Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Поездарды қабылдау және жөнелту





3.1. ТПЕ-нің 16.28-тармағына сәйкес жартылай автоматты блоктау ке-
зінде:

а) поездың аралықты басуына рұқсат ретінде шығу немесе өту
бағдаршамының рұқсат етуші көрсетуі табылады;

б) дара жолды телімдерде шығу бағдаршамын ашу ушін блок-аппарат
арқылы поезд жөнелтілетін іргелес станцияның кезекшісінен келісімнің
блоктау сигналын алдын ала алу қажет немесе блок-жуйені қозғалыстың ти-
істі бағытына ауыстырып қою керек.

Станция кезекшісі поезды қабылдамас бұрын қабылдау маршрутын алдын ала даярлап кіру бағдаршамын (семафорды) ашады немесе орындау қосынына оны ашу жөнінде өкім береді.

Келіп жеткен поезд кіру бағдаршамынан өткеннен кейін соңғысы авто-маты түрде жабылады. Жолдары мен стрелкалары электрлік оқшауланбаған станцияларда поезд кіру бағдаршамынан өткеннен кейін станция кезек-шісі (орталықтандыру қосынының операторы) сигналдық батырманы (қолтұтқаны) сигналды жабу қалпына қояды.

Поездың станцияға толық құрамда келіп жеткеніне көз жеткізген-нен кейін станция кезекшісі жөнелту станциясына келу жөніндегі блоктау сигналын береді, ал телефон арқылы оны поездың келіп жеткен уақыты жөнінде хабардар етеді. Егер де поезд итермелеуші локомотивпен жүрген болса, станция кезекшісі келгені жөніндегі жазбаша хабарландыру мен келу жөніндегі блоктау сигналын итермелеушінің келіп жеткеніне көзін жеткіз-геннен кейін жөнелту станциясына береді.

3.2. Станция кезекшісіне поездың аралықтан толық құрамда келгеніне
көз жеткізіп алмай жөнелту станцияға алдын ала поездың келгені жөніндегі
жазбаша хабарландыру мен келу жөніндегі блоктау сигналын беруге тыйым
салынады.

Станция кезекшісі поездың станцияға толық құрамда келіп жетуі-не поездың аяққы вагонындағы поезд сигналының болуы арқылы жеке өзі қарап немесе стрелкалық қосын кезекшісінің баяндамасы бойынша, ал стрелкалық қосын кезекшілері жоқ, стрелкалардың орталықтандырылуы бар станцияларда поездар қозғалысымен қатысы бар өзге станциялық қызметкерлердің немесе өтпе кезекшілерінің баяндамалары бойынша «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен және станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілген тәртіппен көз жеткізеді.

Поездың станцияға толық құрамда келіп жетуін автоматты түрде бақылау құрылғыларының болуы кезінде станция кезекшісі поезд келген-нен кейін осы құрылғылардың бақылау аспаптарының көрсетулері арқылы аралықтың бостығына көз жеткізеді.

Егер станцияға келетін жүк поезы өздігінен тоқтауы және тежегіш

магистралінің үзілуі туралы сигналы іске қосылу себептерінен аралықта алдын ала көзделмеген аялдауға ие болса локомотив машинисі ТПЕ-нің 16.18-тармағында ескеріл ген талаптард ы орындаумен қатар станция кезекші-сіне радиобайланыс арқылы аталмыш аялдау жөнінде хабарлап, ал мұндай хабарды аралықтан беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарды станция кезекшісіне жеке түрде беру үшін станцияда аялдауы тиіс. Бұл жағдайларда поездың толық құрамда жөнелуін бақылау ісі станция қызметкерлеріне де, локомотивтік бригадаға да жүктеледі.

3.3. Егер поезды қабылдағаннан кейін келудің бақылау құрылғылары іске қосылмаса станция кезекшісі поездың толық құрамда келгеніне кез жеткізіп, бұл туралы поезд диспетчеріне баяндайды. Поезд диспетчері аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерімен келіссөздер жүргізу арқылы оның бостығына көз жеткізіп, бір уақытта екі станцияға келу блок-сигналын беруге рұқсат береді, осы сигналдан кейін станция кезекшісі бұл әрекетті қосалқы батырманың көмегімен, ал электрмеханикалық блоктау кезінде - басқышты жасанды түрде іске қосу жолымен орындайды.


Рұқсат төмендегі нысанда беріледі:

«... станциясының кезекшісіне... станциясына №... поезына

келудің блоктау сигналын қосалқы батырманың (басқыштың) жасан-
ды түрде іске қосылу көмегімен беруте рұқсат етемін. ДНЦ
...».

Осы тәртіп станцияға поезды кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде қабылдау жағдайында да орындалуы тиіс. Станция кезекшісі келудің қосалқы батырмасынан немесе басқыштық пломбының алынуы жөнінде тексеру журналына жазба жасайды.

Егер де блоктау құрылғыларын басқару аппараттары келудің қосалқы батырмаларының басылуы мен басқыштың іске қосылуын орнықтырып есептегіштермен жабдықталған болса, аталмыш батырмалар пломбыланбайды. Бұл жағдайда станциялардың кезекшілеріне келудің блоктау сигналын жасанды түрде беру кезінде поездар қозғалысының журналында тиісті поездың нөмірінің қарсы жағынан есептегіштің көрсетуі жазылады.

Егер де жасанды түрде іске қосылу сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының (бұдан әрі - СОБ) ақауланғаннан туындаса, аталмыш ақаулылық жөнінде тексеру журналында жазба жасалады.

3.4. Поезды жөнелту алдында станция кезекшісі маршрутты даярлап шығу бағдаршамын (семафорды) ашады немесе орындау қосынына оны ашу жөнінде екім береді.

Шығу бағдаршамын ашумен бір уақытта іргелес станцияға поездың жөнелтілгені жөнінде автоматты түрде блоктау сигналы беріледі (орындау қосындары жоқ электрмеханикалық блоктау кезінде поездың жөнелтілгені жөніндегі блоктау сигналы іргелес станцияға жеке түрде, шығу бағдаршамы жабылғаннан кейін беріледі).

Поезд шығу бағдаршамынан өткеннен кейін сигналдық батырма (қолтұтқа) сигналды жабу қалпына қояды және станция кезекшісі телефон

арқылы іргелес станцияны поездың нақты жөнелтілген уақыты туралы ха-бардар етеді. Станция кезекшісі келудің блоктау сигналының болу-болма-уына байланыссыз іргелес станциядан телефон арқылы бұрын жөнелтілген поездың келіп жеткені жөнінде хабарландыру алғаннан кейін ғана шығу бағдаршамын ашып, поезды жөнелтуге құқылы болады.

Іргелес станциядан телфон арқылы бұрын жөнелтілген поездың келіп жеткені жөнінде хабарландыру алмаған жағдайда станция кезекшісіне дара жолды аралықтарда, сонымен қатар қарсы бағыттағы поезды қабылдауға келісудің блоктау сигналын беруге тыйым салынады.


3.5.Егере аралықтың бос болуы кезінде және маршрут дұрыс белгіленген кезде шығу бағдаршамы оқшауланған стрелкалық телімнің жалған түрде бос болмауы салдарынан ашылмаса, станция кезекшісіне осы телімнің іс жүзіндегі бостығын тексергеннен кейін поезд диспетчерінің келісуімен «Жөнелту маршруттарындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің бостығын бақылау құрылғыларын ажырату» (ол қолданыста бар станцияларда) батырмасын ал-дын ала басқаннан кейін шығу бағдаршамын ашуға болады.

3.6.Егер шығу бағдаршамы ашылғаннан кейін қайсыбір себептермен поезд жөнлтілмесе, станция кезекшісі шығу бағдаршмын жауып, ол жөнінде поездар қозғалысы журналына жазба жасап, іргелес бөлу пунктіне және по-езд диспетчеріне поездың кідіруі жөнінде хабарлауға міндетті.

Тоқтатылған немесе сол бағыттағы өзге поезды жөнелту ісі жабық тұрған шығу бағдаршамы кезінде І-тармағын толтырумен жасыл түсті блан-кідегі рұқсат-қағазы бойынша (ДУ-52 нысанындағы бланк 45-бетте келтіріл-ген) орындалады. Іргелес бөлу пункті поездың нақты жөнелтілген уақыты жөнінде телефон арқылы хабардар етіледі. Орындаушы қосындары жоқ электрмеханикалық блоктау кезінде тоқтатылған немесе сол бағыттағы өзге поезды іс-жүзінде жөнелткеннен кейін іргелес бөлу пунктіне блоктау сигналы беріледі. Келесі поездар блоктау бойынша әдеттегі тәртіппен жөнелтіледі.

І-тармағын толтырумен жасыл түсті бланкідегі рұқсат-қағаз (ДУ-52 нысанындағы бланк) осы Нұсқаулықтың жалпы ережелерінің 9-тармағының талаптарын орындаумен жетекші локомотивтың машинисіне сонымен қатар блоктаудың жарамды түрде жұмыс істеуі кезінде шығу бағдаршамының өздігінен жабылуы жағдайында (оқшауланған секцияның жалған түрдегі бос еместігі, бағдаршам шамының жанып кетуімен немесе шығу бағдаршамының қате түрде жабылуы салдарынан) блоктау жарамды түрде жұмыс істеп тұрған кезде беріледі.

Поездың радиобайланыс құрылғылары келіссөздерді автоматты түрде тір-кеу жүйесімен жабдықталған станцияларда, поезд локомотивінің машинисіне жасыл түсті жазбаша рұқсат-қағазды берудің орнына радиобайланыс арқылы келіссөздерді тіркегенше тіркелетін жөнелту жөніндегі бұйрық берілуі мүмкін:







Date: 2015-09-02; view: 1234; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию