Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мәтінді форматтау





HTML-да шрифтерді өзгертуді екі нысанада жасауға болады. Олар физикалық және логикалық стильдер болып табылады.

Физикалық стиль мағынасында браузерге тікелей ағымдағы шрифтерді модификациялауға нұсқау беру деп түсінуге болады. Мысалы <B> және </B> тегтері арасындағы мәтін қою шрифт болып жазылады, ал <I> және </I> арасындағы мәтін көлбеу шрифтпен жазылады. Тағы да ерекше тегтер ретінде <TT> және </TT> тегтерін айтуға болады. Олардың арасына алынып жазылған мәтін жазба машинкасында жазылғандай етіп браузер экранында көрінеді.

Логикалық стильдерді мәтіннің кейбір бөліктерін (сөздерді) ерекшелендіріп жазу кезінде қолданылады. Логикалық стильдерге:

<EM>…</EM> - Emphasis деген ағылшын сөзі – акцент.

<STRONG>…</STRONG> - Strong emphasis деген ағылшын сөзі – күшейтілген акцент.

<CODE>…</CODE> - бастама мәтіндердің бөліктерінде қолданған дұрыс.

<SAMP>…</SAMP> - Sample деген ағылшын сөзі – үлгі. Программалармен экран бетіне шығатын хабарламалардың үлгілерін жазғанда қолданған дұрыс.

<KBD>…</KBD> - Keybord деген ағылшын сөзі – пернелер тақтасы (клавиатура). Пернелер тақтасынан не енгізілетенін нұсқаған кезде қолданған дұрыс.

<VAR>…</VAR> - Variable деген ағылшын сөзі – айнымалы. Айнымалылардың аттарын жазғанда қолданған дұрыс.

HTML мәтіннің бүтін абзацтарының көріністерін анықтауға мүмкіндік береді. Абзацтарды тізімдер түрінде көрсетуге, оларды экран бетіне форматталған түрде шығаруға немесе экранның сол жақ шетін ұлғайтуға болады. Осының бәрін келесі түрде жасауға болады:

Номерленбеген тізімдер: <UL>…</UL>

<UL>…</UL> арасына алынған мәтін номерленбеген тізім ретінде қабылданады. Тізімнің әр элементін <LI> тегімен бастау керек. әр элементтің белгісін <UL> тегіне жазылатын TYPE атрибутымен шеңбер (circle), боялған шеңбер (disk) және боялған квадрат (square) беруге болады.

Номерленген тізімдер: <OL>…</OL>

Номерленген тізімдер номерленбеген тізімдерге ұқсас, тек қана әр элементті белгілейтін белгілердің орнына сандармен немесе әріптермен беріледі. әр элемент белгісін TYPE атрибуты арқылы бас әріптермен де белгілеуге болады. Солайша әр элементті римдік сандармен де белгілеуге болады. Ал олардың қай саннан немесе алфавит бойынша қаншасыншы әріптен бастау керек екендігін START атрибуты көмегімен көрсетуге болады. Егер атрибуттар көрсетілмесе, онда жай сандармен белгіленеді.

Анықтама тізімдері: <DL>…</DL>

Анықтама тізімдері басқа тізімдерге қарағанда өзгеше болып келеді. <LI> тегтерінің орнына <DT> (Definition Term – анықтаушы термин) және <DD> (Definition Definition – анықтама анықтамасы) тегтері қолданылады.

 

HTML құжатына бейне (сурет) қою өте оңай. Ол үшін тек қана сізде GIF (*.gif кеңейтілуі бар файлдар) немесе JPEG (*.jpg немесе *.jpeg кеңейтілулері бар файлдар) форматындағы бейне және HTML мәтінінен бір жол ғана керек.

Кесте <TABLE>тегімен басталып </TABLE> тегімен аяқталады. <TABLE> тегі бірнеше атрибуттарды қабылдай алады:

ALIGN – құжат шекарасы бойынша кестені орналастырады. Мәндері: LEFT, CENTER, RIGHT (сәйкесінше сол, орта және оң жақтар).

WIDTH – кесте ені. Мәні ретінде пиксел түрінде немесе браузер экранының еніне шаққандағы пайыз түрінде көрсетуге болады.

BORDER – кестенің сыртқы рамкасының және ұяшықтарының рамкасының қалыңдығын анықтайды (пикселмен). Егер атрибут көрсетілмесе, онда кесте рамкасыз көрсетіледі.

CELLSPACING – кесте ұяшықтары арасындағы арақашықтықты пикселмен анықтайды.

CELLPADDING – ұяшық рамкасы мен мәтін арасындағы арақашықтықты пикселмен анықтайды.

Кестеге <CAPTION> және </CAPTION> тегтері көмегімен кестенің тақырыбын қоюға болады.

 

Date: 2015-09-05; view: 1640; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию