Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы





Кливаж (франц. — с1іvagе-жарылу). Таужыныстар қабаттарында əртүрлі деформациялар мен метаморфизм əсерінен пайда болатын жиі орналасқан параллельді жарықтар жиынтығын кливаж деп айтамыз. 1. Қабат бойы кливажы — иірімділік серпімділік деформациясына, алғашқы сатыларында қабаттылыққа параллель дамиды. 2. Желпуіш тəріздес кливаж - қатпар остік жазықтығына желпуіш тəріздес орналасады, яғни желпуіш антиклин асты, синклин үстінде тоғысады. 3. Керісінше желпуіш тəрізді кливаж — оның жазықтығы антиклин асты, синклин үстінде тоғысады. 4. S тəрізді кливаж - əртүрлі құрамды қабаттарда бағытын өзгертіп отырады, кливаждың бұл түрі жоғарыда аталған желпуіш тəрізді түрлерді де күрделендіреді. 5. Негізгі (параллельді) кливаж - остік беттеріне параллель қатпарлар құлпында жəне қанаттарында да дамиды.

46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)

Лықсымалар дегеніміз, жылжу жазықтығы бойымен үстіңгі қанаты төмен ауысып ығысқан жарылысты бұзылысты айтамыз. Лықсымаларда мынандай элементтерді бөлуге болады (48-сурет). Төмендеген немесе аспалы қанаты (А), көтеріңкі немесе жатқан қанаты (Б), ыдыратқыш (В), ыдыратқыш құлау бұрышы (α), ыдыратқыш бойы амплитудасы (α1, δ1), вертикалдық (α1, δ2), жəне горизонталдық (δ2, δ2), амплитудалар, стратиграфиялык амплитуда (α4, δ1), тік бағытты шегіну (α2, δ1), көлденеңді шегіну (δ2, α3). Лықсыма элементтері Лықсымалардың жіктелуі: олар бірнеше белгілер көмегімен ыдыратқыш құлау бұрышына, бұзылған таужыныстары созылымына қарай жəне т.б. болып ажыратылады: а) ыдыратқыштың құлау бұрышына байланысты: жайдақ < 30 дейін, шұғыл<30-80, тік < 80 жоғары; ө) бұзылған тау жыныстар созылымына қарай а) бойлық, б) қиғаш, в) көлденеңді (49-сурет); 92 49-сурет. Лықсымалардың бұзылған таужыныстары созылуына қарай бөлінуі б) ыдыратқыштар мен бұзылған таужыныстар арақатынастарына қарай үйлесімді үйлесімсіз 50 сурет. Үйлесімді (а) жəне үйлесімсіз (б) лықсымалар тік қимада в) қанаттарының жылжу бағытына байланысты тура, кері, топсалы жəне цилиндрлі болып бөлінеді. Лықсымалардың өзара орналасуына байланысты параллельді, радиальді жəне қауырсынды болып келеді.

47.Ығыспалар (элементтері, жіктемесі)

Ығыспалар деп, жылжуы ыдыратқыш жазықтығы бойымен көлденең бағытта өтетін, жарылып үзілген қабаттарды айтады (53-сурет). 95 53-сурет. Ығыспа түрлері: а) тік бағытты, б) көлбеу, в) көлденең, г) сол жакты, д) оң жақты, н) бақылаушы, қалың сызық ыдыратқыш. Ығыспа элементтеріне қанаттары, ыдыратқыш, ыдыратқыш құлау бұрышы жəне ауысу амплитудасы жатады. Ығыспалар ыдыратқыш құлау бұрышына байланысты горизонтальды (құлау бұрышы 0 ден 10 шейін), жайдақ (<10-45), шұғыл (45-80), тік (80-90) болып бөлінеді. Бұзылған таужыныстары созылуына қарай ығыспалар, лықсымалар сияқты бойлық, қиғашты немесе диагональды жəне көлденеңді болып, ал ыдыратқышқа беті жағымен орналасып, бақылағанда сол жақты жəне оң жақты болып бөлінеді. Ығыспаларды лықсымалар мен ысырмалардан ажырату бір шама қиындық туғызады. Ығыспалардың үзілген қанаттар ауысуын сырғу жосылмалары арқылы анықтайды. Мұнда олар ыдыратқыш бетінде горизонталды жағдайда болып келеді. Картада бейнеленген ығыспалар, лықсымалар мен ысырмалардан қанаттарының ығысу ерекшелігіне байланысты ажыратылады. Ысырмалардақанаттарды үзіліс болмағанға шейінгі қалпына əкелгенде, үзілген құрылымдар шеті бір-бірімен жымдаса қосылып бұрынғы құрылым толық, бүтін түріне ие болады (54 - сурет), ал лықсымалар мен ысырмаларда мұндай жағдай байқалмайды. 54-сурет. Планда лықсыма (а) мен ығыспаның (б) айырмашылығын көрсететін сызба (А. Е. Михайлов бойынша) Ығыспаның пайда болуы таужыныстары қабаттарына қарама-қарсы бағытты күштер əсерімен байланысты. Ығыспалар жер қыртысында кеңінен дамиды. Олар көбінесе бұрын пайда болған ірі жарықтар бойымен дамиды. Орта Азиядағы Талас-Ферғана жарылымы бойымен ауысқан девон жыныстары қабаттары амплитудасы 50 км жетеді. Қаратауда диагонал бағытта толық қиып өткен осындай бір ірі жарылымды Қаратаудың басты жарылымы деп атайды. Ығыспаның ауысқан екі блогы бір-бірінен 500-700 км алшақтап ысырылған. Қаратау ысырылмасы оң бағыттыға жатады. Соңғы жылдарда геофизикалық мəліметтер негізінде Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде жəне Атлант мұхитының экваториялық белдемінде ірі ендік ығыспалар анықгалып отыр. Нағыз ығыспалар үшін көлденең бағыттағы блоктар ығысуы 10 градустан аспау тиіс. Кері жағдайда бұзылыстар ысырма-ығыспа немесе лықсыма-ығыспаларға жатады. Мұндай құрылымдар пайда болса, қосымша бүйірлік сығылулар трансстекция, ол қалыптасқан құрылымдар транстенсиондық деп аталады. Қосымша бүйірліқ қысым транспрессиялық, оның əсерінен пайда болған құрылым транспрессиондық деген атқа ие болады. А. В. Прокопьев, В. Ю. Фридовский, В. В. Гайдук ығыспа маңы дуплексі атты құрылымды бөледі. Ол екі, басты, шұғыл бағытты ығыспа зоналарымен шектелген тектоникалық құрылысы. Мұндай зоналар арасында ұсақтау масштабты, оймақтəрізді орналасқан ығыспалар орналасады, əдетте ығыспа-ысырмалы комбинациялы (транспрессивті сығылу дуплексі) немесе ығыспа -лыксымалы (транстенсивті созылу дуплексі) кинематикалы болып келеді. Ірі ығыспаларға мысал ретінде орталық мұхиттық жоталардың кейбір бөліктері ауысатың трансфорымдық жарылымдарды жатқызуға болады.

Date: 2015-09-05; view: 1244; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию