Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикалық жүйелер. Қандай экономикалық жүйелерді білесіз. Әр қайсысына сипатын беріңіз





Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

2. Әкімшілік — әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

1.Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

1.Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

2.Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

3.Техникалық прогресс шектеулі.

4.Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

5.Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

6.Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік-әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:

Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктің болуы.

.Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады:

1.Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2.Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3.Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4.Орталықталынған ресурстар қоры.

Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

3.Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Нарықтық экономика жүйесі –нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Нарықтық экономикаға тән қасиеттер:

1.Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

2.Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

3.Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономикажүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.

 

Нарықтық экономика инфрақұрылымын мәнін көрсетіңіз. Заманауи экономикадағы нарықтық инфрақұрылымның құрылымы мен ролін көрсетіңіз.

Кез келген қазiргi объективтi жүйенің сияқты, нарықтың да меншiк инфрақұрылымы бар. «Инфрақұрылым» термині қазіргі жүз жылдық басында, экономикалық талдаудың қарулы күштердiң қызметін дұрыс қамтамасыз ететiн объекттерін және ғимараттарын белгiлеу үшін қолданылған. 40-шы жылдары Батыста инфрақұрылыммен материалдық игiлiктер және қызметтер өндiрiсiнiң дұрыс жұмыс жасауына себепшi болатын салалардың жиынтығын түсiне бастады. Инфрақұрылым мәселелерiнiң зерттелуi бұрынғы Кеңес Одағының экономикалық әдебиеттерінде 70-шi жылдары басталды.Нарық – еркiн ашылмалы-жабылмалы бағалар бойынша тауарлардың сауда-саттығы өтетін орын.Нарықтық экономика – бұл тауарлар және қызметтердiң сатып алу-сату жөнiндегі экономикалық қатынастардың жүйесi, ол әлеуметтiк-экономикалық мәселелер шешiмдерің тиiмдi қамтамасыз ететiн меншiк, еркiн бәсеке және баға белгiлеудiң барлық формалары, плюрализм шартындағы қазына арқылы iске асады.Нарықтық экономикаға инфрақұрылым қажет, ол өзара байланысты мамандандырылған ұйымдардың жүйесi, тауарлар, қызметтердiң өзара байланысты ағындарының, қазына, бағалы қағаздар және жұмыс күшінің жағдайы жайлы мәселелер жиынтығы. Мысалы, тауарлық нарықта сауда биржасы, көтерме және бөлшек сауда кәсiпорындары, делдалдық қызметпен шұғылданатын фирмалар және т.б жұмыс iстейдi.

Ең алдымен, «инфрақұрылым» ұғымын қарастыру үшiн, «инфрақұрылым» терминінің өзі қандай мағына беретінін анықтау керек.Инфрақұрылым (латын тілінен infra – астыңғы, астында және structura – құрылыс, орналасқан жер) – нарықтың теориясында: негiзгi макроэкономикалық ағындардың өзара байланысын қамтамасыз ететiн нарықтық институттардың кешені. Инфрақұрылымды «кең» және «тар» деп танып бiледi. Нарықтық инфрақұрылымға кең мағынада барлық жергiлiктi нарықтардағы институттардың барлық жүйелерiн жатқызады. Тар мағынада инфрақұрылымның заттық объектілерiн айтады, әдетте өндiрiсi және қолдануы мемлекетпен қамтамасыз етiлетін «қоғамдық тұтыну тауарлары», (қалалық көлiк жүйелерi, сумен жабдықтаудың муниципалдық жүйелері жәнет.б.).Оның құрамы:ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.Немесе басқаша айтқанда, инфрақұрылым бұл өндiрiске қызмет етуші шаруашылықтар салаларының кешенi.

Нарықтың инфрақұрылымы - бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.

Нарықтық инфрақұрылымдардың төрт негізгі түрі бар: тауар нарығы, қаржы нарығы, еңбек нарығы және ақпараттық нарық.

9)Натуралды және тауарлы өндірістің формаларының мәнін ашып көрсетіңіз. Пайда болу ерекшеліктері мен шарттарын түсіндіріңіз.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды шаруашылық:

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

Тауарлы шаруашылық:

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды. Тауарлы қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздеріне тоқталайық. Олардың ең бастысы – қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әрбір өндіруші қоғамға қажетті өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандалады да, соның арқасында еңбек өнімділігін артып,молырақ табысқа ие болады. Еңбекші негізі – жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы және өндірген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана алу осы жағдайлар тауарлы өндірісті қажет етеді және оған негіз болады. Сөйтіп, еңбектің нәтижесі тауарға айналады да, қоғамдық өндіріс тауарлы өндіріс түріне көшеді.

Date: 2015-10-22; view: 1320; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию