Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
IP адрестерінің неше классы бар?
1. А Класс
А класы желі идентификаторы үшін бірінші октетті ғана пайдаланады және қалған үш октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бұл кластың бірінші октетінің үлкен биті үнемі 0-ге тең, ол бұл адрестің А класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді. Желілік бөліктің өлшемі – 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2- ні құрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, бұл адрестер көбінесе желісі түйіндердің тым көп санынан тұратын ұйымдарға беріледі. Шындығында, бұл адрестердің көпшілігі бұдан көп жылдар бұрын қандай да бір ұйымдарға, әдетте, әскери немесе университеттерге бөлініп қойылған. 2. В класы
В класы желі идентификаторы үш ін алғашқы екі октетті пайдаланады және қалған екі октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бірінші октетінің үлкен екі биті үнемі 10-ға тең, ол бұл адрестің В класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді. Желілік бөліктің өлшемі – 14 бит, яғни, В класына жататын 214 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2- ні құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған. 3. С класы
С класы желі идентификаторы үшін алғашқы үш октетті пайдаланады және қалған бір октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бірінші октетінің үлкен үш биті үнемі 110-ға тең, ол бұл адрестің С класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді. Желілік бөліктің өлшемі– 21 бит, яғни, С класына жататын 221 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған. 4. D класы
D класы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді. 5. Е класы
Е класы болашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальды класы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен биттер 1111-ге тең. 5 – кестеде кейбір адрестер кластары, адрестің үлкен биттерінің мәндері, берілген кластағы бірінші октеттің ондық мәндерінің диапазоны және осы класс қолдайтын желілер мен түйіндер саны келтірілген. Емтиханда бір көргеннен IP адрестің класын, ол класқа тән желілер мен түйіндер санын анықтай білудің мәні зор.
Date: 2015-09-02; view: 2489; Нарушение авторских прав |