Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мәліметтер қорының құрылымы





Көптеген мәліметтер қоры кестелер түрінде беріледі. Біздің білетініміздей, кестелік құрылымда мәліметтердің мекен жайы бағандар мен жолдардың қиылысуы арқылы анықталады. Мәліметтер қорында бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өріс мәліметтер қорының құрылымын жасаса, ал жазбалар ондағы бар ақпараттарды құрайды. Мәліметтер қорының құрылымы түсінігін жеңіл меңгеру үшін, ең алдымен ешқандай мәліметтері жоқ бос қорды қарастырамыз. Бұл жерде ешқандай қордың болмауына қарамастан, бәрібір онда ақпарат болады. Бұл қордың құрылымы, яғни өрістер жиынтығы. Олар бұл қорға нелердің, және қандай түрде жазылатындығын анықтайды. еректер қорының элементтері. Негізгі түсініктер.

Кестелер деректер қорының негізгі объектілері. Онда деректер сақталады.

Сұраныстар бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылымдар. Олардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүхгілеуге, өзгертуге, біріктіруге, яғни өңдеуге болады.

Формалар (Қалыптар) объектісінің көмегімен қорға жаңадан деректерді қосуға немесе бар деректерді көруге болады.

Есеп берулер бұл формалардың (қалыптардың) керісіншесі. Олардың көмегімен деректер тұтынушы үшін қолайлы түрде беріледі.

Макростар бұл қайталанатын операцияларды орындайтын ең қарапайым автоматтандыру құралдары.

Модульдер Visual Basic for Application тілінде сипатталған программалық процедурлар.

Ассеss 2007 деректер қоры басқа да деректер қоры сияқты кестелік құрылымға ие болады. Бұл әр жазбаға өзінікін меншіктегу мүмкіндік беретін бейнелі адрес, яғни жолдар мен бағандардың қиылысымен анықталады. Деректер қорында бағандарөрістер, ал жолдаржазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жзбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды.

Өрістер – бұл деректер қорының құрылымының негізгі элементі. Олар қасиеттерге ие болады. Өрістің қасиеттеріне байланысты оған енгізуге болатын және болмайтын деректердің түрлері анықталады, сонымен қатар өрістегі жазбаларға математикалық амалдар қолднуға болады. Өрістердің әр түрлі қасиеттері болады және олар әр түрлі түрлерге жатады.

Кез келген өрістің негізгі қасиеті оның ұзындығы болып табылады. Өрістің ұзындығы символдарменөрнектеледі. Өрістің ұзындығынан оған қаншалықты ақпараттың сиятындығына тәуелді болады. Жазылған сөз – бұл бағанның тақырыбында бейнеленген ақпарат. Оны өрістің атымен шатастыруға болмайды, дегенмен егер жазылған сөз болмаса, онда тақырыбында өрістің аты бейнеленеді. Мысалы, әртүрлі өрістерге жазылған сөздер бірдей бола алады. Өрістердің әр қилы түрлері әр түрлі қасиеттер мен міндеттерге ие болады.

 

 

Мәліметтер моделінің түрлері.

Мәліметтер қорын басқарып, ұйымдастырудың 3 класы (моделі) ажыратылады: иерархиялық, желілік және реляциялық. Иерархиялық модель, атауына сәйкес, иерархиялық құрылымы бар, яғни әрбір элементтер жоғарыда тұрған бір ғана элементпен байланысты, бірақ сол мезетте оған бір немесе бірнеше төменгі элементтер сілтеме жасайды. Иерархиялық модель терминологиясында түсінікті, нақты терминдер қолданылады: “элемент”(түйін); “деңгей” және “байланыс”. Ол сұлбалық түрде граф ретінде, яғни әрбір түйін өз алдына белес (шың) болатындай бейнеленеді. Иерархиялық модель модель түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы болып саналады. Иерархиялық модельде негізгі ақпараттық бірліктер ретінде мәліметтер қоры, сегмент және мәліметтер жолы алынады. Желілік модель стандартын ең алғаш 1975 жылы CODASYL (Conference Of Data System Languages) ассоциациасы анықтады. Бұл ұйым осы модельді базалық ұғымдарын және сипаттауды формальды тілін анықтаған.

Модельді базалық терминологиясына келесі ұғымдар жатады:

· мәліметтер элементі;

· жазу (запись);

· мәліметтер жиынтығы.

Аталған модельді қолданып мәліметтер қорын графикалық түрде көрсеткенде ²желі² түріндегі граф құрылады. Граф төбелеріне ақпаратты жазу деп аталған құрамдық бірліктері сәйкес келеді. Жазу экземплярлары файл деп аталады. Әр МҚБЖ-де жазу құрылымдары әр түрлі болып келеді.

 

Мәліметтер қорлары жүйелеріндегі теориялық-көптік модельдерді пайда болуы графтық модельдердегі мәліметтер элементерімен жұмыс жасаудан макронысандарды қолдануға көшуге байланысты. Бұл мәліметтер модельдерінің сыныптамасында негізгі болып реляциялық модель саналады. Аталған модель ерекшелігі - қарапайым пайдаланушылар үшін түсініктілігі және екінші жағынан – толығымен теориялық негізделуі, сонымен қатар мәліметтерді осындай түрде орналастыру бұндай аппаратты білім базаларында қолдану мүмкіндігін береді, осы жай күрделі ақпарат жүйелерінде ақпаратты өдеуді жаа сапалы көзқарастарын ұсынады.

 

Инфологиялық модель құрудың реляциялық тәсілдеме.

Инфологиялық модельді құру үшін мынадай қарастыру қолданылады:

графтық модель, семантикалық желі, «мән-байланыс» моделі және тағы басқалар осылардың ішінде ең белгілісі «мән-байланыс» моделі болып табылады, оны төменгі бөлімдерде қарастырамыз.

Инфологиялық модельдеудің мақсаты – адам үшін жасалынып жатқан мәліметтер қорында сақтауға болжалған мәліметтерді табиғи жинау және көрсету. Сондықтан мәліметтердің инфологиялық моделін аналогия бойынша табиғи тілмен құруға тырысады. Мәндер, олардың арасындағы байланыстар және олардың қасиеттері (атрибуттар) инфологиялық модельдің негізгі құраушы элементтері болып табылады.

Инфологиялық модельді құру кезінде ER-диаграммасы (ағылшынша Entity-Relationship, яғни мән-байланыс) тілін қолдануға болады. Мұнда мән тіктөртбұрышпен, ассоциация ромб немесе алтыбұрышпен, атрибуттар овалмен, ал олардың арасындағы байланыс үстіне байланыс дәрежесі қойылған бағыты жоқ сызықтармен берілген.

 

 

Компьютерлік желі дегенімізресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.
Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем
(МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.

 

Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.

Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі.
Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:

· а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;

· ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;

· б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.

Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефонсымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта (E-mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.[1]

Жергілікті компьютерлік желі – ортаќ міндеттерді атќаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысќан өзара жаќын орналасќан компьютерлер жиыны.

Компьютерді жергілікті желіге ќосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен аќпарат алмасу талабын ќамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен ќұралдар болуы ќажет.

 

Компьютердің желілік аппараттыќ және бағдарламалыќ ќұралдарын ќамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.

Негізгі желілік хаттамалар — ISO (International Standard Organization) Халыќаралыќ стандарттар ұйымымен стандартталған және барлыќ желілік ќұралдар өндірушілерімен ќамтамасыз етіледі.

Хаттамалар:

· желінің физикалыќ және электрлік параметрлерін;

· орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, аќпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;

· аќпаратты беру кезіндегі ќателікті табу және түзету реті және т.б. ќызметтерді орындайды.

 

Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі: бір орталықтан басқарылатын желі, мұнда бір компьютер – сервер желі жұмысын басқарады. Сервер – арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.
Бір деңгейлі компьютерлер желісі – мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады. Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады. Бір орталықтан басқарылатын желіні «Клиент - сервер» желісі деп те айтады:
Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа).
Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект.

Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері
Желі құрамындағы негізгі элементтер:
n Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).
n Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары).
n Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix).
n Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы

 

Интернет

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады. Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.

Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.

 

Гипермәтін- бұл қосымша элементереді басқару мақсатында ішінде екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізуге, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.

Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер-бұл Web-беттерін (гипермәтіндік беттерді) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).

Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, браузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін әріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.

HTML файлдары *.htm немесе *.html деген кеңейтулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Қолданбалы» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Тэгтердің көбісі ашылатын тэг <> және жабылатын тэг </> арқылы жазылады. HTML-құжаты әрқашан <HTML> тэгімен басталады және </HTML> тэгімен аяқталады. Ал ары қарай беттің тақырыбы жазылады <HEAD>...</HEAD>, беттің атын анықтайтын тэгтер <TITLE>...</TITLE>. Тек енді <BODY>...</BODY> тэгтерінің ортасына өз ақпараттарыңызды, суреттеріңізді, видеофайлдарыңызды және аудиофайлдарыңызды орнатуға болады.

 

Date: 2015-09-05; view: 3801; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию