Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ерекшеліктері





Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі бүгінгі күнде аса маңызды мәселелердің бірі.

В.А.Ясвиннің ойынша, жеке тұлғаның психологиялық мінездемесі (А.Маслоу бойынша), «педагогтар қолынан шығарылатын», «сапалы затты» модельдеу мен жобалаудың нақты нысанасы болуы мүмкін:

- қоршаған ортаны белсенді қабылдау және онда жақсы бағдарлай алу;

- өзін және басқа адамдарды ерекшеліктеріне сай қабылдау;

- өз ой-пікірлерін және сезімдерін ашық білдіріп, іс-әрекеттерінде еркін болу;

- өзінің ішкі өміріне (сезімдері, уайымдары) ғана емес, «сыртта» болып жатқан жағдайларға назар аудару;

- көңілді, әзілкеш болу;

- дамыған шығармашылық қабілеттер;

- ережелерді қабылдай алу;

- тек өзімен ғана айналыспау, басқаларды да уайымдау;

- өмірді түсінуге ұмтылу;

- қоршаған адамдармен (барлығымен болмаса да) жақсы қарым-қатынаста болу;

- өмір сүруде жаңа, қызықты жолдар іздеуге ұмтылу.

В.А.Ясвиннің ойынша, мұндай білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – әр оқушы үшін дамуына жағымды жағдай жасау арқылы оқу процесін модельдеу. Білім беру ортасы балаға дамуындағы түрлі бағыттар бойынша (физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік және т.б.) жоғары нәтижелерге жетуге жағдай жасауы тиіс.

Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық компонентін модельдеу мен ұйымдастыруға Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде назар аударған. Ол оқу мекемесінің кеңістіктік-заттық ортасын қарастырғанда бала мектептің ғимаратының, отыратын сыныбы мен орнының және т.б. әдемі болуы, ұнауы туралы айтқан.

Мария Монтессори бірінші болып білім беру ортасының кеңістіктік-заттық моделі жекетұлғалық дамудың негізгі факторы екендігіне назар аударған. М.Монтессори білім беру ортасының кеңістіктік-заттық ұйымдастырылуын «дайындық ортасы» деп атаған. Инклюзивті білім беру ортасын модельдеуде ерекше қажеттіліктері бар балалардың келесі ерекшеліктеріне назар аудару керек:

- алғашқы бұзылыстың (кемістіктің) құрлымына;

- оның көрініс табуына;

- психофизикалық дамудың мінездемесі мен ерекшеліктеріне (сенсомоторлық, көру, сезу, есту, қимыл-қозғалыс, көру-кеңістік); екіншіден дамыту ортасының концепциясында құрастырылып, ұсынылған талаптарды ескеру; мұнда келесі принциптер ерекше маңызға ие болады:

1. Ортаның көптеген қырлары мүмкіндіктері шектеулі балаларды түрлі әрекеттерге итермелейтін жағдайлар жасайды. Шартты түрде өзіндік іс-әрекеттер орындай алатын балалардың түрлі міндеттерді шешуге негіз болатын дидактикалық материалдар, көрнекіліктер ұсынылады, қолжетімді болып орналастырылады.

2. Жайлылық және тұрақтылық принципі. Ортаның компоненттерінің тұрақтылығы, сенімділік пен қамқорлық беруі.

3. Әр баланың даму ерекшеліктерін ескеру принципі. Инклюзивті кеңістікті жобалауда баланың психофизиологиялық даму деңгейін, қызығушылықтарын ескеру керек. Орта баланың өзекті, жақын даму және өзіндік даму қажеттіліктерін қамту керек.

4. Коммуникативтік мүмкіндіктерін дамыту.

5. Тиімділік пен қолжетімділік принципі. Ортаның әрбір компоненттері жалпы мақсаттарға сәйкес болуы керек. Ерекше балаға дамытатын заттық ортаның қолжетімді болуы – материалдар, кітаптар, көрнекіліктердің қол созымды деңгейден жоғары болмауы.


Инклюзивті кеңістікке қосылған балалар контигентіне байланысты

дамытатын заттық орта өзіндік ерекшеліктерге ие болып, барлық іс-әрекет түрлерін терең дамытуға жағдай жасайды. Яғни, инклюзивті сыныпта кіші топтармен немесе белсенділік орталықтарында балалармен жүргізілетін жұмыстарда білім беру ортасын түрлендіру қажет:

- бала сипап сезу арқылы ажырататын белгілері бар оқу орталықтары мен басқа да сыныптағы аймақтарды жабдықтау;

- баланы сабаққа дейін сынып бөлмесімен таныстыру;

- ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға басқа балаларды тарту;

- баланы қоршаған орта тұрақты болуы тиіс;

- төтенше жағдайдың пайда болу жағдайына әрекеттер жоспарын құру; оқу жағдайында көмек дер кезінде көрсетілуін қамту;

- қажет болғанда мүгедектер арбасы өтетіндей етіп, есікті кеңейту; барлық баспалдақтарды пандустармен жабдықтау;

- мүгедектер арбасымен еркін қозғалу үшін жиhаздарды ыңғайлы етіп орналастыру;

- топтық сабақтар мен ұжымдық ойындарға арналған кеңістікпен қамту;

- ғимаратта мүгедек арбасымен кіруі мүмкін емес әжетхананы баланың пайдалануына байланысты жабдықтау;

- баланың мұғаліммен немесе басқа баламен жұмыс жасауына арналған бұрышты жабдықтау;

- бұрыштың ішінде болып жатқанды мұғалімнің қадағалауы, ал балалар сыныптағыларды көрмеуі үшін ол бұрыш ширмамен бөлінуі тиіс;

- іс-әрекет орталықтарын, физикалық тосқауыл ретінде тақтайшалармен бөлу керек;

- зақым келтірмейтіндей етіп, жиhаздардың үшкір бұрыштарын жұмсақ заттармен қаптау;

- балаға, демалу керек болған сәтте, қимыл-қозғалыс жасауға жағдай жасау;

- танымал ортамен қамту.

Инклюзивті сыныпта мүгедектігі бар балаларға арналған ортаны ұйымдастыруда міндетті түрде:

- балаларды ыңғайлы орындарға отырғызу керек;

- балаларды жақсы оқитын баламен отырғызу;

- сыныпта жағымды рольді атқаратын баламен отырғызу керек;

- назарды аударатын заттардың жанына отырғызбау;

- жеке жұмысқа арналған орындарды немесе сыныптағы тыныш аймақтарды пайдалану;

- сынып тақтасын қажет емес материалдармен толтырмау;

- қауіпсіз, кедергілер мен асулардан бос, қолжетімді орта қажет;

- сыныпта қозғалуға адекватты кеңістікпен қамту;

- оқушылардың бір-бірімен араласып, жұмыс жасауына арналған оқу орындарын ұйымдастыру.

 

Пысықтау сұрақтары

1. «Білім беру ортасы» түсінігінің мағынасын ашыңыз.

2. Білім беру ортасы, Я.А.Коменскийдің ойынша («Ұлы дидактика»), қандай болуы тиіс?

3. М.Монтессори сыныптың кеңістіктік-білім беру ортасын модельдеуде қандай жағдайларға назар аударған?

4. Түрлі балаларға арналған инклюзивті сыныптың кеңістіктік-білім беру ортасын модельдеуге қойылатын талаптар мен қағидаларды сипаттаңыз.

5. Кеңістіктік-білім беру ортасын дәстүрлі модельдеуді сипаттаңыз, оның жетістіктері мен кемшіліктері.

6. Кеңістіктік-білім беру ортасын инновациялық модельдеуді сипаттаңыз, оның жетістіктері мен кемшіліктері.

 







Date: 2015-10-19; view: 1661; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию