Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тіл бұзылыстарының түрлері





Дыбыс айту бұзылыстарын дислалия деп атайды. Механикалық дислалия – дыбыс айту бұзылыстары артикуляциялық аппарат құрылымының бұзылыстарымен байланысты: тістесудің дұрыс болмауы, тіласты жүгенінің қысқалығы, шектен тыс тілдің үлкен (макроглосия) немесе кішкентай (микроглосия), жіңішке болуы. Артикуляциялық аппарат құрылымы қалыпты болғандағы дыбыс айту бұзылыстары функционалдық дислалия деп аталады.

Жиі кездесетін тілдің дыбыс айту бұзылыстарының түрі – дизартрия деп аталады. Ол орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануында пайда болады. Мұндай жағдайда баланың кемістігі дыбыс айту бұзылысымен шектелмейді, бала тілінің просодикалық жағы да бұзылады – сөйлеу жылдамдығы (жәй немесе жылдамдатылған), ырғағы (тақпақтап (буындап) сөйлеу, үзіп, ырғақтық-ретсіз сөйлеу) және интонациясы. Неврологиялық пікір бойынша (жүйке жүйесінің зақымдану бөлігіне байланысты) дизартрия қыртысасты, қыртысты, мишықтық, бульварлы және псевдобульварлы болып бөлінеді.

Тіл бұзылыстарының ауыр түріне ринолалия жатқызылады. Ринолалия – тілдің просодикалық жағы мен дыбыс айту бұзылысы. Бірінші кезекте, артикуляциялық аппараттың құрылымындағы еріндер, альвеоларлық өскін, қызыл иектер, қатты және жұмсақ таңдай, қуыс түріндегі бұзылыстардың дауысқа әсер етуі. Баланың сөйлеуі ұзақ уақыт түсініксіз болады (көп дыбыстарды дұрыс айтпауынан).

Кейде балада ринофония да кездеседі – дыбыс айтуы сақталған жағдайда фонация мен просодикалық бұзылуы.

Моторлық алалия (жалпы тіл кемістіктері бар балалардың топтарында мұндай балалар басым болады) - бас миының жетілмеуімен байланысты бүкіл сөйлеу жүйесінің қалыптаспауы.

Сенсорлық алалияны негізгі көрсеткіші – қатысты сөйлеуді түрлі деңгейде түсінбеу: бір жағдайларда бала сөйлегенді мүлдем түсінбейді, басқа жағдайларда кейбір сөздерді ғана түсінеді, жеңіл жағдайларда -қарапайым қатысты сөйлеуді түсінеді, бірақ балада фонематикалық қабылдау жеткіліксіз қалыптасқан, акустикалық ажырату, акустикалық талдау мен синтездеу жоқ. Бұл бас ми қыртысының жетілмеуімен байланысты. Моторлық алалияға қарағанда, сенсорлық алалия жиі кездеседі.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы – қалыпты есту және алғашқы сақталған интеллект жағдайында, барлық тілдік жүйе тілдің дыбыстық және мағыналық жақтары (дыбыс айту, сөздік қор, грамматикалық құрылым, байланыстырып сөйлеу) компоненттерінің қалыптасуындағы бұзылыстар.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар топтары үшін жинақы термин болып табылады.

Тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі дегеніміз – фонемаларды айту мен қабылдау кемістіктері себебінен түрлі тілдік бұзылыстары бар балаларда ана тілінің дыбыс айту жүйесінің қалыптасу процесіндегі бұзылыстар. Оқу процесінде, білім беру Стандартына, оқушылардың білімдері мен іскерліктеріне, балалардың даму ауытқушылықтарына жоюға қоятын талаптарға сай, тіл бұзылыстары бар балалардың бағдарлама материалын нәтижелі меңгеруіне көмек беретін, арнайы құрастырылған оқу-әдістемелік кешендер қолдану керек. Сонымен қатар, арнайы педагогикалық қолдауды логопед, қажет болғанда психолог көрсетеді. Логопедиялық сабақтар жеке немесе 2-4 адамнан тұратын кіші топтармен жүргізіледі. Сабақтың ұзақтылығы: бастауыш мектепте – жеке 15 минут, кіші топтарда – 30-40 минут. Жеке сабақтарға балалар аптасна 2-3 рет барады. Логопедиялық сабақтарға балалар логопунктқа немесе психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне барады.

Date: 2015-10-19; view: 2743; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию