Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Геосинклиналдар және олардың даму сатылары
Тектоникалық қозғалыстар туралы ұғым. Жердің тектоникалық, қозғалыстары мен одан пайда болған жыныстардың өзгеруін, магмалық үрдістерді түсіну үшін ежелгі гректер заманынан бастап әр түрлі болжам-тұспалдар айтылды. Солардың біразына тоқталайық. Эли дс Бомон Контракция (сығылу) болжамын XIX ғасырдың бірінші жартысында француз геологы Л. Эли дс Бомон ұсынған. Ол ғалым сол кезде барлық жұрт мойындаған Кант - Лапластың ғарыш жайындағы болжамын әрі карай жалғастырғандай болды. Бұл болжам бойынша қызу Жер суыған сайын оның қатты қабығы пайда болады. Тереңдегі бөлігі әрі қарай суып, аумагы кемігеннен үстіңгі қабығы кепкен алма секілді сығылып, быржиып, жарылады, Сөйтіп қатпарлы құрылымдар түзіледі. Десек те, көпке дейін қатпарлы сілемдердің бір аймақта пайда болып, келесісінде көрінбеуін контракцияға байланыстыру ақылға сыймады. Бұл күмәнді енді геосинклиналдар ілімі сейілтті. Қатпарлы сілемдср ұдайы иіліп, созылған өлкелерде түзіліп, кейін қатпарлануға ұшырайды екен. Геосинклиналдарды бөлген нығыз платформалық аймақтар қатпардан тыс тұрады. Контракциялық олжам XX ғасырдын басына дейін зерттеушілер арасында үстем болды. Сонын негізінде. Австрияның ғйгілі ғалымы Э. Зюсс «Жер келбеті» деген еңбегінде алғаш рет Жер қабығы құрылымдарының синтезін жасады. Дегенмен үстіміздегі ғасырдын басында контракция болжамын жоққа шығаратын бірсыпыра дәйектер қолға тиді. Кезінде астрономдар Кант - Лаплас болжамынан бас тартып, Жер шары суық заттардан пайда болды деген тұспалдауды қолдады. Басқаша айтсақ, Жер ешқашанда түгел балқыма куйде болмаған, ендеше контракция болжамының негізі жоққа шықты. Физик ғалымдар радиоактивтік ыдырау кұбылысын ашып, соның күшінен Жер қойнауы тек кана суымайтынын, керісінше, радиоактивті жылудан қыза тусетінін, тіпті әр тұста балқып кететінін дәлелдеді. Геологтар жер қабығында зор аумақты бастырмалардың (шарьяждардың) бар екенін анықтады. Олар тек контракциялық сығылудан ғана тузілген болса, онда Жердің аумағы азғана уақытта-ақ ойсырай кеміп кетер еді. Осыншама қайшылықтары болған соң контракция болжамынан бас тартуға тура келді. Салдарынан бірсыпыра, кейде бір-біріне қайшы, баска болжамдар туды, Пульсация (латынша «пульс» — соғу, турту) болжамын американ галымы В. Бухер ұсынды да орыс ғалымдары М. А. Усов пен В. А. Обручев колдап дамытты. Бұл болжам бойынша Жер қойнауы солқылдаған тамыр секілді бірде толысып, бірде солып отырады. Ол ұлғайған кезде Жер қабығы жарықшақтанып, базальттік магма тегіледі, геосинклиналдар пайда болады. Сығылу сатысында геосйнклиналдардың үйінділері қатпарланып, таулар түзіледі, ішіне гранитті интрузивтер кептеледі. Сөйтіп пульсация болжамы контракцияға қарағанда көптеген күрделі құбылыстарды түсіндірді. Дегенмен қазірдің өзінде де, еткен дғуірлерде де, жер қабы-ғында сығылу да, ұлғаю да катар өтіп жатады. Мысалы тау жүйелерінд е сығылу басым болса, рифт белдеулер-де, керісінше, алшаю үстем. Контракция болжамына карама-қарсы жер аумағын үнемі ұлғаюда деген тұжырымдама да бар. Бұл болжам құрлық қабырының жарылып, ұлғаюынан мұхиттардың жаралуын нанымды түсіндіргенімен, қарсы процесті - геологиялық кене мұхиттардын, «жабылып», орнында қатпар-жакпарлы тау көтерілуін түсіндіруге келгенде жарамсыз болып қалады. Оның үстіне Жердін келемін ұлрайтатын, салдарынан мұхиттар түзетін аса зор күштің көзі белгісіз. Дегенмен казіргі кезде осы болжамды жақтаушылардың саны кебейіп келеді, бұл жайында кейінірек айта кетпекпіз. Жоғарыдағы болжамдардың ішінде теориялық геологияда тым оқшау тұрған мобилизм болжамы болды. Оны жақтаушылардың пайымдауынша, ірі құрылықтық кесектер (литосфера тақталары) судағы сендей үнемі теңселіп, лозық бағытта орнынан жылжып жүреді (20.1-сурет). Жылжуы мыңдаған километрге де жетеді. Бұрынғы жорамалдаулар литосфера блоктарының өз мантиясынан үзілуін жокка шырарып, континегіттердің орнынан қозралмайтынын костаран. Сондықтан ол болжамдарды біріктіріп, фиксистік (латынша берік, бекітілген) барыт дейді. Мобилистік бағытты 1912 жылы неміс геофизигі.А. Вегенер әжептәуір толық дәлелдеді. Оның болжамына карағанда, палеозой эрасының акырында Жердің барлық кұрлыктары бірігіп, алып континент Пангеяны құрған. Юра кезеңінен бастап ол шытынап жарылып, бөлшектеніп, қазіргі материктерге айналған, олардың ара-арасында мұхиттар түзілген (20.1-сурет). А. Вегенер болжамынын нақтылы дәлелі ретінде Атлант мухитынын екі жағалауындағы - бір жағында қос Американың, екінші жақтары Еуропа мен Африка материктерінің жағалау сызыктарының айнадан шағылысқандай керемет ұқсастырын келтірді. Оран қосымша дғлелдері - бұрынғы Гондвана, яғни қазіргі онтүстік жарты шардағы құрлықтарды жоғарғы палеозой кезінде жайлаған мағлұматтар мен өсімдіктердің бір-біріне ұқсастығы. Сол кезде бүкіл оңтүстіктегі құрлықтарды сірескен мұзарт басты, ал олар қазіргі кезеңде экватордың тұсында орналасқандықтан ешқандай ауқымды мұзарт болуы ойға сыймайды. Ақыр соңында А. Вегенер қазірде анықталғандай, құрлық табанында гранитті қабат, мұхиттар түбінде базальттар теселуін көрсете келіп, мұхиттың гранитті төсеніштен жұрдай болуы үшін материктер қалқып, ғуелгі орнынан жылжып көшуі тиіс деген қоры-тынды жасады. А. Вегенер болжамы бойынша, материктерді базальт қыртысы бетімен жылжытатын күш Жердің айналу күші. Сол күштін, ғсерінен кос Америка батыс бағытта қалқиды да, Тынық мұхит табанындағы базальттің тегеурінінен Кордильер, Анды таулары бой түзейді. Керісінше, Азия-Австралия құрлықтары батыс бағытқа қарай «зытқан» шағында кебісін жоғалтқандай, доғалы аралдар тізбегі үзіліп, түсіп қалады. Вегенерді жақтаушылар Жердің полюстен тепкіш күшін де «іске қосты». Ол күш материктерді полюстен зкваторға қарай ығыстырып, маңдай алдында ендік бағыттағы Альпі-Гималай тау сілемдері бой,түзеуі тиіс. Бірақ геофизиктер Жердін айналу күштерінін құрлықтарды сеңдей соқтықтырып, жылжңтуға шамасы келмейтінін дғлелдеді. Геологтар болса, геосинклиналды белдеулердін, мантияға кірген Терең тамырлары кеме зғкіріндей құрлықтарды олай-бұлай жылжытпайтынын айтып, А. Вегенер болжамына күмғн келтірді. А. Вегенер олармен айтысып үлгіре алмады, ол 1930 жылы Гренландияда ғылыми сапарда жүріп қайтыс болды, оның өз кезіндегі аты шулы тұжырымдамасы біртіндеп ұмытылды. 8.1+сурет. Геологиялық дәуірлердегі материктердің өзара арналасуы мен жылжу бағыттарының сызба-нұсқасы а-төменгі юра, б-төменгі бор, в-палеоцен, г-қазіргі заманда Date: 2015-11-13; view: 1586; Нарушение авторских прав |