Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Диапирлі қатпарлар





Диапирлі қатпарлар (грекще шаншу, тесу). Қатпарлар алғаш рет 1907 жылы румын ғалымы Мразек анықтаған. Олар антиклиндік құрылымда иілімділік созылымдылық, майысқақтық қасиеттері жоғары жыныстардың өзін қоршаған жоғарыда аталған қасиеті төмен және осалдау қабаттарға кірігуі нәтижесінде пайда болады екен.

Майысқақтық қасиеті жоғары, сыртқы қысым немесе өз салмағы әсерінен аққыштық қасиетке ие бола алатын таужыныстарғ тұздар, ангидрит, гипс және сумен қаныққан саздар жатады. Диапирлі қатпарлар ішінде ең көп тарағандарына тұзды күмбездер мен сазды диапирлер жатады. Тұзды күмбездер біздің республикамызда да жиі таралған. Мұнда олар аққыштық қасиеті мол тұзды ядродан және оны қоршаған таужыныстардан тұрады. Ядро құрылысы оны қоршаған ортаға қарағанда өзгеше . ядро іші кішігірім қатпарларға ұшыраған, ол қатпарлардың кейбір бөліктері созылған, аракідік иірімдер құрайды. Диапирлерде екі түрлі қатпарлар: белсенді ядрода ағысты, ал оны қоршаған орта да көлденеңді иірулерге ұшыраған қатпарлар дамиды. Жер бедері диапирлер көлемінде өзіндік пішінді болады. Ылғалды климат аумағында түріндегі бедерлер батпақтанған және карсталған ойыстар.

Тұздың үстінде еріп, тұзды шөгінділерден және орнында өалған сазды шаң түрінде тұзды қалпақтар (кепрок) пайда болады. Тұзды қалпақтардың қалыңдығы көбінесе, ондаған метрлерге жетеді.



Диапирлі қатпарлар тегі жайлы пікір әр алуан. Ю.А.Косыгин диапирлі қатпарлар, майысқақ жыныстар қалыңдығы 120 м кем болмай, олар 300 м аса тереңдікте орналасқан жағдайда ғана пайда болады десе, А.Д.Архангельский, Н.М.Страхов, Е. Штилле жер қыртысының тангенсиалды қозғалыстарын, ал А.А.Богданов диапирлі қатпарлар антиклиндер үстінде емес , терең мульдаларда тұздардың шеткі кемерлерінен шөгінді түзілетін ортаңғы бөліктеріне қарай сығылуынан қалыптасады дейді. Ал кейбір ғалымдар Ю.А.Косыгин, Бартон, Нельтон және т.б. тұзда күмбездер өсуін, сиыстырушы жыныстар (2,3-2,4 г/см3) (2,15 г/см3) тығыздығы айырмашылығымен түсіндіреді. Біздің ойымызша, тұзды күмбездер тақталар қозғалыста сығылуынан сиыстырушы жыныстардың тығыздалуынан жер бетіне қарай шығады. Яғни тұздар күмбезделіп ортасына қарай жиналады. Жинақталған тұздардың жан-жағында мұнай және газ түзілімдері қалыптасады.

 








Date: 2015-09-05; view: 712; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию