Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Танымдық сфераның даму ерекшеліктері





Танымдық процестерінің сақталған мүмкіндіктері бар туа біткен соқыр-керең балалардың сезу және иіс түйсіктері жақсы дамыған. Егер бұл баланың белсенділігінің дамуына кедергі жасалмаса және ұстап алу, отыру, тік жүру, әрекеттерін орындауда өз-өзін басқару дер кезінде үйретілсе, онда оның бөлмеде еркін бағытталуын және толық заттық әрекеттерді орындауын дамытуға болады.

Мұндай бала ерте балалық шақтан таныс бөлмеде еркін қозғалады, жақындарын иістерінен, қозғалыстарынан, аяқтары мен аяқ-киімдерін ұстап көріп таниды, ұнататын ойыншықтары мен заттарын алып ойнайды.

Мұндай балалардың тері сезімталдылықтары мен қозғалыс есі қоршаған ортаны тану әдісі болады. Соқыр-керең адам барлық кезде өзінің қозғалыс және сезу тәжірибесіне сүйенеді. Оның өзіндік қозғалыс белсенділігінің /аударылу, ұстап алу, отыру, еңбектеу және жүру/ дер кезінде пайда болуына кеңістікте бағытталуы және қабылдауының дамуы тәуелді. Керең-соқыр баланың қозғалысының дамуына ерте балалық шақтан үлкен назар аудару қажет. Тері сезімталдылығы негізінде керең-соқыр адамдар заттарды ұстап көру және әрекет орындау арқылы қабылдайды. Олардың иіс сезу мүмкіндіктері таңқаларлық: керең-соқырлар арақашықтықта таныс немесе бейтаныс адамды тауып алады, ашық терезеден келген иістен даладағы ауа-райыны біледі, бөлменің ерекшелігін анықтайды және қажетті заттарды табады.

Керең-соқырлар жастары келе жақындаған адамдарды жүрісінен таниды, бөлмеге кірген адамды анықтай алады, қолдарымен музыканы «тыңдайды», аяқтарымен үйдегі, даладағы, т.б. қатты дыбыстардың бағытын анықтайды. Дыбыстар толқынын сезу түйсіктері қабылдау мен ауызша сөйлеу қалыптасуының негізі болады.

Ерте тексеру және есту аппаратын дұрыс таңдау керең-соқыр баланың есту мүмкіндіктерін кеңейтуге және дамытуға жол ашады. Сақталған көру мүмкіндігі бар керең-соқыр балалардың көру қабілетін дамытуға бағытталған арнайы сабақтар арқылы оларды қоршаған ортада дұрыс бағытталуға үйретуге болады.

 







Date: 2015-10-19; view: 1973; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию