Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эффузивтік магматизм. Жанартау үрдісінің негізгі сатылары





Магма (грекше — қамыр, қоймалжың) деп күрделі силикат құрамды балқыған ерітіндіні айтады. Оның қой­малжың болуы құрамындағы әр түрлі газдарға, су буына байланысты. Магматизм — Жердің ішкі энергиясының ең бір ipі көрінісі. Оны жердің ішкі қойнауынан беткі қабаттарына көтеріліп, шапшып, атқылауынан көреміз. Магма массасы жер үстіне жетіп тасыса, оны енді лава деп атайды да, ондай үрдістердің өзін эффузивтік (латынша «эффузио» — тасу, төгілу) немесе жанартаулық дейді, ал магма жер бетіне жетпей тереңде қапталып қалса, интрузивтік (латынша «интрузия» — кіру, ему) не тереңдік магматизм деп атайды. Жанартау латынша — от, жалын деген сөз. Ежелгі гректер жанартау әсерін өздерінің жер астындағы ұсталық құдайының есімімен плутонизм деп атаған, бұл термин қазірде де кең қолданылады.

Жанартаулық үрдіс кезінде лава жер бетіне жетіп тегіледі, қатқан бөлшектерінің күл-паршасы шығып домаланған кесектер, құм, күл-тозаң ретінде, бөлініп шыққан газдар мен су буы ұшып аспанға көтеріледі. Жанартаулық үрдістер нәтижесінде жанартаулы жер бедері түзіледі.Жанартаулық үрдіс үш сатыға бөлінеді: бастапқы (субжанартауды), басты (оны жанартау атқылауы дейді) және ақырғы (фумаролды).

Субжанартауды саты. Жердің жоғарғы мантиясында күшті қызудан балқыған магма жаралады да ол қысым әсерінен жоғары көтеріліп, магмалық ошақты (камераны) толтырады. Кейінірек магма жыныстың жарықтарын бойлап әрі қарай жоғары көтеріледі. Ол кезде магманың құрамы базальтқа тең. Жол-жәнекей магма жапсарындағы тау жыныстарын балқытып, оларды құрамына қосып (ассимиляция) жарықтарды кеңейтеді, содан құрамы қышқылдана түседі. Шамамен жер бетінен 2—3 км тереңдікте магмада еріген газдар мен су буы бөліне бастайды, тасиды. Физикадан білетініміз — бу бөлінгенде оның көлемі 100 есе артып, мол энергия туғызады. Осы құбылыс салдарынан газдар мен бу үстін басқан тау жыныстарын майыстырып, жарып, сындырып жер бетіне жетеді. Олардың ізімен магма да жер үстіне жетіп, лава төгіледі. Барлығының жоғары көтерілу қысымынан ол маңда жер сілкінеді. Магма ошағының жер қойнауындағы орны мен көлемін сол сейсмотолқынды зерттеп анықтайды. Осылайша анықталған Клю­чевская жанартауының ошағының көлемі 10—20 мың км3 және оның тереңдігі 5 км екен.

Жанартаулық үрдістердің басты сатысы жанартаудың атқылауынан басталады. Балқыған және қатты жанартаулық жыныстар жанартаудың айналасына жинала келе конус пішінді тау құрайды (14.1-сурет). Оның төбесі жазық келеді де орта тұсында шұңқыр — кратер пайда болады. Кратердің түбіндегі өзегі (ж е р л о) магманың каналымен ұштасады. Жанартау кратері атқылау саны Жиілеген кезде оның жан-жағы опырылып кетіп, үлкен ойыс шұңқыр пайда бодады да оны каль­дера деп атайды (14.2-сурет). Оның диаметрі бірнеше километрге жетеді. Кейіннен атқылау қайта басталса кальдераның ортасында өзінің кратері мен өзегі бар жаңа конус түзіледі. Кратердің доғадай иілген үйіндісі сомма дейді.







Date: 2015-11-13; view: 1652; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию