Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Есту бұзылыстары бар балаларды жалпыға білім беру мектепте оқыту шарттары





Есту бұзылыстары бар балалар, бірақ интеллект бұзылысы жоқ, білімді, негізгі орта немесе жалпы орта білімді, білім беру мектептің арнайы сыныбының жағдайында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау алу арқылы, қалыпты дамитын балалармен бір сыныпта оқу арқылы алады.

Есту қалпы бойынша балалар нашар еститіндер мен саңырауларға бөлінеді.

Мүкісқұлақ – сөйлеу тілін қабылдауда қиындықтарға соқтыратын, естудің тұрақты төмендеуі. Нашар есту түрлі деңгейлермен анықталады: сыбырлап сөйлеуді қабылдаудағы бұзылыстан дауыстап сөйлеу тілін қабылдай алмауға дейін. Нашар есту жағдайында балада сөйлеу тілін қабылдау мен өзіндік меңгеруінде қиындықтар туындайды. Бірақ есту арқылы шектеулі деңгейде болса да сөздерді (өзгертілген түрде болса да) меңгеру мүмкіндігі сақталады.

Кереңдік – естудің терең бұзылысы, сөйлеу тілін дыбыс қабылдау аппаратынсыз қабылдау мүмкін емес жағдайы. Мұндай бұзылысы бар балалар өзіндік деңгейде сөйлеу тілін меңгере алмайды (сөйлеу тілі ретсіз қалыптасады).

Әр топта естудің түрлі төмендеуі анықталады. Есту бұзылыстары бар балалар сабақта мәліметті дыбыстық – көру негізде қабылдайды, сондықтан мұғалім сөйлеу тілінің анықтығын, оны бала түсінгенін қадағалап, баланың сөйлеу тілінің дыбыстық-буындық құрамын нақтылап, түзетіп отыруы керек. Бала сыныпта жақсы естілетін және мұғалімнің тақтаға жазғанын жақсы көретін орында отыруы тиіс.

Есту бұзылыстары бар балалардың арасынан кохлеарлы имплантант салынған балаларды ортаға қосу жағдайын ерекше қарастырған дұрыс. Кохлеарлы имплантациядан соң балалар ПМПК-ға түзету, оқыту және тәрбиелеу жағдайларына аденваттыбілім беру бағдарламасының түрі мен типін анықтау үшін жіберіледі. Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің іс-әрекетін ұйымдастырудың типтік ережелерінде қарастырылған: кохлеарлы имплантанты бар балалар (1-4 жас аралығында орнатылған және кохлеарлы имплантанцияға дейін 6-айдан кем емес дыбысты қабылдау аппаратын үнемі пайдалану тәжірибесі бар) сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпыға білім беру мекемелеріне қабылданады. Кохлеарлы имплантанты бар, белсенді сөйлеу тілінің дамуы мен қабылдауы төмен деңгейлі, кохлеарлы имплантация 5-6 жастан соң жасалған балалар нашар еститін балаларғаарналған арнайы жалпыға білім беру мектептеріне жіберіледі. Сонымен қатар, кохлеарлы имплантанты бар балалардың ата-аналары мекен-жайы бойынша оқу орнын таңдау құқығына ие, бірақ мұндай жағдайда бала ұзақ мерзімді дыбыстық-сөйлеу реабилитациясынан өтуі керек.

Есту бұзылыстары бар балаларды оқыту сонымен қатар кохлеарлы имплантанты бар балалар да, түрлі типті дыбыс күшейту электро-акустикалық аппараттарды үнемі қолдану жағдайында жүргізіледі (стационарлық ұжымдық жеке пайдаланылатын және жеке дыбыс қабылдау аппараттарын, FM жүйесін, дыбыстық кабинет пен мектеп бөлмесіндегі магниттік құрықты, радиофикацияланған мектеп залы, рекреациялар, дәліз бен қабылдау бөлмесі). Есту бұзылыстары бар балаларды оқытатын инклюзивті мектепте фонотека, музыкалық аспаптар, дыбыс шығаратын ойыншықтар болуы тиіс.







Date: 2015-10-19; view: 2567; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию