Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері





Қатпарлар дегеніміз таужыныстарының жаншылып, сығылып иілген кездегі пайда болған қабаттардың толқын тəріздес иілуі. Қатпарлар тізбегі қатпарлықтар түзеді. Қатпарлар сыртқы пішіндері, ондағы таужыныстар қабаттарының орналасуына байланысты екі топқа болінеді: антиклинді жəне синклинді Антиклин - қанаттарына қарағанда, ядросында көне таужыныстары орналасқан, иіні жоғары бағытталған қатпарлар. Синклин - қанаттарына қарағанда, ядросында жас таужыныстары орналасқан, иіні төмен бағытталған қатпарлар. Қатпар төмендегі элементтерден тұрады: қатпардың қанаттары, құлпы (күмбезі), ядросы, қатпар бұрышы, осьтік жазықтық, ось сызығы, қатпар осі, топсасы (шарнир). Қатпар қанаттары - қатпардың бүйірлік, иілген қабаттың қарама- қарсы бөліктері. Қатпардың аса иілген бөлігін оның құлпы, күмбезі дейді. Ал қатпардың ортаңғы бөлігі немесе қанаттары жəне құлпысымен шектелген бөлігін ядросы (өзегі) дейміз. Қанаттардың жалғасында пайда болған бұрыш қатпар бұрыш (α) деп аталады. Остік жазықтық (бет) – қатпарды екіге бөлетін жазықтық немесе қатпардың иілу нүктелері арқылы өтетін бет. Остік жазықтықтың горизонталь (көлденең) жазықтықпен қиылысқан сызығы - қатпар осі немесе ось сызығы болады. Ось сызығы қатпардың кеңістікте орналасуын айқындайды. Оның орны созылу бағыты азимуты арқылы анықталады. Картада қатпардың ось сызығы қабаттардың иілген жеріндегі нүктелерді қосу арқылы табылады Қатпардың топсасы деп остік беттің қабат бетінің бірімен (жабыны, табаны) түйіскен сызығын айтамыз. Қатпарда топса қабаттың бетінде (жазықтығында), оның бүгілген жерінде орналасады. Топсаның орны шому немесе көтерілу азимутымен анықталады. Топсаның көлбеулігін қабат жастарын салыстырып біледі. Топса жас таужыныстарына қарай еңістенеді (ундуляция). Топса иілуіне байланыты горизонтальды, көлбеу толқынды, қисықты болып келеді. Қатпардың мөлшері оның ұзындығы, ені жəне биіктігімен сипатталады. Қатпар ұзындығы - ось сызығы бойымен қатар орналасқан топсалар бүгілулерінің арасындағы қашықтық Қатпардың ені - көрші екі қатпардың (антиклин, синклин) осі сызықтарының арасындағы қашықтық. Қатпардың биіктігі - вертикальдық (тік бағыттағы) антиклин мен оған көршілес синклин құлпылары арасындағы қашықтық

Date: 2015-09-05; view: 1273; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию