Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары» түсінігі
Инклюзивті білім берудің маңызды принциптерінің бірі болып ведомствоаралық интеграция принципі мен әлеуметтік серіктестік болып табылады. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды білім беру арқылы интеграциялаудың стратегиялық мақсаттарына әлеуметтік серіктестік процесі және жалпыға білім беру педагогтары мен медициналық, психологиялық және дефектологиялық бағыттардағы мамандардың үнемі өзара байланыстары арқылы қол жеткізуге болады. Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары деп баланың мәселелерін шешуде кешенді бағытты қамтитын, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру процесінің субъектіне (бала, топ, сынып) жетекшілік жасауға бағытталған түрлі мамандар мен педагогтардың біріккен іс-әрекеті саналады. Сонымен, жалпыға білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық қолдау көрсетудегі мамандардың өзара байланыстарын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «жүйелі әсер» деп қарастырады. Жүйелі әсер түрлі мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) бірігіп жұмыс жасауы арқылы іске асырылады. Мамандар пәнаралық байланыс процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің стратегиясын, тактикасын, мазмұнын және динамикасын құрастырады, мүмкіндігі шектеулі баланың және оның отбасының мәселелерін кешенді және нәтижелі шешеді. Мұндай өзара байланысқа жатады: - баланың мәселелерін анықтау мен шешуде, түрлі бағыттағы мамандардың көмегін ұсынуда кешенді жұмыс жүргізу; - баланың жекетұлғалық және танымдық дамуын талдауда жан-жақты жұмыс жүргізу; - баланы жалпы дамытуға және оқу-танымдық, тілдік, эмоционалды-еріктік және жекетұлғалық аймақтарының кейбір қырларын түзетуге арналған кешенді жеке бағдарламаларын құрау. Мұндай өзара байланыс түрлі міндеттерді реттеу мен нәтижелі шешуге мүмкіндік береді: - мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өткізу және оларды білім беру процесіне қосу жағдайын анықтауға, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын және инклюзивті сыныпқа (топқа) оқу-әдістемелік кешенін таңдауға; - оқу құралдары мен дидактикалық материалдарын оқушыларға бейімдеуге; - жалпыға білім беру мекемесі мамандарының кәсіби құзыреттілігін жоғарылатуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыруға; - біріккен іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыруға (пәнаралық консилиумдар, оқыту және тәжірибелік семинарлар, әдістемелік бірлестіктер және т.б.); - жалпыға білім беру мекемелеріндегі инклюзивті тәжірибені бағалауға және мониторинг жүргізуге; - барлық, нақты шешімдерді қажет ететін сұрақтар бойынша білім беру процесінің жалпы сапасын жоғарылату үшін (оның барлық қатысушылары үшін: әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналар); - үнемі бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасайуға; - бір-біріне көмек береге, көмек алуға, кеңес беруге, сыни ескертулер жасауға және тыңдауға; - ортақ іске қосатын жеке еңбегі үшін бір-біріне сыйластықпен қарауға; - жалпы мақсатқа жету үшін біріккен кәсіби топ ретінде нәтижелі жұмыс жасауға; - педагогтар мен мамандар өздерінің, сонымен қатар жаңа педагогтың да кәсіби құзыреттілігін жақсарту үшін олармен үгіттеу жұмысын жүргізуге. Инклюзияның мақсаттарын іске асыру үшін білім беру мекемесінде түрлі бағыттағы мамандар жұмыс істейді – дефектологтар, психологтар, логопедтер, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтары, медициналық қызметкерлер. Инклюзивті топтағы жұмыс нәтижелі болуы үшін мамандардың өзара байланыстарын ұйымдастырудың түрлі жобаларын құрастыру қажет. Инклюзивті топтың іс-әрекетін басқару үшін жалпыға білім беру мекемесінде пәнаралық топтар құрылады. Пәнаралық топтар нақты мектептің немесе балабақшаның (сыныптың) негізінде құрылады және келесі мамандардан тұрады: педагог-тәрбиеші, мұғалім, дефектолог, психолог, логопед, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогы, ата-аналар. Пәнаралық топ жұмысының мақсаты: инклюзивті топтың/сыныптың іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру. Пәнаралық топ іс-әрекетінің негізгі бағыттары: - балаларды пәнаралық анықтаудан өткізу; - пәнаралық анықтаудың нәтижелерін ескеру арқылы жеке білім беру жоспарларын құру; - типтік білім беру бағдарламасына сай топтың (сыныптың) іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; - топта (сыныпта) күнделікті істер мен сабақтардың ретін жоспарлау; - ата-аналармен бірігу мен өзара байланысу әрекеттерін талқылау және жоспарлау; - төтенше жағдайларды талдау және оларды шешу әрекеттерін ұйымдастыру. Педагогтар мен мамандардың топтық жұмысының 5 негізгі принциптері бар: - инклюзивті білім беруді бірыңғай психологиялық-педагогикалық идеология және стратегия екендігін қабылдау; - маманның басқа пәндерге қызығуы, әмбебабтық пен жаңашылдыққа, жаңа білімдерді меңгеруге дайындығы; - топ мүшелерінің барлығын сыйлау, түсіну, ашық болу, көмек көрсетуге дайын болу; - білім беру процесінде топ мүшелерінің тең құқылы болуы; - жалпы жұмыстың нәтижелеріне жауапкершілік; - топ мүшелерінің рольдерін шешуде олардың басымдылығын сақтау. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің барлық кезеңдеріне қосылатын топтың жұмысында мамандардың мүмкіндіктері оптималды қолданылып, мүмкіндігі шектеулі баланың және оның отбасының мәселелері нәтижелі және кешенді шешіледі. Пәнаралық өзара байланыстың нәтижелілігінің көрсеткіштері болып саналады: - баланың даму деңгейі мен ерекшеліктерін, оның ресурстық мүмкіндіктерін ескеру; - бейімдеу мен әлеуметтендіру міндеттерінің басымдылығы; - инклюзивті орта субъекттері арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты ескеру; - «қажетті маманды керек сәтте» баламен жұмысқа қосудағы адекватты реттілік; - баланың білім алуға бейімделуі мен әлеуметтенуіне ата-аналардың қатысуы, олардың мамандармен серіктестік қарым-қатынасқа түсуі. Мамандардың топтық жұмысының негізгі аспектілері. Бірінші аспект: балабақшадан мектепке дейін бірыңғай инклюзивті білім беру траекториясын жасау. Бұл міндетті нәтижелі іске асыру шарттары болып табылады: - әр кезеңдерінің нормативті даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу; - міндеттелген оқу нормативтерін емес, әр жас кезеңінің психологиялық және педагогикалық міндеттерін түсіну; - «ерекше» балалардың ерекшеліктерінің механизмдері мен себептерін түсінуге негізделе отырып, олардың психикалық дамуының өзгешелігін ескеру; - даму нұсқаларының клиникалық көріністерін және көрсетілуі мүмкін медикаментозды көмек түрін білу; - білім берудің әр баспалдағының ішкі білім беру міндеттерін ескеру; - балалар қауымдастығының түрлі жасерекшілік кезеңдерінде өзара байланыстардың даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу. Екінші аспект: білім беру мекемесінде инклюзивті кеңістікті қалыптастыруды біртіндеп енгізу. Бұл бағыттағы пәнаралық қолдау көрсетудің ұйымдастырылған «қадамдарының» нәтижелілігі келесі жұмыстармен анықталады: - инклюзивті білім берудің мағыналық кеңістігін анықтайтын нәтижелі мамандар тобын құрумен; - баланың даму ерекшеліктеріне және білім беру мекемесіндегі білім ортасына адекватты балалар топтары немесе сыныптарының құрылуы; - мүмкіндігі шектеулі балаға қажетті ретпен және тиіс мөлшерде нәтижелі көмек көрсету жолдарын қарастыру; - білім беру бағдарламаларын тиімді модификациялау, баланың мүмкіндіктеріне сай бағдарлама материалдарын ретімен және тереңдетіп берудегі адекватты жұмысты құру; - бірыңғай пәнаралық топ жағдайында жұмыс істеуге қажетті педагогтар мен басқа мамандардың квалификациясын жоғарылату және әдістемелік көмек беру; - ата-аналармен психотерапевттік жұмыс жүргізу.
4.2 Инклюзивті білім беруде педагогтар мен түрлі мамандардың Date: 2015-10-19; view: 2359; Нарушение авторских прав |