Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мониторинг баланың дамуын қадағалау процесс ретінде
Ауытқушылықтары бар балаларды нақты дағдыларға үйрету мен сабақтарды ұйымдастыру - өте қиын және аса маңызды міндет. Бұзылыстары бар балалардың қажеттіліктерін ескерумен бағдарламалардың бейімделуі барлық кезде дұрыс болып шықпайды. Кейде қолданылатын бейімдеу тәсілдері жағымды нәтижелерді өзгертеді, кейде нәтижелер күтулерге сәйкес келмейді. Сондықтан, бейімдеу көмегімен алынған нәтижелер міндетті түрде мониторингтен өткізілуі тиіс. Мониторинг - бір немесе бірнеше балалардың дамуын немесе қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгеруін қадағалау процесі. Мониторингтің мақсаты - баланың білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін және білім беру мекемесінде ұйымдастырылатын білім беру процесінің баланың дамуына әсерін анықтау. Мониторингтің нысанасы болып баланың физикалық, интеллектуалдық және жекетұлғалық қасиеттері табылады. Мониторинг екі компоненттен тұрады: білім беру процесінің мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгерудегі нәтижелерді қадағалау); бала дамуының мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгеру курсынан соң баланың интегративтік қасиеттерінің дамуын бағалау негізінде жүргізіледі). Мониторингтің түрлері: баланы бақылау; әңгімелесулер; эксперттік бағалаулар; тесттік емес типтегі әдістемелер; көрсеткіштерді анықтауға бағытталған тесттер; скрининг-тесттер. Мониторинг екі деңгейде іске асырылады. Біріншіден, балалардың бейімделген іс-әрекет түрлеріне және сабақтарға қатысуын үнемі мониторингтеу, әдетте бұл балалардың барлық іс-әрекет түрлерін тікелей кәсіби бақылау. Жиі қатысу (қатыспау) мөлшері (ұзақтылығы), күту уақыты және т.б. өлшенеді. Мониторингтің екінші деңгейінде балалардың үйренген іскерліктері және өзара байланыстарды меңгеруі мен пайдалануы қадағаланады. Балалардың үлгерімін (дамуын) мониторингтеудің бірқатар жүйелері бар. Таңдау қандай мәлімет жинақтау қажет және де оған қанша уақыт жұмсалатынына байланысты, бірақ, қалыптыдан ауытқушылығы бар балалар жағдайында, белгіленген мақсаттар бағытында баланың жылжуын формальды мониторинг шеңберінде қадағалау қажет. Әдетте мониторинг балаларды күнделікті өмірлік іс-әрекеттер процесінде тікелей кәсіби бақылау арқылы іске асырылады. Мониторингті күніге, апта сайын, әр екі апта сайын және т.с.с. өткізуге болады. Мониторингтің жиілігі бақыланатын іскерлік пен баланың даму жылдамдығына байланысты. Егер бала жеткіліксіз жылдамдықпен дамымаса, онда педагогтарға бағдарламаға өзгерістер енгізуге тура келеді. Балалар нақты іскерлікті меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда мониторингті жиі жүргізу қажеттілігі туындайды. Егер даму процесі шамамен тұрақты жүріп жатса, онда мониторинг сирек өткізіледі. Жиі өткізілетін мониторингтің мақсаты - сабақтарға немесе оқу процесіне енгізілуі қажет өзгерістерді анықтау. Балалардың дамуының мониторингін табиғи ортада, күнделікті сабақтар және өзара байланыстар барысында өткізу керек. Мониторингке мәлімет бақылаулар, күнделікті жүргізілетін жазбалар, ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлерін анықтау арқылы жинақталады. Кейде бұл үшін тесттер қолданылады. Егер балалардың жетістіктері күтілімдер мен қойылған мақсаттарға сай болмаса, онда келесі сұрақтарға жауап алу қажет: 4) Қаншалықты бала нәтижелі оқиды және қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгереді? 5) Баланы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының қандай аспекттерін өзгерту (бейімдеу) қажет? Бағалау үшін баламен жиі әрі ұзақ байланыста болатын адамдардың бақылаулары мен интервью нәтижелері қолданылады. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері де мониторинг арқылы бағалау процесіне қатысады. Топтың басқа мүшелерімен бірге, бақылау және басқа да тәсілдер арқылы, бағалауға қажетті мәліметтер жинайды. Олар оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасына енгізілуі тиіс өзгерістерге қатысты шешімдерді қабылдау процесіне де қатысады. Егер мұндай өзгерістер енгізілсе, педагогтар оларды тәжірибеде, балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде іске асырады. Анықтаудың негізгі бөлігі болып мүмкіндігі шектеулі баланың даму динамикасын бағалау, оның жетістіктері туралы мәліметтер жинақтау (оқушының жұмыстары, педагогтардың бақылау нәтижелері, бақылау жұмыстары, тесттер нәтижелері және т.б.) табылады. Сонымен, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың білімдері, іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау жұмысы балаларда жағымды оқу түрткілерін ояту, оқушыларға жеке жетістіктері туралы мәлімет беру, мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелілігін қамту мақсатымен жүргізіледі.
Пысықтау сұрақтары 1. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу нәтижелерін бағалаудың негізі мен маңыздылығын талдаңыз. 2. Білім беру нәтижелерін бағалау инструменттеріне мінездеме беріңіз. 3. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу нәтижелерін анықтауға қойылатын талаптарды талдаңыз. 4. Психологиялық-педагогикалық анықтау әдістерінің мазмұнын ашыңыз. 5. Даму мониторингіне анықтама беріп, оның деңгейлерін сипаттаңыз.
Date: 2015-10-19; view: 4089; Нарушение авторских прав |