Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экономикалық теорияның мәні мен қызметін түсіндіріп беріңіз
Экономикалық теория – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын — өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті ресурстар шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды. Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады: 1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс. 2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды. 3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды. 4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді. 5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады. Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі тиіс: - Не өндіру керек? – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі қажет? - Қалай өндіру керек? – қандай ресустар, қандай технологияны пайдалану арқылы өндіру қажет? Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге арналады, кім сатып алады? Қоғамның қажеттілігін барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады
Date: 2015-10-22; view: 907; Нарушение авторских прав |