Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ПОЕЗДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ МАНЕВРЛІК ЖҮМЫС





Азақстан Республикасы

Көлік және коммуникациялар

министрінің

Ж. 17 тамызындағы

Бұйрығымен бекітілген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕМІР ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ПОЕЗДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН МАНЕВРЛІК ЖҮМЫС ЖӨНІНДЕП НҮСҚАУЛЫҚ

(Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 16.11.2001ж. № 336-1, 05.08.2003ж. №243-1 бұйрықтарымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулары бар)

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелерімен (бұдан әрі - ТПЕ) және Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен бекітілген негізгі ережелерге сәйкес томендегідей ережелерді бекітеді:

Станциялардағы түрлі сигнал беру, орталықтандыру және блоктау (СОБ) құрылғылары мен сигнал беру және байланыс құралдары кезіндегі іюездардың қалыпты жағдайларда, сондай-ақ олар ақауланған жағдайдағы қозғалысы кезіндегі оларды қабылдау, жөнелту және өткізу ережелерін;

темір жол желілері мен құрылыстарында жөндеу-құрылыс салу жұмыстарын жүргізу жағдайларындағы поездарды қабылдау мен жөнелту ережелерін;

станцияларда маневрлерді орындау ережелерін;

поездарға ескертулер беру ережелерін;

поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін реттейтін Оасқа да ережелерді.

Осы Нұсқаулықта ескерілген талаптарды тиісті қызметкерлердің жақсы білуі мен нақты түрде орындауы - поездар қозғалысы мен маневрлерді орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды шарттардың Оірі болып табылады.

ТПЕ 16.2-тармағына сәйкес әрбір станция мен жол қосыны поездар қозғалысын басқару жағынан және әрбір поезд бір мезгілде бір ғана қызметкердің қарауында болуы тиіс: станция немесе жол қосыны

Станция кезекшісінің қарауында, ал диспетчерлік сигналберумен жабдықталған телімдерде- поезд диспетчерінің, поезд - жетекші локомотиві (моторвагон поезы) машинисінің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисінің қарауында.

Әрбір станция мен жол қосынында поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу жұмыстарын бір ғана қызметкер - станция кезекшісі, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде поезд диспетчері басқаруы мүмкін.

Станцияларда жолдың дамуына байланысты станция бойынша, орталықтандыру қосындары немесе парк бойынша бірнеше кезекші-ден болуы мүмкін, олардың әрқайсысы өзі қызмет ететін аудан шектерін-дегі поездардың қозғалысын жеке өзі басқарады немесе белгілі түрдегі әрекеттерді орындайды. Поездардың қозғалысымен байланысты әрбір стан-ция, қосын немесе парк кезекшісінің басқару аудандарының шекаралары мен осы қызметкерлердің міндеттері станцияның техникалық-жарлық актісінде (ТЖА) көрсетіледі.

3. Поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі барлық өкімдер қысқа және нақты түрде берілуі тиіс. Өкім берген қызметкер өкімді қысқаша түрде қайталатып, оның дұрыс түсінілгеніне көз жеткізіп, артынша оның дұрыс орындалғанына (бақылау аспаптарының керсетулеріне қарап, орындаушының радиобайланыс, парктік байланыс арқылы немесе көзбе-көз түрде берген баяндамасын тыңдау арқылы) көз жеткізуі тиіс.


Поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу жөніндегі, сондай-ақ маневр-лік жұмысты орындау кезіндегі барлық әрекеттер нақты түрде, ТПЕ-лерін, Темір жолдардағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты, осы Нұсқаулықты және станцияның техникалық-жарлық актісін дәл түрде орындаумен жүргізілуі тиіс.

4. Адамдардың өміріне, темір жол көлігінің материалдық-техникалық құралдары мен құрылыстарына қауіп төндіретін шектен тыс жағдайлар туындаған жағдайдағы поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыстың тәртібі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі министрлік) тиісті бөлімшелерге арнап бекіткен нормативтік актілерімен белгіленеді.

5. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау аспаптарын басқару, бағдаршамдарды ашу және жабу ісін станцияда - станция кезекшісі (бұдан әрі ДСП) немесе соның басқаруы бойынша станция кезекшісінің жанындағы оператор, станциялық орталықтандыру қосынының кезекшісі немесе операторы, стрелкалық қосын кезекшісі орындайды;

жол қосынында - қосын кезекшісінің міндеттерін орындайтын станция кезекшісі (бұдан әрі қосын ДСП) орындайды;

диспетчерлік орталықтандыру кезінде поезд диспетчері (бұдан әрі -ДНЦ) орындайды.

6. Егер поезд станциядан шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде немесе шығу бағдаршамы жоқ жолдардан аттанса, аралықты басып тұруы жөніндегі рұқсат-қағазды (егер ол радиобайланыс арқылы беріл-

мейтін болса) станция кезекшісі жетекші локомотивтің машинисіне көзбе коз түрде немесе жүргелі тұрған поездың локомотивтік бригадасының
қызметкері арқылы немесе поездар қозғалысымен қатысы бар станциялық
қілзметкерлердің бірі арқылы тапсырады, ол жөнінде станцияның
техникалық-жарлықактісінде көрсетіледі. '

Машинист тапсырылған рұқсат-қағаздың нөмірі поездың немесе аралықтың нөміріне сәйкес келетініне көз жеткізуге міндетті.

7. Егер сигналдың тыйым салуды көрсетуі кезінде поезды қабылдау немесе женелту жөніндегі бұйрықты станция кезекшісі радиобайланыс арқылы машиниске тапсырса, аталмыш бұйрықтың мәтіні осы Нұсқаулықтың 1.14 және 1.15- тармақтарында келтірілген белгіленген нысандарға сәйкес келуі тиіс.

Станция кезекшісі бұйрықтың мәтінін радиобайланыс арқылы поездың машинисіне тапсырмас бұрын барлық жағдайларда бұйрықтың нөмірі корсетілуі тиіс. Машинист бұйрықтың мәтінін толығымен қайталап. шығуы тиіс, ал станция кезекшісі - оның дұрыс түсінілгенін «Дұрыс, орындаңыз» деген сөздермен растап, бұйрықтың машиниске берілген уақытын (сағаты, минуты) көрсетуі тиіс.


8. Поездарды кіру, маршруттық немесе шығу бағдаршамдарының тыйым салу белгісі жанып тұрған кезде қабылдаған немесе жөнелткен жағдайда ноездар қозғалысы журналында көрсетілген поезд нөмірінің қарсы жағына (Ескертулер бағанында) келесі белгілер қойылуы тиіс: «РБ» (радиобайланыс арқылы), «ШС» (шақырту сигналы бойынша), «ЖР» (жазбаша рұқсат-қағазы бойынша). «РС» белгісінде сонымен қатар бұйрықтың нөмірі мен оның машиниске тапсырылған уақыты, сондай-ақ бағдаршамның литерасы (немесе кіру бағдаршамы жоқ жөнелту жолының нөмірі) көрсетілуі тиіс. Мысалы, «№1 РБ 12-00 42». Поездар қозғалысы журналында бұйрықтың мәтінін жазу қажет емес.

Машиниске тапсырылатын бұйрықтарды құжатталған түрде тіркеу жүйесімен жабдықталған станцияларда бағдаршамдардың тыйым салуды корсетуі кезіндегі поездарды қабылдау және жөнелту жөніндегі бұйрықтар магнитофондық таспада да тіркеледі.

Поездар қозғалысы журналында жоғарыда аталған белгіні міндетті түрде қою керек.

9. Станция кезекшісі кіру, шыгу (маршруттық) бағдаршамдардың тый-
ым салу шамдары жанып тұрған кездегі поездарды станцияға қабылдау не-
месе оларды жөнелткен барлық жағдайда шақырту сигналының батырмасын
қолданбас бұрын немесе машиниске тыйым салу сигналы жанып тұрған кез-
де өтіп кетуіне рұқсат бермес бұрын басқару аспаптарын бағдаршамның тый-
і,і м салу керсетуіне сәйкес келетін күйге келтіруге міндетті және станцияның
техі іикалық-жарлық актісімен бекітілген тәртіп бойынша қабылдау жолының
Пос болуына, маршруттағы стрелкалардың дұрыс орнатылғаны мен бекі-
тілгеніне кез жеткізіп, ал поезды жонелткен кезде сонымен қатар бірінші
Плок-телімнің (автоматтық блоктау кезінде) немесе аралықтың (жартылай
питоматты блоктау кезінде) бос екендігіне және блок-жүйенің қозғалыстың
тиісті бағытына ауыстырылып-қосылғанына коз жеткізуі тиіс. Шақырту


сигналының батырмасын, келіп жеткен немесе жөнелтілген поездың локомо-тивы бағдаршамнан өтіп кеткенше басып тұру қажет.

10.Поездарды бағдаршамның тыйым салу шамы жанып тұрған кез-де қабылдау немесе жөнелту кезіндегі аралықтың жабылғаны туралы ха-барландыру «аралықтың жабылуы» батырмасын басу арқылы жеткізі-летін стрелкалық қылталарда немесе қашықтағы телімдерде орналасқан аралықтары бар станцияларда станция кезекшісі поезды қабылдау неме-се жөнелтпес бұрын аталмыш батырманы басуы тиіс, ал поезд өтпеден өткеннен кейін оны қалыпты жағдайына қайтаруы тиіс. Поезды атал-мыш станцияларда бағдаршамның тыйым салу шамы жанып тұрған кез-де қабылдаған немесе жөнелткен барлық жағдайларда машинист өтпеге жақындаған кезде сағатына 20 километр жылдамдықпен асқан абайлықпен және бұдан арғы қозғалысына кедергі кездесе қалса шұғыл тоқтауға даяр болатындай қозғалуы тиіс. Мұндай станциялардың тізімі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «ҚТЖ»¥К» АҚ) басшылығынын бұйрығымен жариялануы тиіс.

11.Станция кезекшісі поезд келген (қайтып келген), жөнелтілгеннен немесе өтіп кеткеннен кейін бұл жөнінде дереу турде іргелес станциянын кезекшісіне немесе поезд диспетчеріне хабарлауы тиіс.

Поездың жөнелтілгені (жүріп өткені) туралы келесі нысан бойынша ха-барланады:

«№... поезд... сағ... мин жөнелтілді (жүріп өтті)».

Поездың құрамында қауіпті жүктерді темір жолдар арқылы тасымал-дау ережелерінде тізімделген 1-класты қауіпті жүктер (жарылғыш матери-алдар) тиелген вагондар болған жағдайда (бұдан әрі - 1(ЖМ)-класты қауіпті жүктер) хабарлама берген кезде поездың нөміріне «ЖМ» әріптері қосылады (мысалы, 2783ЖМ). Тиісті әріптер жолаушы, бір машинист жүргізетін «М», жүк ауыр салмақты «А» («Т»), ұзын құрамды «¥» («Д»), салмағы аса ауыр «АС» ^«ПВ»), аса ұзын «А¥» («ПД»), тіркелген «ТП» («СП») поездар-ды жөнелткен немесе солар өткен жағдайда поездің нөміріне қосып жазы-лады. Габаритсіз жүктер тиелген поездарды жөнелткен кезде «Н» әрпі мен «-» белгісінен кейін «Жолтабаны 1520 мм темір жолдар арқылы габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта» белгі-ленген жүктердің габаритсіздігінің аумақтары мен дәрежелерін сипаттай-тын сандық индекс қоса жазылады (мысалы, 2785Н-0430).

Поездың келіп жеткені (қайтып келгені) туралы келесі нысан бойынша хабарланады:

«№... поезд... сағ... мин келіп жетті (қайтып оралды)».

Егер поезд итермелеуші локомотивпен қозғалса, жөнелтілгені және келіп жеткені жөніндегі хабарламалар «итермелеушімен» деген сөзбен толықтырылады.

Автоблоктаумен жабдықталған қос жолды телімдерде дұрыс жол арқылы іргелес станцияға (артында жатқан) жүрген поездың келіп жету уақыты хабарланбауы да мүмкін. Бұл жағдайда поездар қозғалысының журналында поездың алдында жатқан іргелес станцияға келіп жету уақыты корсетілмейді.

Автоблоктаумен жабдықталған, қозғалыс қарқынды болып келетін қос жолды телімдерде поездардың келіп жетуі, жөнелтілуі және жүріп өткені жоніндегі хабарламалардың станциядан станцияға тапсырылуы кестеден ауытқып қозғалатын поездар жөніндегі хабарламаларды тапсыру ғана бел-гіленген, ал хабарламаларды поезд диспетчеріне телімде орналасқан кейбір сганциялардан тапсыру ісі ғана ескерілген. Бұл тәртіп адам тасымалдауға арнап (бұдан әрі - адам тасымалдайтын поездар) ыңғайландырылған жүк поездарына және нөміріне тиісті әріптер немесе сандық индекс қоса жазы-латын поездарға тарамайды.

Поезд диспетчеріне поездардың келіп жеткені, жөнелтілгені және жүріп өткені жөнінде хабарлама берудің осыған ұқсас тәртібі орындалған қозғалыстың кестелерін автоматты түрде жазуға арналған құрылғылармен жабдықталған қос жолды және дара жолды телімдерде белгіленуі мүмкін. Аталмыш телімдердің тізбесі мен поездардың келіп жеткені, жөнелтілгені немесе жүріп өткені жөнінде хабарлама беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Станция кезекшісі (станция кезекшісінің жанындағы оператор) әрбір поездың нақты жөнелтілген, келіп жеткен не-месе жүріп өткен уақытын поездар қозгалысының журналында белгілеуге міндетті, бұл реттетиісті әріптермен немесе индекстермен толықтырылған поездардың нөмірлері журналда осы әріптермен және индекстермен қоса жазылады.

12. Станция кезекшісі (жеке өзі немесе өзге қызметкерлердің баянда-малары бойынша) жолдардың, бағыттамалы бұрмалардың, СОБ, байланыс жоне түйіспелі торап құрылғыларының ақаулығын анықтаған жағдайда бул жөнінде жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СОБ, байланыс және гүйіспелі торап құрылғыларын тексеру журналында (бұдан әрі - тексе-ру журналында) жазба енгізуі тиіс және құрылғыларды күтімге алатын қызметкерді (жол шеберін, электрмеханигін және т.б.) және жол, сигнал беру және байланыс және т.б. тиісті дистанциясының кезекші инженерін дсреу түрде хабардар етуі тиіс.

Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін техникалық қүрылғылардың барлық ақаулықтары жөнінде станция кезекшісі, сонымен қа гар поезд диспетчерін хабардар етуі тиіс.

Тиісті қызметкердің ақаулықты жойғаны туралы тексеру журналында Гкмгі қойылады, ол белгі оның қолымен және станция кезекшісінің қолымен расталады.

Поездық радиобайланыс ақауланған жағдайда локомотивтің (м оторвагондық поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымал ы құрамның м.шіинисі бұл жөнінде поезд диспетчеріне немесе станция кезекшісіне ж.іқын тұрған айыру бекетінен немесе темір жол өтпесінен (жолаушы поезд

машинисінің көмекшісі, кондукторы, бастығы (бригадир-механигі) және т.б. арқылы) хабарлап, аралықты шектейтін станция кезекшілеріне берілетін по-езд диспетчерінің бұйрығы бойынша жақын тұрған станцияға дейін жүріп отыруға міндетті, ол станцияда локомотивы ағытылмаған түрде поездық радиобайланыс құрылғылары ауыстырылуы (жөнделуі) немесе локомотив ауыстырылуы тиіс немесе жолаушы поездың локомотивін бір ғана маши-нист жүргізген жағдайда көмекші локомотивке сұраныс жасалуы тиіс.

13. Аралықтардың немесе аралықтардың жеке жолдарының жабылуы
және ашылуы, сонымен қатар сигнал беру және байланыс құрылғыларының
бір түрінен екінші түріне ауысу ісі поезд диспетчерінің бұйрығымен
жүргізіледі.

Байланыстың телефондық құрылғыларына ауысу алдында аралықты шектейтін станциялардың кезекшілері басқару аспаптарын аралыққа шығатын жолды шектейтін шығу бағдаршамдарының тыйым салу көрсетулеріне сәйкес келетін қалпына келтіруі тиіс.

Сигнал беру мен байланыстың негізгі құралдарынан байланыстың телефондық құралдарына ауысу кезінде бір жолды аралықтарда, ал жолдардың бірінде қос бағыттағы қозғалысты ұйымдастырған жағдайда және қос жолды (көп жолды) аралықтарда станция кезекшілерінің бір-бірімен поездық телефонограммалармен алмасуы поезд диспетчерінің бақылауымен поездық диспетчерлік байланыс арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Поездық диспетчерлік байланыс ақауланған жағдайда станция кезек-шілері осы нұсқаулықтың 1.28,1.29-тармақтарына сәйкес әрекет етеді.

14. Кезекшілікке кіріспес бұрын станция кезекшісі төмендегілерді
орындауға міндетті:

а) алдағы уақыттағы жұмыстың жоспарымен, поездарды қабылдаумен,
жөнелтумен және маневрлермен, қабылдау-жөнелту жолдарында - жыл-
жымалы құрамның болуы мен орналасуымен, станцияға жанасып жатқан
аралықтардың (блок-телімдердің) қалпымен (бос болуымен немесе бос бол-
мауымен) қ_атысы бар нұсқаулар мен өкімдермен танысуға міндетті;

б) СОБ және байланыс құрылғыларын басқару құралдарының
жарамдылығына және тізбеге сәйкес оларда пломбылардың болуы-
на, сонымен қатар жеке өзі күтімге алатын бағыттамалы бұрмалардың
жарамдылығына көз жеткізуге міндетті;

в) құрал-саймандардың, сигналдық бұйымдардың және құрал-
жабдықтың жұмыс орнында болуын және жарамдылығын тексеруге мін-
детті;

г) диспетчерлік өкімдер журналындағы, поездар қозғалысының
журналындағы, ескерту кітабындагы, тексеру журналындағы, поездық теле-
фонограммалар журналындағы және станция кезекшісі жүргізетін поездар
қозғалысы мәселелері жөніндегі басқа кітаптар мен журналдардағы жазба-
лармен танысуға міндетті.

Кезекшілікке кірісу поездар қозғалысының журналындағы жазбалар-мен төмендегі нысан бойынша ресімделеді:

 

«» 20...Ж... сағ... мин

Кезекшілікті ДСП... қабылдадым (қолы)

«» 20...Ж... сағ... мин

Кезекшідікті ДСП...... өткіздім (қолы)

Кезекшілікті қабылдап алу және өткізу мәтінінің алдында санағыштардың көрсетулері (келіп жетуді бақылау құрылғыларының жа-санды түрде іске қосылуын санағыштардың, шақырту сигналдарының не-месе маршруттың жасанды түрде бөлінуінің болуы кезінде), сонымен қатар станция кезекшісінің қосынында қатаң (ерекше) есепте тұрған құралдың болуы көрсетіледі.

15. Кезекшілікке кірісе салысымен станция кезекшісі төмендегілерді
орындауға міндетті:

а) поездарды құрастырушылардың, орталықтандырудың стаңциялық
қосындары кезекшілерінің, орталықтандыру қосындары операторларының,
стрелкалық қосын кезекішлерінің, сигнал берушілер мен өзге
қызметкерлердің жұмысқа келуін тексеруге;

б) солар арқылы өздері күтімге алатын жұмыс орындарының жағдайын,
әсіресе жылжымалы құрамның дұрыс бекітілуін станцияның техникалық-
жарлық актісіне сәйкес тексеруге;

в) кемшіліктер болған жағдайда қалыпты жұмысты және қозғалыстың
қауіпсізідігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауға, ал қажет
болған жағдайда бұл жөнінде станция бастығына хабарлауға міндетті.

16. Жекелеген бөлу пунктілеріндегі Тасымалдаулар дирекциясы
қызметкерлерінің кезекші штаты қысқартылған жағдайда «ҚТЖ»¥К»АҚ
басшылығы қолда бар СОБ және байланыс құрылғыларының жүйесіне
қарай аталмыш бөлу пунктілерінде поездарды қабылдау, жөнелту және ма-
неврлерді жүргізумен байланысты әрекеттерді орындау тәртібі белгіленуі
тиіс.

ПОЕЗДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ МАНЕВРЛІК ЖҮМЫС

Тарау







Date: 2015-09-02; view: 1540; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.018 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию