Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Беріліс (жіберу) тәсілдері





Сымсыз жергілікті есептеу желілері деректерді жіберудің төрт тәсілін пайдаланады;

· инфрақызыл сәулелену;

· лазер;

· тар спектрдегі радиоберіліс (біржиілікті беріліс);

· шашыраңқы спектрдегі радиоберіліс.

Инфрақызыл сәулелену. Барлық инфрақызыл сымсыз желілер деректерді тасымалдау үшін инфрақызыл сәулелерді пайдаланады. Мұндай жүйелерде өте күшті сигналдарды генерациялау қажет, әйтпесе басқа деректер көздерідің әсері айтарлықтай болады. Инфрақызыл жарық жиіліктің кең диапазонын қамтитындықтан, бұл тәсіл сигналдарды өте жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді. Инфрақызыл желілер 10 Мбит/с жылдамдықта дұрыс жұмыс істей алады. Деректерді жіберуші мен қабылдаушы аралығында тікелей көру мүмкін жағдайда ғана жұмыс істейтін желілер бар. Шашыраған инфрақызыл сәулеленуге негізделген желілер қабырға мен төбеден шағылысып барып, соңында қабылдаушыға жететін сигналдарды пайдаланады. Мұндай желілерде тиімді аймақ 30 метрмен шектеледі және беріліс жылдамдығы төмен.

Лазер. Лазерлік технология деректерді жіберуші мен қабылдаушы аралығында тікелей көруді талап етуімен инфрақызылға ұқсас. Егер қандай да бір себептермен сәуле үзіліп қалса, онда беріліс те тоқтатылады.

Тар спектрдегі радиоберіліс. Бұл тәсіл кәдімгі радиостанцияның хабар таратуына ұқсас. Қолданушылар нақты жіберушілері мен қабылдауыштарын нақты жиілікке икемдейді, бұл жағдайда тікелей көрудің қажеті жоқ. Байланыс жылдамдығы салыстырмалы түрде төмен

(4,8 Мбит/с жуық).

Шашыраңқы спектрдегі радиоберіліс. Бұл тәсіл бойынша сигналдар жиіліктің қандай да бір жолағымен беріледі. Біржиілікті берілістегі байланыс барысында туатын проблемалар болмайды. Бұл – технологияның нағыз сымсыз желіні құруға мүмкіндік беретін жағдайы. Беріліс жылдамдығы 250 Кбит/с, бірақ деректерді ашық кеңістікте 2 Мбит/с жылдамдықпен 3,2 км қашықтыққа дейін, ал ғимарат ішінде 120 м-ге дейін тасымалдайтын желілер бар.

Жедел желілер. Сымсыз жедел желілерде беріліс ортасы ретінде телефон жүйелері және қоғамдық қызметтер пайдаланылады. Пакетті радиоқосылыс, ұялы желілер және жерсеріктік станциялар қолданылады. Байланыстың бұл түрі ыңғайлы болғанымен, өте баяу. Беріліс жылдамдығы 8 Кбит/с пен 28 Кбит/с аралығында.







Date: 2015-09-02; view: 1397; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию