Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері





Метаморфтық таужыныстар магмалық жəне шөгінді таужыныстардың жылу, қысым жəне химиялық белсенді компоненттердің əсерінен қатты күйінде қайта кристалдануынан пайда болады. Температура, қысым жəне химиялық белсенді компоненттер метаморфизмнің себепкерлері болып табылады. Осы себепкерлердің əсерін метаморфизм (грек. - метаморфа- айналу, өзгеру) дейді. Метаморфтық таужыныстардың қалыптасуында бастапқы таужыныстардың химиялық құрамының маңызы зор. Егер метаморфизмде бастапқы таужыныстардың химиялық құрамы елеулі өзгермесе, онда оны изохимиялық метаморфизм дейді. Ал егер олардың химиялық құрамы өзгерсе, онда ол процесті метасоматоз дейді. Метаморфизм тудыратын энергияның көзіне қарай, оның космогендік жəне эндогендік түрлері бар. Космогендік немесе импактылық (ағыл. импакт - соққы) метаморфизм метеориттердің жерге түскендегі соғу əсерімен байланысты. Осындай жағдайда пайда болатын таужыныстарды импактиттер деп атайды (Хрянина,

1987). Метеориттер əлем кеңістігінде 5-41 км/сек жылдамдықпен қозғалады, ал олардың Жер бетімен соғылысу жылдамдығы 0,1-72км/сек) болады. Соғылысу жылдамдығы 4 км/сек-тен кем болса, онда метеорит пен жер уатылады. Егер соғылысу жылдамдығы 4 км/сек-тен артық болса, онда жарылыс болады. Мұндай жағдайда қысым жүздеген миллион кПa-ға, ал температура мыңдаған градусқа жетіп, таужыныстар уатылады, балқиды жəне буланады. Орташа метеорит кратері 99,55% уатылған, 0,4 % балқыған таужыныстан тұрады, буланған зат 0,05% құрайды. Импактиттерде минералдардың коэсит, стишовит, рингвудит, алмас, лонсдейлит сияқты тығыз полиморфтық түрлері кездеседі. Эндогендік метаморфизм Жердің ішкі энергиясымен байланысты. Мұнан ары біз тек эндогендік метаморфизммен байланысты таужыныстарға тоқталамыз. Метаморфтық таужыныстарды зерттегенде негізгі мақсат олардың пайда болған бастапқы таужынысын жəне олардың қандай процесте, қалай өзгергенін анықтау болып табылады. Метаморфиттердің бастапқы тау- жынысын анықтау өте қиын мəселе. Себебі метаморфтық процестерде тегі əртүрлі, бірақ химиялық құрамы жақын таужыныстар минералдық құрамы бірдей метаморфиттерге айналуы мүмкін. Мұндай құбылысты конвергенция дейді. Мысалға магмалық таужыныс гранит пен шөгінді таужыныс құмтасты алайық, олар аймақтық метаморфизмде бір таужынысқа - гнейске айналады. Басқа жағдай - метаморфизмнің əртүрлі жағдайында бір таужыныстан əртүрлі метаморфиттер пайда болуы мүмкін. Мысалға базальтты алайық, ол жоғарғы сатылы аймақтық метаморфизмде амфиболитке, ал төменгі сатыда жасыл тақтатасқа айналады. Сондықтан метаморфтық таужыныстардызерттеп білу күрделі мəселе болып табылады. Метаморфтық таужыныстарды зерттеу тек қана петрографиялық мəні емес, оның кенорындарды зерттеуде де зор маңызы бар. Себебі алтынның, темірдің, мыстың, вольфрамның, қалайының, уранның, графиттің, корунд жəне т.б. көптеген кендері метаморфтық таужыныстармен байланысты. Көптеген метасоматиттер (скарндар, грейзендер, березиттер, т.б.) өздері кен көзі болып табылады. Метаморфизм түрлері. Жылу, қысым жəне химиялық компоненттердің қатысуына жəне геологиялық жағдайға қарай метаморфизмнің бірнеше түрі бөлінеді. Осы заманда метаморфтық процестердің бірыңғай жүйесі жоқ (Заварицкий, 1969; Заридзе, 1980). Төменде біз оларды мына түрлерге бөліп қараймыз: 1) катаклаздық метаморфизм, 2) жапсар-термалық метаморфизм, 3) аймақтық метаморфизм, 4) метасоматоз. Катаклаздық (грек. - катаклаз - қирату) метаморфизм. Оны динамомета-морфизм немесе дислокациялық метаморфизм деп те атайды. Бұл метаморфизм Жер қыртысындағы таужыныстардың қатпарлану қозғалысы мен тектоникалық жарылу процестерімен байланысты. Катаклаздық метаморфизм тектоникалық жарылымдар бойында шенеулі ғана орын алады. Дислокация процесінде температура мен жалпы қысым мардымсыз болса, онда катаклаз үлкен аймақты қамтуы да мүмкін. Катаклаз кезінде температуралық фактор қатыспаса жаңа минерал пайда болмайды, тек қана таужыныстар уатылып үгіледі. Егер стресс минералдардың беріктігінен аспаса, онда кварц, кальцит сияқты минералдарда екі өстілік, құбыла сөну пайда болады. Егер стресс таужыныс беріктігінен асып кететін болса, онда алдымен сырғу егіздіктері мен жарықшалар пайда болып, таужыныс уатыла бастайды. Стресс аса қуатты болған кезде, таужыныстар түгел уатылып, үгіндіге айналады. Минерал түйірлерінің бір-бірімен үйкелуінен жəне басқа себептермен температура көтерілетін болса, онда катаклазданған таужыныстарда төменгі температуралы серицит, хлорит, тальк сияқты минералдар пайда болады.

Date: 2015-09-05; view: 1075; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию