Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ндірістің негізгі факторларын атап беріңіз. Экономикалық ресурстардың шектеулілігі мен сиректілігін қалай түсінесіз?





Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды.Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:

1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет.

Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін

пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралытолық мағұмылаттардың болуы. Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бір ғана қасиет тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады, ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ.Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек.

Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал

, кәсіпкерлік қабілет.

1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:

Ø жер беті ретінде

Ø экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде

Оның негізгі ерекшелігі оны көбейтуге және тасымалдауға болмайды. Олардың пайдалану

мүмкіндіктері:

 

Өндеу Қазба түрінде Орналасқан орын
- Ауыл шаруашылығы; - орман шаруашылығы. - Жер асты байлықтарын пайдалану, - энергетика өндірісі, - балық аулауда. - тұрғын үй құрлысы, - жол байланысы жүйесі, - демалыс орындары, - кәсіпорындар.

 

Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.

2. Капитал:

Ø Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.

Ø Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт

Ø пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын

Ø өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).

Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.

3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:

- адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.

- өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.

Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:

- көп дайындықты қажет ететін еңбек,

- көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,

- ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбек деп бөлінеді.

Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбекке қабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі арқылы сипаттауға болады.Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі,еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.

3. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.

1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары

болуы керек.

2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.

3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.

4). Тәуекелшіл болуы тиіс.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Экономикадағы таңдау проблемасын қалай түсінесіз. Өндірістің қисық Сызығының мүмкіндіктерін көрсетіңіз.

Экономикалық таңдау дегеніміз – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу.Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау – рационалды субъектініңөз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтанда, микроэкономикалық теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғарғы көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.Үнемдеу мәселесі– берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты өмірде адамдар үнемі баламалы (альтернативті) шығындармен кезігіп отырады. Бір өнімді өндіре отырып бізекінші бір өнімді өндіруден бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары.Енді баламалы (альтернативті) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды. Мысалы,.

 

 

 
 


Y

А C D

F

E

B X

 

Мысалы экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Хжәне У - А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған - В - Х тауарын өндіруге, - С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану - Е - ресурстарды толық пайдаланбау - Д - осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс.

 

Date: 2015-10-22; view: 1013; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию