Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Интеллект бұзылыстары бар (ақыл-есі кем) балаларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары
Интеллект бұзылысы бар (ақыл-есі кем) балалар категориясына бас ми қырытысының диффуздық органикалық зақымдануы себебінен бүкіл танымдық іс-әрекеті мен эмоционалды–еріктік аймағының тұрақты бұзылыстары бар балалар жатқызылады. Кемістіктің деңгейі зақымның ауырлығы, оның таралуы, пайда болу уақытына байланысты. Ақыл-есі кемдік жағдайында жоғары психикалық қызметтер бұзылысқа ұшырайды. Бірінші қатарда танымдық процестер зақымданады: түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін, эмоционалды-еріктік аймақ, моторика және жеке тұлғаның бүкіл дамуында бұзылыстар бақыланады. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1994 жылы (МКБ – 10 В03) қабылдаған классификацияға сай, ақыл-есі кемдіктен (негізгі) интеллекттің төмендеу дәрежесі қарастырылады: жеңіл (F 70), орташа (F 71), ауыр (F 72) және терең (F 73). Ақыл-есі кем балаларды, олардың интеллектуалдық бұзылыстарының деңгейіне сай бөліп оқыту мақсатымен арнайы мектептің білім беру стандартына 2 типті оқу жоспары енгізіледі. Оқу бағдарламасының І типі – интеллектуалдық дамуында жеңіл бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектебінің жалпы қабылданған бағдарламасы. Бұл категорияға дебилділіктің жеңіл және орташа деңгейіндегі олигофрен-балалар қосылған, олардың танымдық іс-әрекеттері мен ойлауының күрделі қалыптарының жетілмеуі нақты анализаторлардың ауыр бұзылыстарымен толықтырылмайды және эмоционалды–еріктік аймақтары шамалы жақсы сақталған. Бұл балалардың ерекшеліктері – шамалы жақсы деңгейде сақталған іс-әрекет шеңберінде түсінікті тапсырмаларды мақсатқа қоя отырып, орындауға қабілеттілігі. Қалыпты есту мен сөйлеу ағзаларының құрылымында анық ауытқушылықтардың жоқ болу жағдайында экспрессивті және импрессивті сөйлеу тілі тежеледі, моториканың күрделі түрлері дамымай қалады. Бұл топтағы балалардың психикалық процестеріне тежелу мен инерттілік тән. Оқу бағдарламасының ІІ типі - интеллектуалдық даму бұзылыстары орташа деңгейдегі балаларға арналған және арнайы мектеп бағдарламасының жеңілдетілген нұсқасы болып табылады. Бұл категориядағы балалар клиникалық және психологиялық тұрғыдан түрлі топтар болып табылады. Ақыл-есі кемдіктің орташа деңгейінде бас миының жетілмеуі немесе оның ауыр деңгейде органикалық зақымдануымен анықталатын биологиялық фактор маңызды орын алады. Мұндай тұлғалардың психикалық, тілдік және қозғалыстық дамуы өте баяу. Олар өздеріне қызмет көрсету дағдыларын кеш меңгереді, қарапайым мектептік білімдерді көбісі меңгере алмайды, ал меңгергендердің оқу, санау, жазу дағдыларында кемістіктер көп және олар әлеуметтенуге көмек бере алмайды. Бірақ, арнайы ұйымдастырылған үйрету нәтижесінде балалардың көбісі қажетті іс-әрекет ережелерін меңгеріп, арнайы жағдайларда еңбектене алады. Мұндай тұлғалар қарапайым әрекеттерді үнемі бақылау және жетекшілік жасау, олардың жеке және жекетұлғалық қасиеттерін ескеру, тұрақты қоршаған орта мен оларға қойылатын талаптардың тұрақты болу жағдайында орындай алады. Олар тұрақты әлеуметтік қорғау мен көмекті қажет етеді. Ақыл-есі кемдіктің жеңіл деңгейіндегі балаларға арнап жалпыға білім беру мектептерінде арнайы сыныптарды ашқан тиімді: күннің бірінші жартысында олармен арнайы педагог жұмыс жасайды, ал екінші жартысында балалар барлық құрдастарымен қатар қосымша білім беру шараларына, тәрбиелік іс-шараларға қатысады. Арнайы сыныпты ашуға қиындықтар туындағанда, контингенттің жетіспеуінде немесе ата-аналардың қалауынша, жеңіл деңгейде интеллектуалдық бұзылыстары бар 1-3 баланы жалпыға білім беру мектептің қалыпты сыныбының құрамына қосуға болады. Бұл балаларды мектептік психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум мамандарының (олигофренопедагог, психолог, логопед) көмегімен қамту керек. Ақыл-есі дамуы жеңіл деңгейдегі балалар жалпыға білім беру мектебінде интеллект бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері бойынша оқытылады. Эмоционалды–еріктік аймағында, сонымен қатар ерте балалық шақ аутизміне шалдыққан балаларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары. Эмоционалды–еріктік аймағында бұзылыстары бар балалар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың көмегімен, жалпыға білім беру мектебінің қалыпты сыныбында оқи алады. Коммуникативтік және әлеуметтік даму мүмкіндіктері сақталған оқушылар арасында, оларды мектепте оқуға толық бейімдеу мен интеграциялау үшін, кешенді психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізу қажет. Ерте балалық шақ аутизмі синдромы – психикалық дамудың зақымданған нұсқасының клиникалық моделі. Мұндай жағдайда кейбір психикалық қызметтері баяу, ал басқалары өте тез дамиды. Нақты өмірден қашу, сыртқы әсерлерге жауаптың жоқтығы немесе парадоксалдылығы, қоршаған ортамен байланыста белсендігі төмен немесе жоғары деңгейлі сезімталдық - аутизм деп аталады (К.С.Лебединская). Жеке тұлғаның аутисттік бұзылыстарының клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездемелері күрделі, көпбейнелі. Л.Н.Каннер бойынша ЕБА синдромының негізгі көрсеткіштері болып, үш түрлі симптомдардың бірлесуі табылады: аутизм аутисттік уайымдармен; стереотиптік ұстамдылық элементтерімен бір типті іс-әрекеттер; тілдік даму бұзылыстарының ерекшеліктері. Аутизм 3-5 жаста өте анық көрініс табады. Мұндай диагнозы бар балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпыға білім беру мектептерінде, жалпы мектептердің арнайы сыныптарында, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұрады. Қазақстан Республикасында ерте балалық шақ аутизмі бар балаларды оқыту, әлеуметтендіру мәселелерімен «Ашық әлем» қоғамдық ұйымы айналысады. Date: 2015-10-19; view: 1864; Нарушение авторских прав |