Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Статикалық бағыттауыш





Статикалық бағыттауыш – IP-дің ішкі функциясы, жұмыс істеу үшін қосымша қызметтерді талап етпейді. Статикалық бағыттауыш кестесі әрбір бағыттауышта қолдан құрылады және қолдап отырылады. Статикалық бағыттауыш кестесі желілер мен көмейлер интерфейстері немесе бағыттауыштар арасындағы байланыстарды анықтайды. Статикалық бағыттауыш кестесі келесі бағандардан тұрады:

- Желі адресі. Оның жергілікті адресі (0.0.0.0) мен кең тарататын адресін (255.255.255.255) қосқанда, әрбір белгілі желінің адресі.

- Желі маскасы. Әрбір желі үшін қолданылатын бағыныңқы желінің маскасы.

- Көмей адресі. Әрбір желі үшін енуші нүктенің IP –адресі (бағыттауыш интерфейсі).

- Интерфейс. Желілік интерфейске тағайындалған IP.

- Метрика. Желіге жету үшін қайталап орындалған трансляциялар саны. әрекеттесе алады.

Route бұйрығы с татикалық бағыттауыш кестесін құруға және модификациялауға арналған ТСР/IP-дің утилитасы. Бұл бұйрықтың синтаксисі (жазылуы):

Route [-f] [-p] [бұйрық] [адресат] [маска] [көмей] [метрика]]

Параметрлерінің мәні төмендегідей:

Ø -f – көмейлерге арналған барлық жазбаларды жою. Егер бұл параметр басқалармен қабаттас қолданылса, онда алдымен көмейлерге арналған жазбаларды жою орындалады;

Ø -p – тұрақты жазбаларды қосу (add бұйрығының көмегімен). Жүйе қайта жүктелген кезде, қосылған жазбалар сақталмайды. Барлық тұрақты жолдар print бұйрығының көмегімен экранға шығарылады.

Ø бұйрық – келесі төрт бұйрықтың біреуі болуы мүмкін: print (жолдар тізімдерін шығару), add (жолды қосу), delete (жолды жою), change (бар жолды өзгерту);

Ø адресат – көрсетілген бұйрық жіберілетін компьютер;

Ø маска – көрсетілген жолдың бағыныңқы желісінің маскасын анықтайды. Бастапқы мәні 255.255.255.255;

Ø көмей – көрсетілген жол үшін көмейді анықтайды;

Ø метрика – бағыттауыш кестесіндегі метрика өрісіне берілген мәнді орнату. 1 ден 9999-ға дейінгі кез-келген мән берілуі мүмкін.

Tracert бұйрығы – бағыттауышты тексеретін және пакеттердің жүру уақытын өлшейтін, командалық жолдан қолданылатын ТСР/IP-дің утилитасы. Бұл бұйрықтың синтаксисі (жазылуы):

 

tracert [-d] [-h ретрансляция_саны][-j жүйелер тізімі][-w тайм-аут] жүйе_аты

Параметрлерінің мәні төмендегідей:

Ø -d – IP-адрестерді жүйе атына көшірмейді;

Ø –h –ретрансляция_саны – жүйені іздеу кезіндегі қайталап орындалған трансляциялардың максималды мүмкін саны;

Ø –j – жүйелер_тізімі – көрсетілген жүйелер тізімінің ішінен жолды еркін таңдау;

Ø -w - тайм_аут – әрбір жауапты көрсетілген миллисекунд күту;

Ø жүйе_аты – оған баратын жолды іздеп отырған жүйе аты.

Tracert – жолды тексеруге арналған өте ыңғайлы утилита. Оны жолдардың әрекеттесу жылдамдығын анықтауға да қолдануға болады.


 

26. Динамикалық маршрутизация. RIP 2 хаттамасының ерекшеліктері. Қолдануына мысал.

Date: 2015-09-02; view: 2001; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию