Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жасөспірімдердің ауытқушылықты мінездерінің типтері





А.Е.Личконың классификациясы бойынша жасөспірімдерге тән мінез акцентуацияларының негізгі 11 типі бар.

1. Гипертимдік тип. Жасөспірімдердің басты ерекшеліктері - кейде
ашушаңдылық пен тітіркенулермен қатар жүретін жақсы көңіл-күй. Олар
белсенділікті, тапқырлықты талап ететін жағдайлардағы ауырлықтарды
жақсы көтереді, бірақ көбіне бір орында отыра алмайды, тәртіпті сақтауда
кемшіліктері бар.

2. Циклоидты тип. Жасөспірімдердің көңіл-күйінің көтеріңкі болуы анық
депрессиялық күймен алмастырылып тұрады. Кішкентай ғана сәтсіздіктерді
қатты уайымдайды.

3. Лабильді тип. Бұл типті жасөспірімдердің көңіл-күйлері өте өзгермелі.
Ешбір сәтсіздік және жағымсыз жағдай болмағанның өзінде олар уайымға
батуы мүмкін, қоршаған адамдардың оларға көзқарасын жақсы түсінеді және
сезеді, олар өте сезімтал.

4. Астеникалық тип. Аса жоғары тітіркенушілік, шаршау, қырсықтық және
күмәншілдікпен мінезделенеді. Өте жиі шаршау ақыл-ой жұмысын қиын
орындауда көрініс табады.

5. Сензитивтік тип. Балалық шақта бұл балалар қараңғыдан, жалғыздықтан,
жануарлардан, бейтаныс адамдардан қорқады. Олар үлкен топтарды,
құмарлықты, жылдам қозғалысты ойындарды ұнатпайды. Ата-анасына
жақын, оларды тыңдайды.

6. Психастеникалық тип. Жасөспірімдер ерте және жылдам деңгейлі
интеллектуалдық дамумен сипатталады. Оларда өз-өзіне сенімділік
батылсыздықпен бірлеседі.

7. Шизоидты тип. Бұл типтің ең ерекше қасиеті - тұйықтылық.
Жасөспірімнің ішкі өмірі түрлі қиялдарға, ерекше қызығушылықтарға толы.
Олар өз пікірлерін қорғай алмайды.

8. Эпилептоидты тип. Балалар ұжымында жасөспірімдер өздерін өктемшіл
етіп ұстайды, оларға басқалар өз еркімен немесе қорыққаннан бағынады.

9. Истероидты тип. Бұл типтің басты қасиеттері - эгоцентризм, қоршағандар
жағынан оларға үнемі зейін аударылып тұрғанын талап ету.

10. Тұрақсыз тип. Бұл типті жасөспірімдер уақытты көңілді өткізуге және
ешбір іспен айналыспауға бейім. Олардың еркітері әлсіз, қандай болмасын
тұрақты қызығушылықтары жоқ.

11. Конформды тип. Басты қасиеті - барлық кезде микроортаның
ережелеріне сай жүру. Бұл типтегі адам өз қызығушылықтары үшін досын
сатуға, қиын сәтте оны тастап кетуге дайын.

Сипатталған типтерден басқа аралас типтер де болуы мүмкін.







Date: 2015-10-19; view: 2207; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию