Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы





И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын туратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.

 

Темпераменттер Жақсы жақтары Жаман жақтары
Холерик шапшаң, белсенді, ұстамсыз, күйгелек
Сангвиник пысық, оңтайлы тұрақсыз
Флегматик ұстамды, сабырлы баяу, сылбыр
Меланхолик сезімтал тұйық

Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.

Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері – қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасет болып табылады.

Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ ісер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментіндегі адам өзге адамдармен онша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық – сы темпераменттің ең бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін тамаша көрсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың «Соғыс жіне бейбітшілік» романындағы қарт князь Волконский – холерик темпераментінің, «Анна Каренинадағы» Степан Облонский – сангвиник темпераментінің, Н. В. Гогольдің «Өлі жандардағы» Собакевич – флегматик темпераментінің, мұндағы Тентетников – меланхолик темпераментінің нағыз айқын өкілдері болып табылады.

Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.

Дегенмен, қзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі сынып оқушылары арасынан темпераменттердің «таза» түрлерін тауып алуға мүмкіндік берді.

Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл жерде Н. И. Красногорскийдің баланың жоғары жүйке қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда, дауыс ырғағына, мәнерлілікпен сөйлеу қарқына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауды олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдарымен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады:

1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көнілді, басшылыққа, жетекшілікке кұштар.

Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимл. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика-пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұян, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазалмайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой-әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан да жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді.Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақссы байқалады.

4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және қзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зр әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін бұлығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы, көбінесе, өз жолдастарының ара сында көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды кұрбы-құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» т. б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыныр, қисық келеді.

Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандайы болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді, ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Биологиялық әрекетті және арнайы индивидуалды теорияның бағытын ашып жазуды В. М. Русалов В. С. Мерлиннің интегралды индивидуалдылығына толықтырулар енгізді.

1.Индивидуалдылықтың биологиялық факторы – адамдардың денелік морфофунцкионалды ұжымы ғана емес, сонымен қатар тірі әлемнің эволюционды даму процесінде қалыптасатын мінез – құлық программасы. Бұл программалар өз әрекеттерін ұрықтану кезінде бастап, іске асырады және үш айда эмбрионды тұрақты индивидуалды мінез – құлық формасы пайда болады.2. Бір уақытта әрекет етуші заңдылықтардың 2 түрі бар. Біріншісінің іс-әрекет етуінің нәтижесінде психиканың мәндік - заттық сипаттамалары қалыптасса, (мотивтер, интеллект, бағыттылық), басқасының нәтижесінде – индивидуалды мінез – құлықтың формальді – динамикалық ерекшеліктері қалыптасады. Бұрын олардың пайда болуы туралы мәлмет болған жоқ, ал қазіргі уақытта мәндік – заттық сипаттамалар үшін жалпылану құрлымы психиканың өзгергіштігін қамтамасыз ете отырып, сыртқы ортадан беріледі. Ал формальді –динамикалық қасиеттің өзі арқылы биологиялық программалардың жлпыланған нәтижесін білдіретін басқа көзі бар. Осылайша, формальді – динамикалық қасиет адамзат іс - әрекетінінің барлық түрлерін сипаттай отырып, әлемде жоғалмай тұрақтылықты сақтай алады, ал заттық – мәндік - өзіндік өзгеру арқылы айналадағы ортада әр түрлі нәрселерге жауап бере алады. 3. Жалпыланған туа біткен программа үш бағыт бойынша жүреді. Бірінші бағыт – мінез – құлықтың динамикалы – энергетикалық сипаттамалары (төзімділік, пластиттік, жылдамдық). Екінші бағыт – эмоционалды сипаттамалар (көңіл – күйді басқаратын сезімталдық, лабильділік). Үшінші – қалауы (когнетивті стильдің, стимулды ортаның). Осылайша, өмірлік тұрақтылық, сезімталдық, алуан түрлілікке ұмтылыс немесе адамның бір сарынды өмір барысында мүлде өзгермейтін, тұрақты қасиеттерін білдіреді. 4. Формальді қасиеттер (дәстүрлі түрде жалпы «Темперамент» түсінігімен бірігеді) оқшаулана өмір сүрмейді, ал тұлғаның жоғарғы ұйымдасқан құрлымына енеді. Бұл жағдайды В. С. Мерлин иерархиялы жүйе ретінде берген индивидуалдылық анықтамасына жатқызуға болады.5. Формальді – динамикалық сипаттамалар іс - әрекеттің шарты мен алғы шарттары ретінде ғана көрінбейді, сонымен қатар оның динамикасына, өзіндік әртүрлілікке, стильіне әсер етеді, яғни іс - әрекеттің соңғы нәтижесін анықтайды. Осылайша, формальді - динамикалық қасиеттер іс - әрекет стильін таңдауда біршама еркінділікті білдіреді, осымен оның мүмкін болатын өнімді шекарасын қалыптастырады.Сонымен, индивидуалдылықтың арнайы теориясы - бұл адамның индивидуалды қасиеттерінің жалпы құрлымындағы биологиялық факторлардың орны мен құрлымы және пайда болуы туралы теория.

 

 

Date: 2015-09-22; view: 3598; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию