Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атпарлардың морфологиялық жіктемесі





Қатпарлардың жіктелуі негізіне бірнеше белгілерін аламыз. Жіктелу негізінің белгілеріне қатпардың пішіні немесе пайда болу тегі анықталуы мүмкін. Егер жіктелу негізіне қатпарлардың сыртқы түрі (формасы) алынса, ол морфологиялық, ал шығу тегі алынса - генетикалық жіктелу болады. Əрқайсысы қатпарлардың əртүрлі қасиеттерін есепке алып сипатталады, сондықтан олар бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бір-бірін толықтырады. Морфологиялық жіктелу негізіне қатпарлардың бірнеше белгілері алынады. Олар: 1. Остік беттің орнына байланысты: а) симметриялы қатпар - остік беті тік бағытты жəне қанаттарының көлбеулік бұрышы бірдей болып келеді б) асимметриялы қатпарлар - остік беттері көлбеу немесе горизонталды жəне қанаттарының еңістену бұрыштары əр түрлі болып келеді б) қисайған қатпарлар қос қанаттары қарама қарсы жақтарға əр түрлі бұрыштармен құлаған немесе екі қанатының бірі тіктеу болып келетіндер в) аударылған қатпарлар - шоқтығы біржақ қанатына қарай қысылып құлағандай болады немесе қанаттары біржақа қарай бағыттала құлағандар (36-сурет); г) жантайған қатпарлар остік жазықтық бетіне көлденең орналасады; д) төңкерілген қатпарлар - остік беті кері қарай құлағандай болып бүгілген. 2. Қанаттарының арақатынасына байланысты: а) кəдімгі, қалыпты - қатпарлардың қанаттары əр жаққа құлап жатады; б) изоклинді – қанаттары параллель орналасады;в) желпуіш тəріздесті – қанаттары желпуіш тəріздес келеді. Мұндай қатпарлардың өзегі (ядро) басқа бөліктерінен бөлектенген болады. 3. Қатпарлар құлпы пішініне байланысты жадағай, шұғыл, сынған, сандық тəріздестіге бөлінеді (38-сурет). 4. Қатпарлар ұзындығы мен енінің арақатынасына байланысты созылыңқы, брахи пішінді, күмбез тəріздес болып бөлінеді (39-сурет). Созылыңқы қатпарлардың ұзындығының (а) еніне (б) қатынасы (а/б) үштен көп болады, ал бұл қатынас мөлшері үштен аз болса брахи пішінді (брахантиклиндер, брахисинклиндер), егер ол өлшемдері бір-біріне жуық болса күмбез тəріздес, ал мұндай түрлі синклиндер тостаған тəріздес немесе мульда деп аталады. Жер қыртысындағы қатпардың орнына топса орналасуы көп əсер етеді.Жер бетінде топсаның көлденеңді орналасуында қатпар қанаты ось сызығына параллель келеді. Топса шомуы мен көтерілуі жағдайында, қабаттар остік сызықты айнала орналасады. Топсасы көлбеулі орналасқан72 антиклинді қатпар учаскесін периклинді тұйықталу дейді. Мұндайда

қабаттар қатпар өзегінен кері бағытқа қарай құлайды. Синклинді қатпарларда топсалары көлбеулі қатпар бөліктері центриклинды тұйықталу деп аталады. Бұл жағдайда қабаттар қаптар осін айнала оның өзегіне қарай бағыттала еңістенеді. Кейде аса күшті аймақтық метаморфизмге ұшыраған жыныстар жіктастар мен гнейстерге өтіп топсалары тік бағытталған қатпарлар түзеді. Бұл қатпарлардағы қабат құлау бұрышы қанаттарында əдетте тік немесе 90 градусқа жетеді.

Date: 2015-09-05; view: 1093; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию