Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары
«Психикалық дамуы тежелген» түсінігі орталық жүйке жүйесінің минималды органикалық немесе қызметтік (функционалдық) зақымдануы, сонымен қатар әлеуметтік депривация (жағымсыз әлеуметтік орта) жағдайында ұзақ уақыт болған балаларға қатысты қолданылады. Психикалық дамуы тежелген балалар дамуындағы ауытқушылықтардың себептері мен көрініс табу деңгейлерінің түрлілігіне байланысты біркелкі емес топты құрайды. Клиникалық және психологиялық зерттеулер негізінде психикалық дамуы тежелген балалар 4 топқа бөлініп қарастырылады (Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.С.Лебидинская және т.б.): коституционалды, психогенді, соматогенді, церебралды-органиалық табиғатты. Бұл категориядағы барлық балаларға тән: зейіннің жеткіліксіздігі, гипербелсенділік, есте сақтаудың төмендігі, ойлау іс-әрекетінің баяулығы, іс-әрекетті реттеу қиындықтары, еңбектенудегі нәтижесіздік, эмоционалды-еріктік аймағының жетілмеуі. Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызығушылықтарының анықсыздығы жоғары психикалық қызметтердің жетілмеуімен, есте сақтау бұзылыстарымен, көру және есту қабылдауларының қызметтерінің тежелуімен, нашар қозғалыстық бағытталуымен бірігеді. Қол қимылдарының әлсіздігі балалардың балалардың нәтижелі іс-әрекетіне жағымсыз әсер етеді: сурет салу, құрастыру, жазу. Танымдық қызығушылықтарының төмендігі, баланың жасына сай және алғашқы кезеңде мектепте оқуға өте қажет, қоршаған орта туралы білімдерінің және тәжірибелік дағдыларының шектелуінде көрініс табады. Күрделі емес тілдік жетілмеу дыбыс айту бұзылыстарында сөздік қордың кедейлігінде, логикалық-грамматикалық құрылымдарды меңгеру қиындықтарында орын алуы мүмкін. Көп балаларда фонетикалық-фонематикалық қабылдаудың кемістіктері, дыбыстық-сөйлеу тілін есте сақтаудың төмендігі бақыланады. Эмоционалды-еріктік аймақтағы және іс-әрекеттегі бұзылыстар еріктік ұстанымдардың әлсіздігінде, эмоционалдық тұрақсыздықта, импульсивтілікте, аффективті қозғыштықта, қозғалыстық тежелуде немесе керісінше, апатиялықта орын алады. Коституционалды, психогенді, соматогенді табиғатты психикалық дамуы тежелген балалар, арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көмегімен, қалыпты сынып жағдайында оқи алады. Церебралды-органиалық табиғатты психикалық дамуы тежелген балаларға жалпыға білім беру мектебінде арнайы сыныптарды ұйымдастырған дұрыс. Балалар мұндай сыныпта арнайы оқу жоспарлармен оқытылады. Педагог, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандартында нақтыланған оқыту-тәрбиелеу процесінің мақсаттарына жету үшін оқулықтар мен дидактикалық материалдарды өзі таңдау құқылы. Балалар арнайы жеке немесе топтық сабақтар түрінде түзету көмегін алады. Психофизиологиялық дамуды түзету мен бағдарламалық оқу материалдарын нәтижелі меңгерген жағдайда оқушылар ПМПК шешімімен, ата-аналар келісімімен қалыпты сыныпқа ауыстырылуы мүмкін. Date: 2015-10-19; view: 1769; Нарушение авторских прав |