Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мемлекеттік бюджет
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары. Мемлекеттік бюджеттің төлемдері: - ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары; - субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі; - субвенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты; - дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер. Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген: - Трансформациялық шығындар – тауар мен қызметтерге, яғни мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтерді сатып алуы жатады. - Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары. Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады. Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп: - қоғамдық өндірістің құлдырауы; - ақша эмиссиясы; - мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі; - тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау; - әскери шығындарының өсуі; - шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі; - көленкелі экономиканың дамуы. Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады: - мемлекеттік несие; - салық салу жүйесін қатайтады; - мемлекетті басқару шығындарын қысқартады. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді. Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады. Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді. Date: 2015-10-22; view: 1628; Нарушение авторских прав |