіне оның қойнауынан көптеп мұнай мен газды, суды алу немесе керісінше, оның қойнауына су айдау себеп болады. Ташкент қаласының тура астынан 1956 жылдаң бері 9 скважинамен минералды сулар ағызып алынды. Оның үстіне қала екі тектоникалық жарықтың түйіскен жерінде орналасқан. Айтқандай-ақ, 1966 жылы жер сілкінуі өтті. Жер сілкінудің жер астынан су алудың салдарынан болатындығына нақтылы дәлел — жер сілкіну алдында Ташкент астында гидростатикалық арын (қысым) 15 кг/см2-ге төмендеген.

Техногендік жер сілкінудің себебі — сұйық (не газ) алғаннан жыныс кесектерінің өзара тарту күші бәсеңдейді де сілкіну соққысынан жыныс жарылады. Немесе еспе арасы суға толады, ол серіппелі болғандықтан шамалы жер сілкінуіне косымша дем береді.







Date: 2015-11-13; view: 1327; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию