Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың стратегиялары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек беру концепциясын құруда бірқатар теориялар мен зерттеулер негізгі (маңызды) орын алады: 1) психофизикалық бұзылыстары бар баланың психологиялық-педагогикалық даму заңдылықтары, оның күрделі әлеуметтену процесінің нәтижесі (Т.А.Власова, Л.С.Выготский, В.И.Лубовский, Д.Б.Эльконин). 2) дизонтогенез жағдайында даму арнайы түзете-дамыту ортасын құруды қажет етеді (К.С.Лебединская, В.В.Лебединский, И.Ю.Левченко, В.И.Лубовский, Е.М.Мастюкова, М.С.Певзнер, В.Г.Петрова, С.Я.Рубинштейн, У.В.Ульенкова). Инклюзивті мектепте мұғалім мен ата-аналардың өзара байланыстары келесі принциптерге негізделуі керек: 1) сыйластық пен түсіну; 2) мәлімет пен іскерліктермен алмасу; 3) шешімдер қабылдауға қатысу; 4) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалдығын қабылдау. Мұғалімдер мен ата-аналарға қойылатын талаптар: 1) баланың жетістіктері жайлы білуі үшін ата-аналар мұғалімдермен жиі кездесуі керек; 2) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалды білім алу «жолын» құруда ата-ана белсенділік таныту керек; 3) мұғалімдер баланың «жеке даму картасын» жүргізуі керек: жетістіктері- оқу және тәрбиеленуде; 4) баланың жеке даму бағдарламасына (оқу/тәрбиелеу) қатысты бірқатар міндеттерді ата-аналар атқаруы тиіс; 5) әр тоқсан соңында ата-аналар баласының жетістіктері жайлы мәліметтерді алуы керек; 6) ата-аналар сабаққа қатыса алады; 7) тәрбиелік іс-шараларға шақырылуы керек; 8) іс-шаралады өткізуде ата-аналардың көмегіне жүгінуге болады; 9) ата-аналар балаларына сабақ орындауға көмек беруі қажет; 10) мектептен тыс іс-әрекеттерін, спортпен, басқа да үйірмелерге қатысуға жағдай жасау керек; 11) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арнап арнайы педагогтар, психологтар, мұғалімдер семинарлар, тренингтер өткізулері қажет; 12) мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы ата-аналар комитетіне қосылу керек; 13) мұғалімдерге арналған семинар,тренингтерге ата-аналар қатыса алады; 14) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бірігіп, пікір, тәжірибе алмасу үшін (жалпы білім беретін мектепте баланы оқыту мәселесі бойынша) Ассоциация құруы мүмкін; 15) мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне баруы керек, сонда баланың жақындары арасында қалай өзін сезінетіні жайлы мәліметі болады; 16) (мұғалім - ата-ана) екі жақты нақты міндеттерді атқаруда келісім-шарт жасалып, қол қойылып, жауапкершілікпен жұмыс жасалуы тиіс.
Пысықтау сұрақтары 1. «Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасының қызметтерін сипаттаңыз. 2. Мүмкіндігі шектеулі баланың жекетұлғалық дамуы мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынасындағы бағыттылықтарды анықтаңыз. 3. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының негізгі психологиялық портреттеріне мінездеме беріңіз. 4. Даму мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасында тәрбиелеу модельдерін сипаттаңыз. 5. Ата-аналарда даму мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты қандай ұстанымдар бар? 6. «Бала - ата-ана» қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтауда қандай әдістерді қолдануға болады? 7. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлеріне сипаттама беріңіз. Date: 2015-10-19; view: 5099; Нарушение авторских прав |