Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Билет №5
1. Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама. ++++ 2. Табиғат және қоғамның өзара әсері. +++++ 1. Қазақстан Республикасы жер көлемімен, алуан түрлі табиғат байлықтарымен және көпұлтты халқымен ерекшеленетін мемлекет. Еліміздің болашағы мен халқымыздың әл-ауқатыныңартуы эканомикамыздың дамуымен тікелей байланысты. Белгілі бір бағытта қоғамның сұранысын өтейтін кәсіпорындар мен мекемелер шаруашылық салаларына бірігеді. Мысалы, өнім шығаратын зауыттар мен фабрикалар – өнеркәсіпке, медициналық мекемелер – денсаулық сақтауға, оқу орындар – білім беру саласына топтастырылады. Шаруашылық бұл-өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы,құрлыс,көлік,сондай-ақ сауда,білім беру,денсаулық сақтау салаларының өзара байланысқан жиынтығы. Өндірістік сала өндіріс құрал-жабдықтарын өндіріп (электр энергиясы, машина, т.б.), адамдардың материялдық игіліктерін (тамақ, киім-кешек) жасап, тұтынушыға жеткізуді (көлік, байланыс) қамтамасыз етеді. Бұған өнеркәсіп, ауылшаруашылық, көлік, коммуникация, құрылыс, сауда және қоғамдық тамақтандыру салалары жатады. Өндірістік емес сала адамдардың тұрмыстық және рухани қажеттерін қамтамасыз етеді. Бұл салаға білім беру, мәдениет, ғылым, өнер, дене тәрбиесі, демалыс мекемелері, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй шаруашылығы жатады. Өндірістік салалар. Өнеркәсіп – республика шаруашылығының жетекші саласы. Өнеркәсіптің өркендеуі шаруашылықтың барлық саласындағы техникалық прогресті және еліміздің қорғаныс қуатын арттырады. Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында. Еліміздің өнеркәсібінің ерекшелігі жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілуінде. Қазақстанда шикізатты өндіретін өнеркәсіптермен қатар, оны пайдалануға дайын өнімге айналдыратын өңдеуші өнеркәсіптердің рөлі жоғары.ҒТР дәуірінде өнеркәсіпті дамытуда шоғырландыру (өндірістің ұштасуы)және құрамдастыру( бір кәсіпорында технологиялық процесі ұқсас бірнеше өндірістердің жинақталуы), мамандандыру (кәсіпорынның біріңғай өнімдер шығаруға бейімделуі), кооперативтендіру (дайын өнімдерді жасап шығарудағы бірнеше кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс)сияқты өндірісті ұйымдастырудың формаларына зор көңіл бөлуде.Бұлар өнеркәсіптің барлық салаларына интенсивті даму жолына түсіруге бағыт береді. 2. Табиғат және қоғамның өзара әсері Адамзат өміріне қажетті материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның дамуы ондағы табиғат ресурстарының қорына байланысты. Сондықтан адамзат болашақта күйзеліске (катаклизмге) ұшырамас үшін табиғатпен толық үйлесімде болып,оның байлығын үнемді және қалдықсыз пайдалануға тиіс.Адамның өндірістік іс-әрекеті –қоғамдық формация өндіріс неғұрлым жылдам дамыған сайын оның табиғатқа кері әсері де соғұрлым өсіп отырады. Қоршаған орта дегеніміз- бұл адамның шаруашылық іс- әрекеті және оның әсерінен өзгеріске ұшырап отырған табиғат пен табиғи орта. Қоршаған ортаға өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік магистральдары, қалалар мен ауылда жерлердегі елі мекендер, әлеуметтік орта, т.б. кіреді. Шаруашылықтың әртүрлі салалары қоршаған ортаны ластаудың және оны тасымалдаудың көзі. Өнеркәсіп- еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтып қана қоймайды,сонымен бірге қоршаған ортаны күшті ластаушы. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларын қоршаған ортаға әсер ету бағытына қарай: өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары деп екі топқа біріктіреді. Көмір, темір кендерін, минералды тұздар және басқа да қазба байлықтарын өндіретін кен орындарының жұмысы, әсіресе кенді ашық әдіспен өндірсе, үлкен аумақтық ландшафтың бұзылуына әкеп соғады. Бұл жерде антропогендік ландшафт қалыптасады. Антропогендік ландшафт дегеніміз –адамның іс-әрекетінің нәтижесі. Мысалы,Соколов Сарыбай кен байыту комбинаты темір кендері жер бетіне таяу орналасқандықтан,ашық әдіспен өндіріледі.Қазіргі уақытта атмосферада метанның, көмірқышқыл газының, азот, күкірт және бірнеше ауыр металдардың жинақталуы ұлғайып отыр. Бұл адамдардың деңсаулығына, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді. Қайта қалпына келтіруге жатпайтын табиғат байлықтарын пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында рециркуляция (қайта пайдалану) шаралары қарастырылуда. Ғылым мен техниканың дамуы қалдық заттардың 2/3 бөлігін қайта пайдалануға жағдай жасап отыр. Еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық проблемалары. Адамның шаруашылық әрекетінің көптүрлігі бір-бірінен қауіптілігі мен күрделілігі жөнінен айырмашылықтары бар әртүрлі экологиялық жағдайды туғызады. Қазақстан үшін мұндай жағдайдың қауіптілігі көптеген факторлар арқылы анықталады, оларға: - дамушы өндіріске мамандану; - өндіріс көлемі және соған байланысты техногенді қалдықтар көлемінің ұлғаюы; - шаруашылықты жүргізу тәсілдері, жаңа технологияларды қолдану ерекшіліктері; ресурстарды кешенді пайдалану; - аумақта халықтың қоныстану деңгейі, халықтың тығыздығы, қала проблемалары; - белгілі аймақтағы табиғат кешендерінің ерекшеліктері; Date: 2015-09-05; view: 18420; Нарушение авторских прав |