Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Excel электрондық кестесінде адрестерді көрсету әдістері





Яшықтың блогы немесе аралығы

Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін топнемесе блок деп атаймыз. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтар адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2 ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2: D8 түрінде көрсетіледі.

Кестеге мәліметтер жазу

Ехсеl программасында электрондық кесте ұяшығына енгізілетін мәліметтердің типтері мәтін, сан, уақыт, күн-ай мезгілі және формула болуы мүмкін.

Excel электрондық кестесінде адрестерді көрсету әдістері

Ұяшық пен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде бейнелеу:

Салыстырмалы адрес. Ұяшықтармен жұмыс жасау кездерінде D3, A1:H9 т.с.с сілтемелерлі қолдануға болады. Адрестердің мұндай түрде көрсетілуісалыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы.Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында Excel кестесі ұяшықтың адресін ағымдағы ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы, D4 ұяшығына = D1+ D2 енгізетін болсақ, Excel программасы бұл формуланы «екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек»деп қабылдайды.

Абсолютті адрес. Егер формуланы көшіру барысында белгілі-бір ұяшыққа немесе аймаққа сілтеме жасау қажет, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көмегімен жазылады. Мысалы: $A$C14 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде C14 ұяшығындағы мән пайдаланылады.

Аралас адрес. $ белгісі қажетті орында ғана жазылады, мысалы $C14 немесе C$14.Егер абсолютті адрес белгісі ұяшық алдында ғана жазылса ($C14), баған мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту үшін (C$14) түрінде жазылады.

 

Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Негізгі түсініктер.

Қазіргі кезде адам өмірінде әртүрлі ақпараттар өңдеу көп. Сондықтан оларды басқару және ұйымдастыру үшін кең көлемдегі деректер қоймасы мен базасын құруға тура келеді. Дүниедегі кез келген есептер ақпараттар мен мәліметтерді түрлендірумен байланысты. Сол себепті соңғы жылдары көптеген әртүрлі компьютерлік жүйелерде деректер базасын басқару жүйелері пайда болды. Деректер базаларын бір уақыт кезеңінде параллельді түрде бірнеше қолданушылар жаңартып, қолдана алады. Қолданушылардың мәліметтер қорына кіру мүмкіндігін мәліметтер базаларының арнайы программалық жабдығы — деректер базасын басқару жүйесі береді. Деректер базасын басқару жүйесі(ДББЖ) — ол көптеген қосымшаларға арналған жалпыланған деректер базасын құру, оны әр кезде жұмыс жағдайында ұстау және қолданушылардың оларға берілген өкілеттіктер шеңберінен аспайтын ену мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған программалық жүйе. Программалық жабдықтарды саралау өрнегі бойынша ДББЖ мәліметтер қорларын өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалар пакеті болып саналады. Қолданылу түріне байланысты ДББЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес ДББЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес ДББЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы ДББЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы ДББЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. (ДББЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық ДББЖ, желiлiк ДББЖ, реляциялық ДББЖ болып үшке бөлiнедi. Реляциялық деректер базасы бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі. Бұтақ тәрізді нысандардың кестесі иерархиялық құрылым болады. Мұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі нысан жоғарғы деңгейдегі нысанға бағынышты. Желілік ДББЖ-да Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады.

 

Date: 2015-09-05; view: 1294; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию