Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жанартау атқылағаннан кейінгі үрдістер





Фумаролалар топтанып, не жарық бойында тізбектеліп кездеседі. Газы бірнеше метрге шейін шапшиды да жол-жәнекей жыныс арасындағы жарық, қуыстар арасында әр түрлі минералдардың қабықшасын калдырады. Жанартау өзегінен шеттеген сайын бу қоюланып, әсіре минералданған ыстық суға айналады да көптеген ара-сандар түзеді. Олардан су оқтын-оқтын гүрілдеп атқылағанын гейзерлер (исланд тілінде «саңылау») деп атайды. Олардың атқылау мерзімі өте тұрақты болып, 10 минеттен бірнеше сағатқа жетеді. +94 + 99°С ыстық суы натрий, магний, кальцийдің, кремнийдің тұздарын көптен ерітеді. Арасан шыққан маңда олар судан шөгіп, қуыс-кемікті әкті не кремнийлі туфтар түзеді. Гейзерлер Исландияда, Жаңа Зеландияда, АҚШ-тың Иеллоустон паркінде кездеседі. Камчатка түбегінде олар Гейзерлер аңғарында тараған. Қызығы ол аңғарды І94І жылға шейін мамандар атымен білмейтін. Бұл өлкеде 22 ірі гейзер бар. Ен. үлкені «Алып» аталады да ол 4 минөтте бір атқылайды, су бағанасы ауаға 50 м шапшиды. Тынық күні буы 300—400 метрге көтеріледі.

Гейзерлердің тұрақты -түрде атқылауының механизмі былайша. Сифонды иінді тесікке салқындаған су бағанасы жиналады да оның астындағы бу жол таппай қызады, қайнайды. Бір мезетте соның қысымынан су бағанасы гуілдеп атып ұшады. Артынан барлық әрекет қайта басталады.

Су буы мен газдар кейде лаймен қоса атқылап шығады да оларды лайлы жанартаудар дейді. Олардың конустары кішігірім ғана: биіктігі 1—2 м (кейде 400 метрге жетеді), кратерінің диаметрі ондаған санти­метр, болмаса бірнеше метр. Лайлы ағыны ондаған метрге жайылады да атқылау кезіндегі қызуы +80 — + 90°С-ке жетеді. Лайлы жанартаудардың жанартауды үрдісе ешқандай қатынасы болмауы да мүмкін. Жер қойнауының суы мол, саз-балшықты тұсында көмір-сутек газдар шоғырланса, солардың қысымынан баршасы да жоғары атқылап 400 метрге дейін шапшиды. Орнында саздан жанартаудағыдай конус пайда болады. Осындай лайлы жанартаудар Апшерон, Керчь түбектерінде, Батыс Түркменстанда, Сахалин аралында орын тепкен. Бұл өлкелерде көптеген мұнай-газ кендері бар, ендеше олар лайлы жанартаудармен сыбайлас деген тұжырым да айтылады. Тағы бір айта кететін жай, жер сілкіну алдын-далайлы жанартаудар әрекеті күшейе түседі.

Жанартаулар атқылауының өнімдері. Жоғарғыда сипатталғандай, жанартау әсерінен жер бетіне сұйық лава төгіледі, қатты пирокластар атқылайды, газдар бөлініп шығады. Құрылымы әр түрлі лавалар суып, қатая келе эффузивті (төгілмелі) тау жыныстарына айналады. Химиялық құрамына – алдымен кремний тотығының мөлшеріне қарай магмалық жыныстар бес класқа жіктеледі.

1) Қышқылды жыныстық (риолит не липарит) - S iO2>65%

2) Сілтілі жыныстық (трахит) – К, Na минералдарына бай.

3) Орта негізді (андезит) - S iO2 65-55%.

4) Негізді (базальт) - S iO2 55-45%.

5) Әсіре негізді - S iO2<45%.

Қышқыл лавалар басқаларынан гөрі өте тұтқыр болғандықтан күмбез немесе қысқа, бірақ қалың тасқын ретінде төгіліп қатаяды. Жанартаулардан көбінесе базальтты лавалар төгілеп, тасқындар ондаған (жүзге шейін) километрге созылады, ені жүздеген метр. Егер құрамындағы газдар жанартау өзегінен бөлініп шықса лава тұтқыр, қатайғанда нығыз. Ал, лава газға қанық болса кеуектеніп, көпіріп қатады. Кеуегіне газ мол жиналса аумағы бірнеше метр қуыстар түзіледі.

Газдар лаваны көбіктеніп толтырған жайда құрылымы кемік пемза пайда болады. Қуыстарын кейінірек кальцит, кварц-хальцедон, опал-агат, цеолит, хлорит сияқты минералдар толтырады да олар домалаған тары, эффузив жыныстарды бадамды (мандельштейн) деп атайды. Тасқын кезінде тұтқыр қышқыл лава компонентері ағысты бойлап иленеді де флюдиальды түзілім жасайды.


Лава тасқынының беті қатқан шақта өзендегі сең секілді шоғырлы бұлдырлар түзеді. Мұндай көрініс беткі қабықтары сынып, үгіліп аққан тұтқыр лаваларда жиі кездеседі. Базальт құрамды сұйық лава тасқынында қоюланып, қатая бастаған лаваның бетіне келесі ағыны кұйылады да беті бұйраланып, иірген арқан пішіндес болады. Су астына төгілген лава домаланып жіктеледі, ал шар, немесе жастық пішіндес (пиллоу-лава), кейде бағана кейіпті.

Эффузивтік жыныстардың құрылымы лава тез қатқандықтан шыны, жабық кристалды, шала кристалды болып келеді. Нағыз шыныдай эффузивті обсидиан дейді. Жабық кристалды дейтініміз – лаваның кристалды құрылымын тек микроскоп арқылы көресің. Төменнен жоғары көтерілген магманың құрамында жолшыбай жеке кристалдар түзіліп үгіледі де негізгі массасы шыны түрде қатады. Сонда шала кристалды жыныс пайда болады; жанартау шынысы арасында азды-көпті кристалдар бытырап кездеседі. Осындай құрылымды морфирлі деп атайды. Аққан лаваның беті ұдайы сынып, кесектерге бөлініп, женттеледі де ондай жынысты аглометрат дейді.

Атқылаудың қатты өнімдері. Көптеген контенинталдық жанартаулар лавамен қатар қатқан сынық, кесекті үгінділерді атқылайды. Кесектердің көлемі титтей тозаңнан әлденеше метрлерге жетеді де соған қарай былайша жіктеледі: 1) жанартаулық күл; 2) жанартаулық құм, 3) жанартаулық сынықтар – лапилли (итальянша «уақ тас»); 4) жанартаулық бомбалар мен кесектер. Лава тасыған кезде біразы көкке ұшады да ұршық пішінде кесектер құрайды. Оларды жанартаулық бомбалар дейді.

Жанартаудың күлі қырлы, сүйір, ширатылған жіп пішіндес пезманың, шынының, минералдардың тегі тек микроскоп арқылы қарап қана ажыратылатын тозаңдардан тұрады. Түсі сұр, сұрғылт, қызыл да болады. Жанартау кратерінен құм, ұсақ тас, ірі кесектер де ақылайды. Осылардың барлығы кейін шөгіп, тығыздалып өзара цементтеліп, жанартаулық туфтар құрайды. Құрамындағы сынықтардың көлеміне байланысты, шөгінді жыныстар сияқты, олардың да күлді, псамитті, псефитті деп ажыратады да, құрамына сай қышқыл, орта негізді топтпрға жіктейді. Егер әлі қатып үлгермеген лава үстіне сынықтар жауса екеуінің қосындысынан туфолава жасалады. Әлі де толық қатпаған ыстық күл құйындары артынан өзара иленіп, бірге келе ит нимбрит (грекше «игнос»-от, жалын, «имбер»- нөсер) жынысын түзейді.

Газ-булы заттар. Әр түрлі газдар мен су буы жанартау атқылауының барлық сатыларында да, түрлі типтеріне бөлініп шығып отырады. Лаваның беті ұзақ уақыт үнемі бұлттанып мұнарланып тұрады. Газдар құрамына көмір қышқыл газы, азот, күкірт тотықтары, сутек, хлор, аргон және су бус кіреді. Қосымша хлорлы және фторлы сутек, су текті күкірт т.т кездеседі.







Date: 2015-11-13; view: 1615; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию