Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 4: Адамдағы табиғи және әлеуметтік факторлардың бірлігі





 

Индивидуалды психикалық вариацияларының көздерін анықтау – дифференциалды психологиядағы негізгі мәселе. Индивидуалды айырмашылықтар тұқымқуалаушылық пен орта арасындағы күрделі және көптеген өзара әсерден пайда болатыны белгілі. Тұқымқуалаушылық биологиялық түрдің тұрақты өмір сүруін қамтамасыз етсе, орта - өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделу мүмкіндігі мен өзгергіштігін қамтамасыз етеді.Тұқымқуалаушылық эмбрионның ұрықтану кезінде ата – ананың гендері арқылы беріледі. Егер химиялық баланисровка немесе гендер толық емес болатын болса, дамып келе жатқан ағзада физикалық аномалия немесе психикалық патология болуы мүмкін. Бірақ, кейбір қарапайым жағдайда да биохимиялық, физиологиялық, психологиялық - әр түрлі деңгейдегі реакция нормаларының қосындысының нәтижесі тұқымқуалаушылық мінез-құлық вариацияларының кең спектрін беруі мүмкін. Ал тұқымқуалаушылықтың ішкі шекарасының соңғы нәтижесі ортаға тәуелді. Осылайша, адамның белсенділігінің әрбір көрінісінен тұқымқуалаушылықтың және ортаның әсерлерін табуға болады, ең бастысы – бұл көріністің мазмұны мен шегін анықтай алу. Сонымен қатар адамда жануарда жоқ әлеуметтік тұқымқуалаушылық бар (мәдени үлгінің ізімен жүру, акцентуацияның берілуі, мысалы, анасынан баласына суық аналық тәрбиенің салдарынан шизоидты мінез акцентуациясының берілуі, жанұялық көріністің қалыптасуы). Бұл жағдайларда көбіне бірнеше ұрпақ барысындағы ерекшеліктердің тұрақты көрінуін анықтайды, бірақ генетикалық шегендеусіз белгілейді. А. Анастази пікірінше, әлеуметтік мұра шын мәнінде қоршаған орта әсеріне қарсы тұра алмайды. «Өзгергіштік», «тұқымқуалаушылық», және «орта» түсініктеріне қатысты бірнеше пайымдамалар бар. Тұқымқуалаушылық түрдің тұрақтылығына жауап береді, дегенмен тұқымқуалаушылықтың белгілері өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, ортаның әсер ету салдары индивидтің психологиялық бейнесінде біршама тұрақты болуы мүмкін, дегенмен олар ген арқылы келесі ұрпаққа берілмейді (мысалы, туғанда алған жарақаттың салдарынан бала дамуының бұзылуы). Даралықтың қалыптасуындағы екі фактордың үлесін түрлі теориялар мен ықпалдар әр түрлі бағалайды. Тұқымқуалаушылық пен ортаның үлесінің маңыздылығын әртүрлі түрдегі дисперсия себеп мәндерін талдаушы сандық белгінің генетикасы анықтайды. Бірақ әрбір белгі қарапайым, бір аллельмен белгіленбеуі мүмкін (доминантты және рецессивтісі гендер жұбы болуы мүмкін). Сонымен қатар, қорытынды тиімділік әрбір геннің әсер етуінің арифметикалық қосындысы ретінде қарастырылмайды, өйткені олар бір уақытта көрініп, өзара әсерлесу арқасында жүйелі тиімділікке әкеледі. Сондықтан психологиялық белгінің генетикалық бақылау процесін зерттей отырып, психогенетика келесі сұрақтарға жауап алуға ұмтылады: 1. Даралық айырмашылықтардың қалыптасуын генотип қандай шекте анықтайды (яғни күтілген шектің вариациясы қандай)? 2. Бұл әсердің нақты биологиялық механизмі қандай (хромасомалардың қай бөлігінде сәйкес гендер шоғырланған)? 3.Гендердің ақуызды өнімі мен нақты фенотипті қандай процестер біріктіреді? 4. Зеттеуші генетикалық механизмдердің өзгеруіне әсер ететін сыртқы орта факторлары бар ма? Тұқымқуалаушылық белгісі көрсеткіштер маңыздылығының абсолютті ұқсастығы бойынша емес, биологиялық ата – анасы мен баласының арасындағы көрсеткіштердің корреляциясының болуынан танылады. Зерттеу нәтижесінде биологиялық ата – ана мен баланы асырап алған ата – аналарының темпераменттерінің сипаттамаларының арасында ұқсастық табылады делік. Көбіне асырап алған жанұяда балалар жалпы және орта шарттарының айырмашылығын сезеді, соның нәтижесінеде абсолютті көрсеткіштер бойынша олар өздерінің асырап алған ата – анасына да ұқсап кетеді. Бірақ корреляциялар белгіленбейді. Қазіргі уақытта тұқымқуалаушылық факторы мен ортаны жақтаушылардың арасындағы дискуссия өзінің өткірлігін жоғалтып отыр. Даралық вариацияларының көзін анықтауға арналған көптеген зерттеулер, ереже бойынша, ортаның немесе тұқымқуалаушылықтың нақты бағасын бере алмайды. Мысалы: 1920 жылдары егіздер әдісін қолданып жүргізген Ф. Гальтонның психогенетикалық зерттеулерінің арқасында биологиялық детерминацияланған сипаттамалар (ми көлемі, басқа өлшемдер) генетикалық анықталғаны, ал психологиялық сапа (әртүрлі тест бойынша интеллектуалды коэфиценті) ортамен шартталатынына және үлкен айырмашылықтар болатыны анықталды. Оған жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусы, туу реті және т.б. әсер етеді. Орта мен тұқымқуалаушылықтың өзара әрекеттесуін зерттеу облысындағы қазіргі жағдай интеллектуалды қабілеттеріне орта әсерінің екі модельі бойынша иллюстратцияланады. Бірінші модельде Зайонч пен Маркус былай тұжырымдайды: Бала мен ата – ана қанша уақытты бірге өткізсе, соншалықты үлкен туысымен интеллектуалды корреляция коэфиценті жоғары болады, (Экспозиционды модель), яғни бала өзінің интеллектуалды қабілеті жағынан кім көп оны тәрбиелесе, соған ұқсайды, ал егер ата – анасы қандайда бір себептермен балаға аз көңіл бөлсе, онда ол апасына немесе тәрбиешісіне ұқсайтын болады. Екінші модельде қарама – қайшылық белгіленеді: Макаски мен Кларк оның идентификациясының пәні болып табылатын бала мен туысы арасындағы біршама жоғары корреляцияны бақылауға болады деген. (Идентификационды модель). Яғни ең маңыздысы – бала үшін интеллектуалды автаритет болу керек, сонда оған алыста тұрып әсер етуге болады, ал күнделікті бірігіп әрекет ету міндет емес. Бір – бірін жоққа шығарушы екі модельдің өмір сүруі тағы да дифференционалды – психологиялық теориялардың көбі тар органикалық сипатта екенін көрсетіп отыр, ал жалпы теориялар практика жүзінде қалыптасқан жоқ.Жаңа тұған наресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзініңменің басқа, яғни басқа мендерден адамдардан ажырата білуі тиіс.Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі мен білімі, бағыт-бағдары мен дағдысы, икемі мен дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бар адамды тұлға деуге болады. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, керітартпа, бұзық,жауыз. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық. пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.Кісіліктіңтүрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы,көргенді, көргенсізі т.б. түрлері болады. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған.Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық., ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілдік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, үлкендерге сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қаңдай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттері көп. Олардың бастылары: бейімділік пен қызығулар, мотивтер мен қажеттер, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды.Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке қарай итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы.Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек кұралдары т.б.) болады.Адам баласының тарихидаму жағдайында тұған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттер біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т.б.) тұғызады. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін тұғызады.Қажет - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет – (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы.Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл – биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері – олардың көректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасың көргенде тілін салақтатып, ауызынан сілекейін шұбыртады т.б. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекстік сипатта болады.Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Адамды електіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі – «Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде ең басынқы қызығуы болады. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай богеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі. Материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спортттық, танымдық. Бұл қызығуның бағыттары.Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболга қызығу.Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу екіге бөлінеді. Жанама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу.... қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі онға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ыкыласы кетіп отырады.Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешіліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады (артығын жойыңыз). Мәселен, бір адамдар саяси-коғамдық мәселелереге ерекше назар аударып, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады, бірак қызығудын жақсы көретін жері - мектеп.Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дуниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, коғамдық өмір туралы білімдердің жүйесі. Даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанұқиярлық күреске баулиды. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көр, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал). Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі - талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Коммунистік қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық коғамдағы үстем тап адамының талғамынан сапалық айырмасы бар. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжңрибесі де елеулі әсер етеді. Модаға (сән) байланысты да адамдарда да түрлі талғам орын алады. Мәселен, кейбір адамдардың ала-құла, көзге қораш киінуін талғамы дұрыс қалыптасқан адам деп айту қиын. Өйткені дұрыс талғам дұрыс, жүйелі жақсы тәрбиенің нәтижесі.

Грузин психологы, академик Д. Н. Уснадзе (1886 - 1950) зерттеген бағдар теориясының мәні мына төмендегі қарапайым тәжірибеден байқалады. Салмағында айырмасы бар екі шарды қолымен 10-15 рет ұстап көрген адам бұлардың айырмашылығын оп-онай сезе алады. Кейін осы кісіге салмағы бірдей екі шар берілгенде де, ол бұларды бұрынғысынша екі түрлі деп қабылдайды. Салмағы бірдей екі шарды осылайша теріс қабылдауды (иллюзия) оның алдынғы қабылдауындағы субъективтік жағдайына байланысты тұған. Мұндайда адамның зейіні қабылдайтын заттың өзіне емес, сол зат тұғызатын сезімге, көғіл-күйіне ауып кетеді. Осы тәжірибеде де бір-біріне теі шарларды аңғармай, қате қабылдау осындай жайттан тұған.

Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады. Мәселен, бірінші класс оқушылары үшін мұғалім қай жағынан да аса беделді адам. Оның ақ дегені ақ, қара дегені қара. Сондықтан да олар кейде кейбір мұғалімдердің теріс өнегелерін де талғамай қабылдай береді. Оқушылардың мұғалім жөніндегі бір жақты түсініктері осындай әлде де айқындала қоймаған түйсіктің, тек мүғалім жөніндегі жай бағдардың көрінісі.

Адамның жолы болмай, босқа әлек болған жан күйзелісін, психологияда фрустрация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазасыздандырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамды ұнамсыз қасиеттердің орын тебуіне себепші болады. Кейбірелер сылбыр, немқұрайлы, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады.

 

Date: 2015-09-22; view: 1976; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию