Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Көне және жас платформалар





Көне Платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік Америка, Оңтүстік Қытай, Үндістан, Австралия, Африка-Арабия, т.б.) іргетасы кембрийге дейінгі тау жыныстар. Көне платформалардың шөгінді тыспен көмкерілмеген аймақтары, яғни олардың қарқынды қатпарланған, жаппай метаморфтанған, гранит массивтерімен «тілгіленген» к р и с т а л д ы қ і р г е т а с ы жер бетінде ашылатын бөліктері «қалқан» деп аталатындығы белгілі. Мұндай қалқандардың бетбедері адырлы немесе ұсақшоқылы жербедер типімен ерекшеленеді, ал олардың шөгінді тыспен көмкерілген бөліктері байырғы «тақталар» құрай отырып, біршама тегіс жазықтықтар түрінде көрініс береді.Шын мәніндегі платформалар яғни кристалдық іргетасы докембрий жаралымдарынан құралған кешендер континенттердің орталық бөліктерінен көрініс бере отырып, сол континенттер ауданының шамамен 40 %-ын құрайды. Жас платформа - қатпарлы, палеозойлық немесе мезозойлық платформа. Екінші сөзбен айтқанда, жас платформа дегеніміз каледондық, герциндік және мезозойлық[1]қатпарлы алқаптар орнында қалыптасқан платформа. Ақырғы қатпарлық көнелігі тұрғысынан эпипалеозойлық (эпикаледондық, эпигерциндік) және эпимезозойлық,платформалар дараланады. Мысалы, Батыс Сібірдің, Солтүстік Қазақстанның, Кавказдың жазық аумақтары жатады

73. Антеклиза, синеклиза

Көне платформалар өздерінің қазіргі таңдағы көрініс беру ерекшеліктеріне қарай қалқандарға және тақталарға жіктелетіндігі жоғарыда айтылды. Қалқандар көне платформаның ұдайы жоғары көтерілуі салдарынан қалыптасады, осы көтерілу процесіне байланысты платформаның архей-протерозой жаралымдарынан тұратын кристалдық іргетасы жер бетінде ашылып, денудацияға ұшырайды. Қалқандар әдетте теңөлшемді (изометрлі) пішінді иемденеді, олардың көлденеңі (диаметрі) 1000 км -ге жетуі, тіпті одан да артық болуы мүмкін. Көне платформаның біршама қалың ш ө г і н д і т ы с п е н көмкеріліп жатқан аймақтары тақталар құрайды. Бұлар да өте ауқымды құрылымдар, олардың ұзыны мен ені мыңдаған км -мен өлшенуі мүмкін. Тақталар, өз кезегінде, антеклизалар мен синеклизаларға жіктеледі.

Антеклизалар - (гректің «анти» – «қарсы», «клино» – «көмпейтемін» деген сөздерінен) көне платформа тақтасының мейілінше, ірі (ауданы 60-100 мың к м 2) бөлігі. Антеклиза ауқымындағы к р и с т а л д ы қ і р г е т а с қабаты қалыңдығы 1-2 км -ден аспайтын шөгінді тыс қабатымен көмкеріліп жатады. Шөгінді тыстың осыншалықты жұқа болуы антеклиза іргетасының ұдайы жоғары көтерілуі, сөйтіп оның бетінің байырғы көмпимені еске салуының нәтижесі. Екінші сөзбен айтқанда, антеклизаның төмені құрылымдық қабатының (кристалдық іргетастың) жаймен ғана жоғары көтеріліп «көмпие ісінуі», оны көмкерген ш ө г і н д і т ы с т ы ң беткі бөлігінің денудацияға ұшырауы нәтижесінде жұқара түсуімен орайлас өтеді. Антеклизаның кристалдық іргетасы бетін көмкеріп жататын шөгінді тыс негізінен саязсулы теңіздерде немесе континент жағдайында қалыптасқан шөгінділерден құралады. Антеклизалардың кристалдық іргетасы алуан түрлі терең жарылымдармен тілгіленген түрде болады, осы жарылымдар арқылы оқшауланған бөліктердің сол жарылым бойымен тік бағытта (жоғары қарай) қозғалу дәрежесі әртүрлі болғандықтан аталған іргетас беті кедірлі-бұдырлы сипатты иелене отырып, әртүрлі көмпимелер мен күмбездер (поднятия и своды) жиынтығын құрайды.

Синеклизалар – аздап сопақшаланған немесе теңөлшемді (дөңгелек) пішінмен сипатталатын, көлденеңі жүздеген км -мен өлшенетін (ауданы 60- 100 мың км 2) теріс мағыналы (түсіңкі) платформалық құрылым. Бұлар көне платформаның нақтылы аймағының жаймен ғана төмен қарай ойысуы нәтижесінде қалыптасады. Синеклиза ауқымындағы к р и с т а л д ы қ і р г е т а с құрылымдық қабатының беті біршама қалың (3-5 км -ден кем емес, кейде 20- 23 км -ге дейін) ш ө г і н д і т ы с құрылымдық қабатымен көмкеріліп жатады. Ш ө г і н д і т ы с т ы құрайтын таужыныстар қимасы көбінесе тек қана шөгінділерден құралады, кейде бұл қат-қабат қимасында вулканогендік (жанартаутекті) таужыныс қабаттары да ұшырасуы мүмкін (әдетте базальт лаваларынан тұратын «трапп формациясы»). Ағылшын тіліндегі геологиялық әдебиетте синеклизаларды көбінесе, жай ғана «алаптар» («бассейны») деп атайтындығын ескерген жөн.

Date: 2015-09-05; view: 5696; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию