Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лттандыру, мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру үдерістерінің экономикалық мазмұнын ашып беріңіз





ҚР тәжірибесі.
Меншік институты дәстүрлі түрде ұлттық экономиканың маңызды жүйе құраушы элементіне жатады.

Ішкі және сыртқы орта талаптары өзгеруіне байланысты меншік объектісі басқа субъектілерге – мемлекеттік, жеке, заңды және жеке тұлғаларға, акционерлік қоғамға, қоғамдық ұйымдарға өтуі мүмкін. Сонымен бірге, жүргізілетін қайта құрудың басым мақсаттарының қатарында келесі жаңа меншік иесімен тиімді қолдану және инвестицияны көтермелеу орын алады.

Ұлттандыру – жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт т.с.с.) мемлекет иелігіне өту процесі. Ұлттандыру — бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тарихи кезеңде жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнге ие болады. Ұлттандыруға қарама-қарсы процесс жекешелендіру болып табылады.

Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалды меншік объектілерін тегін немесе ақылы жеке меншікке айналдыру. Жекешелендіру мемлекетсіздендіру деп аталатын кең мағыналы процестің бір бөлігі.
Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін шектеу сияқты анағұрлым ірі процесстің бір бөлігі болып табылады.

Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару қызметтерінің толығымен шаруашылық субъектісіне берілуі.

Жекешелендіру_заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншікті мемлекеттен сатып алуы,сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын және ұйымдарды мемлекетсіздендіру жолымен акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу.

Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің негізгі бағыттары:

Жеке жобалар бойынша ірі және бірегей мүліктік кешендерді жекешелендіру;

Орта кәсіпорындарды жалпы жекешелендіру;

Шағын жекешелендіру,шағын сауда кәсіпорындарын, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыс және қызмет көрсету орталықтарын аукцион, конкурстар арқылы сату

Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.

Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді.

16.Нарықтық бағаның мәнін ашыңыз. Графикте нарықтық бағаның құрылу принципін суреттеп беріңіз.

Нарықтық баға– нарық жағдаятының,сұраныс пенұсынысзаңдарының, бәсекенің ықпалымен қалыптасатын еркін баға. Тауардың бағалы қағаздардың валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ, олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін баға деңгейі; негізгі құрал-жабдықтың (кәсіпорындардың, жабдықтардың) құны.

Нарықтық баға өзіндік құнды, пайданы, көптеген тауарлар бойынша қосымша құн салығын, сатылым салығын, кейбір тауарлар бойынша акцизді қамтиды. Бұл орайда пайданың нақты мөлшері келісілген бағаның деңгейіне байланысты. Нарықтық баға шарттарда, бағаны келісу хаттамаларында немесе құжаттарда тиянақталады. Ол шикізат, материалдар бағасының өзгеруіне қарай және шығынның қалыптасуына ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, тараптардың келісуімен қайта қаралуы мүмкін. Сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағы орташа баға мен нарықта тауарлар ақшаға немесе бір-бірімен айырбасталатын (баспа-бас айырбас) баға да нарықтық бағаға жатады.

Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.
Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.

Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.

Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.

Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.

Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.
Сұраныстың ұсынысқа тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді
Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді

Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды. Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.

Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.

17. Баға және оның атқаратын қызметін көрсетіңіз. Бағаның түрлері қандай болады.

БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес Бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) Баға және еркін (нарықтық) Баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры Бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы); қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы Баға болып бөлінеді. *мемлекеттік баға — мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.

Кесімді баға — мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.

Реттелетін баға — мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.

Нарықтық баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.

Көтерме сауда бағасы — ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда Бағасы бөлшек сауда Бағасынан төмен болады.

Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға

Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу — түсіру шығындары, т.б. кіреді. Тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталған баға. Келісім шарт бойынша сатушының міндетіне тауарды өз күшімен тиеп, белгіленген стансаға жеткізу және сондағы станса қоймасына түсіріп, жинап беру кіреді. Әлемдік баға — тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы. 18.04.15

Аймақтық баға — реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. * Базистік баға — тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға — белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда Бағасы, сатып алу Бағасы, құрылыс Бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін Баға, т.б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға — сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға — жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.

Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.

1. Есеп-қисап қызметі.

2. Ынталандыру қызметі.

3. Бөлуші реттеуші қызмет. 4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.

5. Ақпараттық.

 

 

Date: 2015-10-22; view: 1485; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию