Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы





Орталық-мұхиттық жоталар(ОМЖ)– жалпыпланеталық құрылым. Кейінірек«Орталық Атлант жотасы» деген атауды иеленген, ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын осындай жоталар Атлант мұхиты алабында бар екендігі ХХ ғасырдың30-жылдарында белгілі болған болатын. Мұндай жоталар тек Атлант мұхитында ғана емес, барлық мұхиттар түбінде де болатындығын ХХ ғасырдың50-жылдары М. Юинг және Б. Хейзен деген ғалымдар дәлелдеді. Бұл жоталарды континенттер өңіріндегі кәдімгі таулы белдеулермен салыстыруға болады, себебі олар бүкіл мұхиттар алабының нақ орта тұсын қуалай созыла отырып, жалпы ұзындығы64 мың км-ге жететін жалпыпланеталық құрылым құрайды. Су астындағы мұндай таулар

континенттердегі тау жүйелерімен салыстырғанда, аласалау болып келеді, олардың мұхит төсенішінен есептегендегі орташа салыстырмалы биіктігі

1000-3000 маралығында өзгереді. ОМЖ-ның ені жүздеген км-ден2000-4000 км-ге дейінгі аралықта өзгереді. Соңғы көрсеткіштер(мыңдаған км) негізінен Тынық мұхит алабындағы жоталарға тән, бұл мұхит түбіндегі жоталар енді болып келеді, олар«Шығыс Тынықмұхиттық көтерілімдер» деген атауға ие. ОМЖ-лардың«орталық» деп аталу себебі олардың көп жағдайда мұхит алабының нақ орта тұсын«тілгілей» созылатындығында. Бұл әсіресе Атлант мұхитындағы жоталарға тән қасиет, яғни бұл мұхиттағы жоталар мұхитты жиектейтін континенттердің жағалауларынан бірдей қашықтықта сағаланады (жағалауларға параллель бағытта созылады). Бұл жоталар жүйесі«Орталық Атлант жотасы» деп аталады. Атлант мұхиты алабын«тілгілейтін» ОМЖ-ның солтүстіктегі жалғасы Солтүстік Мұзды мұхит албында«Геккель жотасы» деген атауды иеленген жоталар жүйесіне жалғасады. Орталық Атлант жотасы оңтүстік жартышарда Үнді мұхитына тиесілі жоталарға ұласады. Үнді мұхиты алабындағы жоталар жүйесінің екі тармағы бар, олардың біріншісі«Араб-Үндістан жотасы», ал екіншісі«Оңтүстік-Шығыс Үнді мұхит жотасы» деп аталады. Араб-Үндістан жотасы Африка мен Арабстанды бір-бірінен даралай отырып, Аден бұғазы арқылы Қызыл теңіз алабына барып сұғынады. Үнді мұхитындағы жоталар жүйесінің Оңтүстік-Шығыс Үнді мұхит тармағы аталған мұхит аумағының шығыс жақ бөлігінде «Астралия-Антарктика жотасына» ұлсады, ал бұл жота, өз кезегінде Шығыс Тынықмұхиттық көтерілімдерге барып жалғасады. Шығыс Тынықмұхиттық көтерілімдер мұхит алабының орта тұсына орналаспаған, яғни бұл жоталар жүйесі мұхиттың шығыс жағалауларына (Америка континенттеріне) жақынырақ орналасқан. Ол аз десеңіз, аталған жоталар жүйесі өзінің солтүстік бөлігінде Калифорний бұғазы аймағында Солтүстік Америка континентінің«астына қарай сұғынып кетеді». ОМЖ-ның көлденең қимасында үш түрлі белдем оқшауланады, олар: а) ОМЖ-ның нақ орта тұсын қуалай созылатын өстік белдем; бұл белдем мұхиттық рифтгесәйкес келе отырып, терең-терең шатқалдармен сипатталады; ә) айдарлы белдемрифтінің екі жақ қапталдарында орналасады, бұл белем жербедердің мейілінше ойдымдылығымен сипатталады; б) жота баурайларының белдеміайдарлы белдемнен басталып абиссальдық жазықтарға дейінгі аралықты алып жататын біршама енді белдем; бұл белдемнің бедері абиссальдық жазыққа жақындаған сайын бірте-бірте аласара береді. ОМЖ-ның өстік белдемі, немесе мұхиттық рифт аймағы ОМЖ-ның созылу бағытын қуалай орналасқан, ол жылу ағымының өте жоғары көрсеткіштерімен, магматизмнің кеңінен етек алуымен және саязфокусты жерсілкіністермен(гипоцентр тереңдігі30 км-ден аспайды) ерекшеленеді: Бұл аймақта базальт лавалары ұдайы мұхит түбіне төгіліп жатады, бұл лавалар астеносфера заттарының қысымның күрт азайып кетуі жағдайында балқуы салдарынан туындайтын балқымалар қимасының беткі бөлігін құрайды. Екінші сөзбен айтқанда, нақ осы мұхиттық рифт аймағында астеносфера заттары есебінен жаңа мұхиттық литосферақалыптасады, бұл литосфераның төменгі¾ бөлігі ультрабазиттерден, беткі¼ бөлігі габбро-базальттардан тұруы тиістілігін Рингвуд деген ғалымның арнаулы зерттеулері болжамдаған. Рифт аймағында геологиялық әдебиетте«қара шылымшылар» және«ақшыл шылымшылар» деген атауды иеленген(черные и белые курильщики) өте ұсақ тозаңды сульфаттардың бұлттары дәйім аспандап жатады. Мұндай бұлттар ыстық лаваның мұхит суымен әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын гидротермалармен байланысты туындайды. Аталған гидротермалар алуан түрлі металдардың сульфидтерін, сульфаттарын және оксидтерін түзеді, бұлардың шоғырларын өнеркәсіптік тұрғыдан игеру мүмкіндігі туған жағдайда, олар пайдалы түрбөлшектерге (компоненттерге) өте бай кенорын рөлін атқарған болар еді. Өстік белдем ауқымында шөгінділер болып жарымайды, яғни бұл өңірдің базальттары шөгінділермен көмкеріліп үлгермеген. Мұхиттық рифт литосфералық тақталардың дивергенттік шекарасы рөлін атқарады, яғни рифт аймағы жаңа мұхиттық литосфераның жаңадан қалыптасу аймағы ғана емес, осылайша қалыптасқан литосфералардың бір-бірінен ажырау шекарасы болып табылады. Бұл аймаққа созылу кернеулері тән, сондықтан бұл шекара жыртылу деформацияларымен ерекшеленеді. ОМЖ-ның айдарлы белдемі мұхиттық рифт аймағының екі жақ қапталын жиектейді. Бұл белдем тік бағытталған терең жарылымдармен тілгіленуі нәтижесінде бір-бірінен оқшауланған көтерілімдер мен ойыстардың көлдненң бағытта бір-бірін алмастыру көрінісімен ерекшеленеді. Айдарлы белдем ауқымында мұхит шөгінділерінің жұқа-жұқа қабатшалары ұшыраса бастайды, олардың геологиялық көнелігі10 млн жылдан аспайтындығы анықталған, яғни олардың көнелігі неоген кезеңінің миоцен дәуірінен жастау. ОМЖ-ның баурайларының белдемі- өзінің ендік көрсеткіші жағынан ең ірі белдемдер. Бұл белдемнің ені жүздеген, тіпті мыңдаған км-мен өлшенеді(соңғы көрсеткіштер Тынық мұхит жоталарының баурайларына тән). Баурай белдемдерінде сейсмикалық белсенділік мүлдем байқалмайды. Бұл өңірде мұхит шөгінділері біршама кең тараған және олардың қалыңдығы абиссальдық жазыққа қарай жақындаған сайын бірте-бірте арта береді. Бұл өңірдегі шөгінділер айдарлы белдем шөгінділеріне қарағанда көнелеу, атап айтқанда мұнда палеоген кезеңінің олигоцен дәуіріне тиесілі шөгінділер кең тарағандығы анықталған. ОМЖ ауқымындағы«жолақты магниттік қалыпсыздықтар» деп аталатын арнаулы процесс нәтижелерін зерттеу қорытындылары мұхит түбінің спредингі деп аталатын процесс, яғни мұхит түбінің мұхиттық рифт аймағынан континенттік жағалауларға қарай үнемі жылжып отыратындығын анықталды. Спрединг жылдамдығы Атлант мұхитында жылына2-4 см шамасында болса, Тынық мұхит түбінің бұл көрсеткіші10-12 см-ге шейін жететіндігі анықталған

Date: 2015-09-05; view: 2111; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию