Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикалық категория ретінде тауарды ашып көрсетіңіз және ол қандай қызметтерге ие





Тауар өндірісінің өзекті категориясы — тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді.

Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.

I. Маркстік теорияда, тауар — сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

а) тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;

б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.

в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.

II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.

Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін — экономикалық қызметтіңобъектілері мен нәтижелерін де жатқызды.Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар — еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді.

Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.

Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды.

Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.

Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:

а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұныдеп атайды.

б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны

Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде

алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар — айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.

 

Date: 2015-10-22; view: 808; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию