Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бақылаудың бірнеше түрлері бар





  Табиғи - эксперименттік Іс-әрекеттің шарттары бойынша
  Ашық – бүркеме, жасырын (инкогнито) Объектімен өзара әрекеттесуінің сипаты бойынша
  Кездейсок - мақсатталған Мақсаты бойынша
  Жаппай- ішінара Реттелуі бойынша
   
  Констатациялайтын - бағалайтын Нәтижелердің белгілеуі бойынша

7.Байқау әдісінің артықшылықтары:

1) адамның табиғи мінез-құлқысының фактілері жиналады

2) адам тұтас тұлға ретіңде қабылданады

3) субъект өмірінің контексті бейнеленеді

Байқау әдісінің кемшіліктері:

1) бақыланып жатқан фактінің жол-жөнекей құбылыстармен қосылатындығы

2) пассивтілік: зерттеушінің араласпауы оны күтіп тұратын ұстанымға ұшыратады

3) қайталанған байқауды өткізу мүмкіндігінің жоқтығы

Психологияда байқаудың тағы бір нұсқасы – өзін-өзі байқау (интроспекция)

8.Тәжірибе – бір айнымалыға мақсатты түрде манипуляция жасау және оның өзгеру нәтижелерін бақылау.

Тәжірибе әдісінің артықшылықтары:

1) зерделенген психикалық құбылыстарды тұдыратын шарттарды жасауға болады

2) тәжірибені бірнеше рет өткізуге болады

3) тәжірибенің нәтижелері байқаумен салыстырғанда дәлірек

Тәжірибе әдісінің кемшіліктері:

1) процесс табиғилығының жойылуы

2) адам тұлғасының тұтас көрінісінің жоқтығы

9.Тәжірибенің бірнеше түрлері бар. Лабораториялық арнаулы шарттарда өткізіледі және зерттелінуші өзінің қатысқанының жөнінде хабардар болады. А. Ф. Лазурскиймен еңгізілген табиғи тәжірибе адам әрекетінің әдеттегі шарттарына максималды түрде жақын, адам қатысқанының жөңінде білмеуі де мүмкін. Психологиялық- педагогикалық тәжірибе көбінесе оқыту апробациясына (тексеруіне) бағытталған. Тәжірибені жеке адаммен немесе топта, аз уақытта немесе узақ уақытта өткізуге болады.

1. Психогенетикалық әдістер. Әдістердің бұл тобы психологиялық қасиеттердің дара вариацияларыңдағы сыртқы орта мен тұқым куалаушылық факторлардың белгілеуіне бағытталады.

2. Генеалогиялық әдіс – отбасылар мен шежірелерді зерттейтін әдіс. Бұл әдістің қолдануы келесі тұжырымға негізделеді: егерде кейбір нышан тұқым қуалаған болып, текте кодталса, онда қаншаға туыстық жақын болса, соншаға бұл нышан бойынша адамдардың арасындағы ұксастығы жоғары. Сондықтан генеалогиялық әдісте міндетті түрде бірінші дәрежеде тұрған туыстар туралы ақпарат қолданылады (олар 1) ата-ана-бала 2) сиблингтер (ага-інілер, аға-қарындастар, апа-сіңділер). Тек оларда ғана орта есеппен 50 пайыз ортақ тектер.

3. Психодиагностикалық және психодиагностикалық міндеттер үшін кейде генограмма деп аталатын генеалогиялық әдіс қолданылады. Онда туыстық қатынастары мен бірге психологиялық жақындық белгіленеді (жуық-алыс). Генограмма үш ұрпақ ішінде құрастырылады және де адам өмірінің психологиялық контекстін анықтауға мүмкіндік береді.

4. Асыранды балалар әдісі. Бұл зерттеу биологиялық жағынан бөтен ата-аналарға максималды түрде ерте берілген балаларды қамтиды. Биологиялық ата-анасымен балада 50 пайыз тектері ортақ болғанымен, өмірдің шарттары әр түрлі. Асырап алған ата-анамен ортақ тектері болмаса да, өмір шарттары бірдей.Сондықтан тұқым қуалаушылық және ортамен шартталған қасиеттердің ажыратуы көрінеді. Қызығушылықты тудырған қасиет жуп бойынша зерделенеді: бала-биологиялық ата-ана, бала-асырап алған ата-ана. Ұқсастықтың дәрежесі қасиеттің табиғатың көрсетеді.

5. Егізді әдісті алғашқы колданған ғалымдарының бірі Э. Торндайк. Олардың арасыңда монозиготты егіздерді (бір аналық жасушадан дамыған, сондықтан бірдей тектер жиынтығы бар егіздерді) және дизиготты (тек жиынтығы қарапайым аға-қарындастарына ұқсас, тек бір уақытта туған) егіздерді айырады.

6. Бақылау егіздің әдісі. Бір егізге қалыптастыратын ықпал жасайды, ал басқаға жасамайды. Кейін дағдының пайда болған уақыты белгіленеді.

7. Айырылысқан егіздердің әдісі. Түрлі жағдайлардың тоқайласуы бойынша егіздер әр түрлі шарттарда өскен болса, олардың ұқсас қасиеттері тұқым куалаушылықпен байланыстырылады, ал айырмашылықтары – ортамен.

1. Тарихи әдістер (кұжаттарды талдау әдістері)

Тарихи әдістер көмегімен көрнекті тұлғалар, әсіресе олардың қалыптасуына негіз болған тұқым куалаған фактілер мен ортаның ерекшеліктері зерделенеді. Бірақ бұл әдіспен жай адамдарды да зерттеуге болады.

2. Өмірбаянды әдіс – узақ уақыт бойынша көрнекті адамның өмірбаяның оның психологиялық кескінін құрастыру үшін қолдану.

3. Патографиялық әдіс – көрнекті адамдардың ауруларын сипаттау. Бұл әдісті еңгңздңрген П. Мебиус. Ресейлік ғалым П.Эфроинсон бұл әдісті данышпандықтың алғышарттарың зерттеу үшін қолданды.

4.Күнделікті әдіс – өмірбаянды әдістің бір нұсқасы. Әдетте жай адамның өмірін зерттеу үшін колданылады. Экспертпен (ата-анасымен, тәрбиешімен, әріптесімен) узақ уақыт бойынша өткізіледі және адамның дамуы мен мінез-құлқысына араналады.

5. Автоөмірбаян – тікелей әсерлер мен ретроспективті (өткен шақпен байланысты) тәжірибеге негізделген өмірбаян

Түрлі жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Психологияда математиканы алғаш қолданған ағылшын психологы Ч. Спирмен. Атақты орыс психологтары Б. М. Теплов және В. Д. Небылицын осы әдісті адамның жоғары жүйке қызметі қасиеттерінің құрылымын зерттеуде пайдаланды.

Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген, сауалдарға жауап алынады. Бұл әдісті қолданғанда тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі есептеленеді. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептеленеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу тестті стандарттау деп аталады. Қазіргі ғылыми білімнің және қоғамдық тәжірибенің даму барысы күрделі шындық құбылыстарын жүйелі ұйымдасқан объектілер мен құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігіне әкелді.Қазіргі ғылыми білімнің мәнді тенденциясы психологиялық феномендерді толықтық, интегралдылық, пәнаралық, жүйелі зерттеулерді қарастырады: танымдық процестер, тұлғалық, индивидуалдылық және олардың арасындағы байланыстың тек қана ішкі толықтық шеңберінде емес, сонымен бірге кең көлемде- қоғамдық, биосфера және т.б. қарастыру.

.

 

 

Date: 2015-09-22; view: 2311; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию