Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мамандығы 5В050503– Психология





Ж.

 

ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Пәні ««Дифференциалды психология»»

Студенттер үшін мамандығы

 

5В050503– Психология

 

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі

 

Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасы

 

 

Астана – 2013 ж.

5В050300 - Психология бакалавр мамандықтары бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалды.

Хаттама № ____ «_____» ______________________________ _________ж.

 

Кафедра меңгерушісі

______________ «_____» __________________________ ___________ ж.

 

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.

 

Хаттама № ____ «_____»_________________________ ___________ж.

 

 

Төраға

__________________ «_____» ____________________ ___________ж.

 

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК

ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

 

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

Директоры Д. Кром _____________________________

Ж.

 

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

 

 

Пәннің атауы « Дифференциалды психология »

Мамандығы 5В050503– Психология

Оқу нысаны күндізгі

Атау коды _DP 3210

Барлығы 3 кредит

Курс ____3__ Семестр ___5____

Дәріс___30_ сағат

Практикалық, семинарлық 15 сағат

СОӨЖ 23 сағат

СӨЖ 67 сағат

 

Емтихан 5 семестр Барлығы 135 сағ.

 

 

Астана – 2013

Оқытушы туралы мәлімет: Жұматаева Әлия Сансызбаевна, педагогика және психология магистрі, аға оқытушы

Ш. Ш. Уалиханов атындағы Кокшетау мемлекеттік университеті, магистратура

Ғылыми–зерттеушілік қызығулары: этнопсихология

Тілдерді білу: орыс, қазақ тілдері

Пәнді оқыту мақсаты. Адамның даралығы ұғымын, оның қалыптасу заңдылықтарын және осы құбылыстың адам өмірі үшін маңыздылығын ашып көрсету.

Пәнді оқыту міндеттері.

- Адам даралығының ұйымдасуының негізгі деңгейлерін қарастыру.

- Жыныстық, нейрофизиологиялық, конституционалды және басқа да деңгейлерге негізделетін айырмашылықтарды ашу.

- Адамдарды тәрбиелеу, оқыту және кәсіби бағдарлау үшін дифференциалды психология саласында алынған білімдердің маңыздылығын түсіндіру.

Пререквизиттер: жалпы психология, ЖЖӘ физиологиясы, жас ерекшелік психологиясы.

Постреквизиттер – берілген курсты меңгергеннен кейін студент келесі білімдерге, іскерліктер мен дағдыларға ие болады:

- адам даралығының ұйымдасуынынң негізгі деңгейлері, жыныстық, нейрофизиологиялық және конституционалды принциптерге негізделген жеке дара айрмашылықтарытуралы білімдер;

- зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жеке дара айырмашылықтарды талдаудың дұрыс критерийлерін таңдай алу;

- жеке дара айырмашылықтармен жұмыс істей алатын және эксперименталды мәселелерді шеше алатын теориялық тұрғыда білімі мол зерттеуші-психологтың дағыдылары.

Осылай етіп, жеке дара айырмашылықтар мен олардың детерминанттары туралы түсінік беру салдарынан, аталған курс бойынша алынатын білімдер психолог-студенттің неғұрылым жоғарғы теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейін қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз, «Психологиялық кеңес беру», «Топтық және жеке психотерапия», «Мамандану практикумы», «Заң психологиясы», «Психодиагностика негіздері», т.б. пәндерді меңгеру «Дифференциалды психологияны» оқығаннан кейін неғұрылым терең және ғылыми негізделінген болады.

Пәннің мазмұны. Дифференциалды психология психологиялық ғылымның негізгі салаларына жатады. Дифференциалды психологияның пәні болып, индивидтер арасында, сонымен қатар топтар арасындағы айрмашылықтар, олардың себептері мен салдарлары табылады. Жеке дара айырмашылықтар деп, психикалық процестердің өту ерекшеліктерін, психикалық күйлердің, эмоционалды процестердің пайда болуы мен динамикасын, сонымен қатар, субъектінің темпераменті, мінезі және қабілеттері сияқты ұғымдарды айтамыз. Жеке дара айырмашылықтар, яғни адам өміріндегі биологиялық және әлеуметтік факторлардың күрделі өзара қатынастары туралы мәселе тек дифференциалды психологияның зерттеу пәні емес, педагогика, медицина, заңтану, т.б. ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Сондықтан да, психология мамандығын таңдаған студенттер ең алдымен психологиялық концепциялар және эксперименталды зерттеулермен танысуы қажет, ол болашақта студенттерге психологиямен салалас ғылымдарды меңгеруде мәні зор екені анық.

Сонымен, жасы, жынысы, дене құрылысы, жүйке жүйесінің қызмет етуі және т.б. параметрлері бойынша бір-бірінен ерекшелінетін адамдармен жұмыс істеуге дайындалатын психолог-студенттер болашақта психологиялық кеңес беруді кәсіби жоғары деңгейде тек психологияның осы саласындағы дәстүрлі және қазіргі кездегі білімдерді меңгеру барысында атқара алады.

Дифференциалды психология шеңберінде алынған теориялық білімдердің көптеген практикалық міндеттерді (индивидтердің жеке қасиеттерін, қабілеттерін диагонстикалау мен прогноз беру, кәсіби таңдау мен іріктеу, т.б.) шешуде мәні зор болады.

Date: 2015-09-22; view: 1277; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию