Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жанартаулардың негізгі түрлері
Жанартау атқылауының жіктемесі. Атқылауына және заттарының түріне қарай жанартаулар әрекеті үшке бөлінеді: эффузивтік (төгілмелі) — сұйық лава басым болады; пирокласты (грекще
пирос — от, класт — сынық) — қатқан бөлшектер атқылауы басым келеді, эксплозивтік — газдар қопарылады да өте күшті дүмпулер сезіледі. Осы үш категорияның әрқайсысы бірнеше типтерге жіктеледі де олар өзіне тән жанартаудың атымен аталады. Кейбір жанартаулардың лава құрамы өзгеруіне байланысты бір типтен екіншісіне ауысады. Құрлықтағы қазіргі жанартауларда пирокласты және газ жарылу типтері басым, мұхиттар мен олардың аралдарында көбінесе төгілу жиі кездеседі. Құрлықтағы эффузивтік атқылау мұхит аралдары мен жағалауларындағы жарықтарды бойлай кездеседі; магмасы негізді базальт құрамды. Исланд тұрпаты. Гекла жанартауынан шығыс жақта 1873 жылы жер сілкіну кезінде 24 км-ге созылған үңірейген жарықшақ пайда болды. Соны бойлап әуелі жанартаулық күл мен қоқыс атқылады да содан соң лава төгілді. Ол жан-жағына тасып, тереңдігі 180 м аңғарды 80 км бойында түгел толтырды. Лаваның ауданы 565 км2, көлемі 12 км3-ге жетті. Лава өте сұйық болғандықтан жазық жердің өзінен аса жылдам ағып өткен. Осындай тасқындар. Гавай және Жапон аралдарында, Камчатка түбегінде болып тұрады. Камчаткада 129 жанартау жер жарығының бойында мұхит жағасына параллель тізбектеліп тұр. Олардың отызы әлі де әрекетін тоқтаткан жоқ. Камчатка жерінің 40% жанартау жыныстарынан түзілген. Атқылау жайына қарасты көбінесе пирокласты типке жатады. Гавай тұрпатында лава кең өзектен төгіледі. Аралдары түгелдей әуелі су астында, кейін құрлық үстінде атқылаған жанартау жыныстарынан түзілген. Әрекеті әлі де болса бар. Мауна — Лоа жанартауының биіктігі 4166 м. Сырт пішіні қалқан тәрізді, сондықтан оларды қалқандық жанартау деп те атайды; Оның онтүстік-батыс баурайындағы Килауэа диаметрі 5 км кратері үнемі балқыған лаваға толып, көл сияқты көрінеді. Лаваның температурасы 1000°С-тен 1300°С-қа жетті. 1924 жылы лава тасып, кемерінен асып төгіле бастады. Өңешіндегі лава қайнап, булығып 10—100 м биіктікке шапшыған. Төскейімен аққан лава тасқынының жылдамдығы сағатына 25 километрге жеткен. Қазірде гавай тұрпатты жанартаулар Жана Зеландия, Самоа, Исландия аралдарында, және Шығыс Африкада. (Нирагонго) бар. Мұхит суы астындағы эффузивтер өте көп. Олар түптегі жарықтарды бойлап төгіледі де терең тұстарда қопарылыссыз" баяу ағады. 2—3 км су астындағы қысым жанартау өзегінің қысымынан артық болады, содан кейін жарылыс-қопарылыс болмайды. Нәтижесінде пирокластар тым шамалы (1—3%). Лавадан бөлінген газдар суға еріп кетеді де оның үстіне шықпайды. Сондықтан жанартау әрекетін көру қиын. Лаваның құрамы — базальт. Ол су түбінде жан-жаққа жайылады, кейде алысқа созылған тасқын пішінді құйылады Салқын сумен жанасқан базальт тез катып, шар және жастық пішінді домаланған жіктерге (пиллоу — лава) бөлінеді. Тез қатқандықтан сыртқы беті шыны тәрізді болады. Тұтқырлығы басым базальттар мұхит түбінде күмбез, конус пішінді құрылымдар түзеді. Кейде төгілген базальттар арасында, не маңында, жер, жарықтары мен жанартау өзегінде, ыстық сулардың — гидротермалардың кремнийлі шөгінділері орын алады. Олардың құрамында мыс, мырыш, қорғасьш, күмістің, т. б. элементтердің сульфид кендері да түзеді. Осындай кендер Тынық, Атлант мұхиттарының және Қызыл теңіз түптерінде зерттелді. Мұхит-теңіздер түбіндегі жанартауларға сан жетпейді — 100 мыңнан астам. Кейбіреулерінін су түбіндегі биіктігі 1,5 километрге, етегінің диаметрі 9 километрге жетеді. Су астындағы жанартаудар, әсіресе Тынық мұхит түбінде және мұхиттардың орталық жоталарының бойында көп. Тек Исландия манында әлі сөнбеген 26 жанартаудар бар. Солардың бірі — Сертсей 1963 жылы 13 қарашада 130 м терен түптен атқылап, аз күндерде арал түзді. Ежелгі дәуірде Жерорта теңізінде су түбінен лава атқылауынан Санторин аралы жаралды. Пирокласты жанартаулар атқылауынан аққан лавамен қоса- қатқаң сынықтар, газдар шығады. Олардың жиынтығынан түзу конус пішінді кратерлі жанартаулар түзіледі, бұлар жанартаулық бомбалардың, құмдардың, қоқыстың, күлдің және лаваның қабаттасуынан құрылады. Сондықтан оларды стратожанартау (қабаттасқан) дейді, оларды стромболи, везувий және этна типтеріне жіктейді. Стромболи тұрпатты жанартаулар жиі және ырғақты түрде (бірнеше минуттен бір сағаттай) атқылап тұрады. Шапшып төгілген лава, қоқыс, бомбалары онша көтерілмейді — 50—300 м шамалы ғана. Лавасы қышқыл, содан тұтқыр, қызуы күшті — 1100—1200°С. Жанартау ошағы онша терең емес. Кракатау тұрпатының Везувий тұрпаты жер бетінде кең тараған. Везувий жанартауы Италиядағы Неаполь қаласының жанында орналасқан. 63-жылға шейін ол сенген жанартау деп саналатын. 79 жылы Везувийдің өте күшті атқылауы болды. Оны 30 км алыстағы Мизенум қаласында болған Кіші Плиний байқап жазып кеткен. Оның әкесі аты әйгілі Аға Плиний сол жолы құрбан болған, сол кісіні ескеалып, везувий тұрпатын плиниандық деп те атайды. Везувий етегінде Помпея, Геркуланум, Ставня қалалары тұрған. 24-тамыз күні күн ыстық тымырсық болыпты. Помпея маңында халық жеміс, астықтарын жинауға, шыққан. Базар да халыққа лық толы екен. Бұлттар Везувий төбесіне шоғырланып, кейінірек қою қара бұлт бүкіл аспанды жапқан, әуе улы газдарға толып, тынысты тарылтады; айнала-төңіректі қою қараңғылық басады. Осыдан соң кезде аспаннан ыстық күл жауып, жоғарыда аталған үш қаланың үшеуін де көміп тастайды, күлдің қалыңдығы 7 метрге жеткен. Күл астында 16 мын адам көміліп қалған, құрбандар тегі улы газдан тұншығып қаза шеккенге ұқсайды, Атқылаудың ақырында қара несер құйып кетеді. Жанартау үгінділерін ағызған сел тасқыны қалаларды көме түседі. Жанартау болса қалшылдап, гүрілдеп атқылаудан төбесі қопарылып түседі де орнында тереңдігі 600 малып кальдера мен сомма құрылады. Содан сон Везувий ұйқыға кеткендей тыныш тұрады. 1631 жылы қайта оянып, газ, күл, бомба атқылауымен қоса лава екі етекте теңізге қарай тасқындап, жолындағы Торре-дель-Грёко қаласын талқандап кетеді. Осыдан кейін Везувий 10—, 30 жыл арасында бір атқылап тұрды. Ақырғы жандануы 1944 жылы наурыздың аяғында байқалды. Бұл жолы өзегі мен кратері лаваны ақтарып тастап, қазір орнында ашық шұңқыр ғана көрінеді. Камчаткадағы везувий тұрпатты биік (4850 м) Ключи шоқысы жанартауы жатады. Ол кейінгі 250 жылда 37 рет атқылаған. Газдар мен пирокластар ортаңғы өзектен атқыласа, базальт құрамды лавасы төскейінен төгіледі. 1964 жылдың қарашасында таудан 80 км жердегі Усть-Камчатск қаласын Ключи шоқысы жағынан қап-қара түнек басты. Қара бұлттан «жауған» күл мен құмның қалындығы бір күнде 4 мм-ге жетті. Дем алу қиындады. Телеграф сымдарынан от жүгіріп, радиоқатынас үзілді, телефон өзінен-өзі сылдырлады; 3—5 балды жер сілкінуі сезілді. Жанартау өзегінен лава 300 метрге шапшыды, жұдырықтай тастар аспанға 3000 м биіктікке ұшты; күл көкке 15 километрге ұшып, 330 км алыстағы Беринг аралына жетті. 100 мың километр аумаққа сол тәулікте 2,5—3 млрд тонна күл-қоқыс түсті. Ертеңіне жер беті көз тартымсыз сұп-сұр жұпыны болып көрінді. Ағаштар мен бұталарды қалың күл басып, жапырақсыз сидиып қалыпты. Жанартау ошағы 60 км теренде жатқаны анықталды. Есеп бойынша, тәулік бойы одан 4-1026 эрг (40 орташа атом бомбасының жарылуына тең) энергия бөлініп шыққан. Этна тұрпаты везувий тұрпатына қарайлас, бірақ өте пәрменді. Араға бірнеше жыл салып атқылай береді, ара-арасында кратерінен газдар мен су буы шығып, басынан ешуақытта бұлт кетпейді. Этна жанартауы (3290 м) Сицилия аралынан бой көтереді. Атқылауы жер сілкінуден, бірнеше күшті қопарылыстан басталады. Сол сәтте орталық кратерден газдар мен күл атқылайды; сәл кеш баурайы жарылып лава тасиды, оған қоса сынық-үгінділер жиналып, жанама паразиттік конустар пайда болады. Этна тұрпатты жанартаулар Жер орта теңізінде, Оңтүстік Америкада, Камчаткада, Курил, Жапон аралдарында бар. Эксплозивтік (газ - қопарылысты ) жанартаулар көбінесе ете мол газ бен су буын тасытады; лавасы тым аз, кейде жоқ та. Лавасы қышқыл не орта негізді болады да ошағы ете терең орналасады. Эксплозивтік жанартаулар да бірнеше типтерге жіктеледі. Пеле тұрпаты Антил доғасындағы Мартиника аралының Мон-Пеле жанартауымен аталды. 1902 жылы 23 сәуірде осы жерде екі апта бойы жиі-жиі жер сілкініп, күл, су буы, улы газдар көкке ұшты, тау басын ақ бұлт жауып тұрды. 8 мамыр күні ертеден ол аса қатты гүрсілдеп, жарылыс басталды. Тау басының тас-талқаны шығып, отты газ бұлты мен лава бөлшектері төмен ытқыды. Температурасы 450—600°С лаулаған бұлт Сен-Пьер қаласын қиратып өтті, 30 мың тұрғыны құрбан болды. Бірнеше айда өзегінен биіктігі 900 м, пішіні адамның бармағына ұқсас лава күмбезі көтеріліп, кейін бір жылда бұзылып бітті. Пеледегідей тұтқыр лаваны сығып, жоғары көтеретін жанартау әсерін э к с т р у з и втік (латынша «экструзия» — сығу, итеру) тип дейді. Осындай сығып шығару әрекеті Камчаткадағы Безымянный, Шивелуч, Аляскадағы Катмай жанартауында байқалады. Кракатау тұрпатының қасиеті — қопарылудан аспанға өте көп газ бен күл ұшады, лава жер үстіне жетпейді. Кракатау сезі Зонд бұғазындағы Суматра мен Ява арасындағы жанартау аралдың атынан алынды. 1883 жылы 26-тамызда Кракатау атқылаған кезде арал күл-қоқысқа айналып, көкке 16 километрге ұшты. Оның орнында кальдера ғана қалды. Кейін су бетінде Анак-Кракатау аталған жаңа конус пайда болды (14.3-сурет). Оның дүбірі 4800 км-ден де естілген. 36 мың адам қаза шекті. Көлемі 16 км3 күл 800 мың км2 аймақты жауып, аралдың жұрнағында оның қалындығы 80 метрге жетті. Теңізде биіктігі 30 м цунами туып, соның кеселінен және «күл жауынның» ыстығынан ондаған кемелер апатқа ұшыраған. Кракатау тұрпатты жанартаулардың атқылауы тұтқырлығы жоғары қышқыл магмаға байланысты. Маар тұрпатты деп қазірде сөнгенін атайды. Сөнген жанартау орнында жиектері кезінде кратер-ден лақтырылған үгінділермен қоршалған жайпақ ойыс пайда болады. Оның түбінде диатрема (грекше «диатрем» — тесік, саңылау) дейтін байырғы жанартаудың өзегі яғни жарылу түтігі тұрады. 400—500 м тереңдікте ол базальттің не әсірене-гізді жыныстардың туындысымен кептеледі де одан жоғары жанартау жыныстарының " үгіндісі мен олардың жаншылып, мынжылғанынан шыққан көгілдір балшық жатады. Осындай жанартаулық брекчияны кимберлит деп атайды. Ол әсіресе Оңтүстік Африкадағы Кимберли өлкесінде, Шығыс Сібір қыратында көп тараған. Кимберлит өте негізді жыныстар мен жол бойында олар жарып шыққан жыныстардың сынық-ұнтақтарынан тұрады да арасында алмас және Қызыл гранат пироп кездеседі. Осындай құрамынан кимберлит магмасы тым тереңнен жер мантиясынан көтеріліп келе қопарылған мезетте қысым мен қызудың өте күшті болғанын көреміз. Жарылу түтіктерінің диаметрі бірнеше метрден бірнеше километрге жетеді. Бандайсан тұрпатында су буы бетінен тереңге жетеді де, буға айналып, артынан атқылап шығады. Жоғарыда сипатталған нақтылы газ-қопарылысты атқылаудан бұл тұрпаттың айырмашылығы — етек-жиегінде жақын арада жаралған атқылау материалдары көрінбейді. Бандайсан түрлері Индонезия, Жапон жанартауды аймақтарынан табылады. Африкадағы Камерун мемлекетінің жерінде ел мекендеген Ниос деген көл бар. Оның түбіндегі кішігірім жанартаулық жарықтан газдар шығып, олар көл суын улайды. 1986 жылы тамыздың 21-жұлдызында әбден толысқан көмір қышқыл газы қайнап атқылап, маңайындағы барлық тірі жанды уландырды, 1700 адам қазатапты. Бу — газды фумаролды сатысында жанартау әсері саябырлайды да магма жер үстіне жете алмайды. Жанартау өзегінен газдар мен су булары көтеріледі, ол сарқылдап қайнап жатқан қазанға ұқсайды. Мұндағы газ-су булары бірнеше түрге бөлінеді. Фумарола (итал. — түтін) деп натрий, калийдің хлоры қосындыларына қанық, температурасы 500°С-тен астам газдар бөлінісін айтады. Құрамында аздап марганецтің, мыстың, фтордың қоспалары да болады. Сольфаталар (итал. «зольфо» — күкірт) деп қызуы 90—300° күкірт және хлорлы сутек қышқылдарына қанық газ қоспаларын атайды. Олардың маңайында газдан тұнған қызыл немесе сары (саф күкірттен) түсті қаспақ-қабыршақтар түзіледі. Салқындау (температурасы 100°С-тен төмен) көмір қышқылды сулы фумароларды моффеттер (итал. — сасықжер) дейді. Date: 2015-11-13; view: 4333; Нарушение авторских прав |