Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нарықтың мәнін ашыңыз. Оның қызметін және жіктелуін көрсетіңіз





Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» — бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады.

Нарық (рынок) дегеніміз:

1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы;

2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар – ақша қатынастары;

3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;

4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;

5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.

Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады:

1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша:

- тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;

- өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы, капитал нарығы және жер нарығы;

- қаржы нарығы;

- ақпарат нарығы.

2) Географиялық орналасуы бойынша:

- жергілікті нарық;

- аймақтық нарық;

- ұлттық нарық;

- дүниежүзілік нарық.

3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:

- жетілген бәсеке нарығы;

- монополиялық нарық;

- олигополиялық нарық;

- монополистік бәсеке нарығы.

4) Салалар бойынша:

- автомобиль нарығы;

- компьютер нарығы, т.б.

5) Сатылу сипаттамасы бойынша:

- көтерме сауда нарығы;

- бөлшек сауда нарығы;

- фьючерстік сауда нарығы.

6) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:

- ресми нарық;

12.Нарықтың субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.

Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» — бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан, классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады. Нарық (рынок) дегеніміз1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы;

2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар – ақша қатынастары;

3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;

4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;

5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.

Рынок субъектісі — сатушылар мен сатып алушылар болып табылады. Сатушылар мен сатып алушылар ретінде үй шаруашылықтары (бір немесе бірнеше адамдар), фирмалар (кәсіпорын), мемлекет қызмет атқарады.Үй шаруашылықтары – бір жағынан тауарлар мен қызметтері, ал екінші жағынан өзінің иелігінде шығару факторлары болады. Олар акцияларды иеленуі мүмкін, осыған байланысты шығарушы факторлар яғни капитал иесі бола алады. Бұдан басқа үй шаруашылықтары сатып алушылар ретінде тауар рыногінде әрекет етеді. Үй шаруашылығы көбіне өз қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жұмыс істейді. Көптеген нарықтың субъектілері бір уақытта сатып алушы және сатушы негізінде әрекет етеді.

Фирмалар – өз меншігінде қаражат капиталын иемденеді және үй шаруашылығынан өнім өндіруге қажетті факторлар сатып алады. Олардың негізгі мақсаты – жоғарғы табыс табу.

Мемлекет – айналым ресурстар моделінің тағы бір мүшесі. Ол өз қызметін үй шаруашылықтарына және фирмаларға ұлттық қорғаныс, білім беру, медициналық қызмет көрсету және т.б салаларда көрсетеді. Осы қызметтерді көрсету үшін мемлекет үй шаруашылығынан және фирмалар ақшалай түрде салық жинайды.Рынок объектісі – ақша және тауарлар. Тауар рөлін тек қана шығарылған өнім ғана емес, тауар шығуына әсер еткен факторлар да (жер, еңбек, капитал) атқарады. Ақша рөлін барлық қаржы құралдары атқарады, соның ішінде маңыздысы ақшаның өзі болып табылады. Рынок- өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.

13.Меншік мазмұнын экономикалық категория ретінде түсіндіріңіз.

Меншік – адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.

Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.

Меншік иелері үш типке бөлінеді:

Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.

Меншік иесі, заттаң тұтынушысы (иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.

Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.

«Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.
Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, мймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

Ұжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.

Меншік заңдары:

Өз еңбегінің өнімін иемдену;

Бөтен біреудің еңбегінің өнімін иемдену.

Меншік субъектісі ретінде – мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға болады.

Меншік объектісі ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.

Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену — әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады. Иемдену заңдары:

1. Еңбек бастапқы иемдену әдісі;

2. Басқаның еңбегін иемдену заңы.

Меншік түрлері мен формаларын көрсетіңіз.

Шаруашылық тәжірбиесінде меншіктің әр түрлі формаларымен кездесуге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық.


Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады. Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және акционерлік меншік жатады.

Кооперативтік меншік деп бірігіп қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құрал-жабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің бір түрін айтады.

Акционерлік меншік – бұл акцияларды сату нәтижесінде қалыптасатын меншік.Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табыла-тын меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы табылады.

1.Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды:

азаматтардың өз меншігі

азаматтармен жасалған заңгерлік меншігі (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің).

Қоғамдық меншік:

мемлекеттік меншік;

муниципалды меншік – қалалық және ауылдық меншік болып бөлінеді.

 


14.Меншік түрлері мен формаларын көрсетіңіз.

Шаруашылық тәжірбиесінде меншіктің әр түрлі формаларымен кездесуге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық.

Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады. Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және акционерлік меншік жатады.

Кооперативтік меншік деп бірігіп қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құрал-жабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің бір түрін айтады.

Акционерлік меншік – бұл акцияларды сату нәтижесінде қалыптасатын меншік.

Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табыла-тын меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы табылады. 1.Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды:

азаматтардың өз меншігі

азаматтармен жасалған заңгерлік меншігі (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің).

Қоғамдық меншік:

мемлекеттік меншік;

муниципалды меншік – қалалық және ауылдық меншік болып бөлінеді.

Меншік құрылымдық тұрғыдан әрдайым жеке меншік болып табылады. Ол «менікі», «сенікі емес», «біздікі», «біздікі емес» деген ұғымды береді. Шын мәнінде мемлекеттің де меншігі қоғамның бір бөлігінің меншігі. Мемлекеттік меншікке байланысты түсініктемені дұрыс беру керек. Өйткені мемлекеттік меншік қоғамдық меншіктің баламасы емес, сол сияқты мемлекет те бүкіл қоғам деген ұғымды бермейді, оның тек бір бөлігі болып табылады.Бизнесте жеке меншік ең тиімді болып келеді. Ол нағыз иелерлерінің қолдарында бола отырып, адамдардың еңбектегі қуатты қызығушылығын және табысқа ынталылығын тудырады.

Меншіктің түрлері мен формаларына қатысты бизнесті ұйымдастырудың формалары анықталады. Осыдан кәсіпорындардың төрт негізгі түрін көруге болады: жеке кәсіпорындар, жолдастықтың (немесе серіктестік), акционерлік қоғам және унитарлы кәсіпорындар.

Date: 2015-10-22; view: 778; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию